«Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы» Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы 8 сәуірдегі №103 қаулысына өзгеріс енгізу туралы»»

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 желтоқсан 2025 ж.

    «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы» Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы 8 сәуірдегі №103 қаулысына өзгеріс енгізу туралы»»

    «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1.«Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын бекіту туралы» Жетісу облысының әкімдігінің 2025 жылғы 08 сәуірдегі № 103 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №209159 тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесінен 29-тармақ алынып тасталсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Облыс әкімі

    Б. Исабаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.