«Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 826 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 826 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 3) тармақшасын және Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 241-4-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ережеде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. ЖҒТК-ны Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (бұдан әрі – төраға) басқарады, оның ғылым және инновациялық қызмет саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысы тұлғасындағы орынбасары болады.»;
3-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Ғылым және инновациялық қызмет саласындағы уәкілетті орган ЖҒТК-ның жұмыс органы болып табылады.»;
5-тармақтың 15) және 16) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«15) мемлекеттік органдардың нысаналы технологиялық бағдарламаларды бекіту және салаларда технологиялық платформаларды ұйымдастыру бойынша бастамаларын қарау;
16) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттер болып табылады.»;
7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) төрағаның орынбасары;»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамында:
3, 5, 17 және 40-тармақтар алып тасталсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –Мәдениет және ақпарат министрі.»;
мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:
«26-1. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы (келісу бойынша).»;
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«39. Сахиев Саябек Қуанышбекұлы – Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің «Ядролық физика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры, физика-математика ғылымдарының докторы (келісу бойынша).».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
О. Бектенов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.