Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 26 желтоқсан 2025 ж.
«Сарысу ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы №19-3 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Сарысу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Сарысу ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы №19-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5185-08 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Сарысу аудандық мәслихат төрағасы
Ш. Мусабеков
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.