Павлодар облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Павлодар облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы
И. Теренченко
Павлодар облыстық мәслихатының
2025 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 243/27 шешіміне
қосымша
Павлодар облыстық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Павлодар облысы мәслихатының 2016 жылғы 6 желтоқсандағы «Павлодар облысының ортақ су пайдалану қағидалары туралы» № 70/9 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5323 болып тіркелген);
2. Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 21 қарашадағы «Павлодар облысы мәслихатының 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 70/9 «Павлодар облысының ортақ су пайдалану қағидалары туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» № 281/25 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6137 болып тіркелген);
3. Павлодар облыстық мәслихатының 2025 жылғы 19 наурыздағы «Павлодар облыстық мәслихатының 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 70/9 «Павлодар облысының ортақ су пайдалану қағидалары туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» № 189/20 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7646-14 болып тіркелген).
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.