Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 9 «Солтүстік Қазақстан облысыАйыртау ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы » шешімінің күші жойылғанын тану туралы
« Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 27 бабына, 49 бабының 1-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 9 «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» шешімінің күші жойылғаны танылсын. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 26 ақпанда № 3639 болып тіркелген, 2016 жылдың 10 наурызында №10 «Айыртау таңы» және 2016 жылдың 10 наурызында № 10 «Айыртауские зори» газеттерінде жарияланған).
2. Осы шешімінің орындалуын бақылау Айыртау ауданы әкімі аппаратының басшысы Ә.Ә.Ғаббасовқа жүктелсін.
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
А.Тастеміров
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.