Ойыл ауданы бойынша 2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерін бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 қаңтар 2026 ж.

    Ойыл ауданы бойынша 2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 142 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Ойыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ойыл ауданы бойынша 2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері бекітілсін.

    2. «Ойыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген бюджет шеңберінде қызметтерді уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ойыл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ойыл ауданының әкімі

    А. Казыбаев

    Ойыл ауданы әкімдігінің

    2026 жылғы «5» қаңтардағы

    № 1 қаулысына қосымша

    2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері

    Ар­на­у­лы әле­умет­тік қыз­мет көр­се­те­тін ұй­ым­ның ата­уы
    Қыз­мет түр­ле­рі
    Кү­ніне 1 қыз­мет алушы­ның та­ри­фі (тең­ге)
    1
    2
    3
    5
    1.
    «Ой­ыл аудан­дық жұ­мыспен қам­ту және әле­умет­тік бағ­дар­ла­ма­лар бө­лі­мі» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі «Ақ­тө­бе об­лы­сы­ның Ой­ыл аудан­дық үй­де әле­умет­тік кө­мек көр­се­ту қыз­ме­ті» ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
    Үй­де қыз­мет көр­се­ту­ді ұй­ым­да­сты­ру
    9476,77

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.