Астана қаласының аумағында тұрғылықты жері және уақытша болу (тұру) орны бойынша тіркеу нормативін бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 желтоқсан 2025 ж.

    Астана қаласының аумағында тұрғылықты жері және уақытша болу (тұру) орны бойынша тіркеу нормативін бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабының 3) тармақшасына, « Тұрғын үй қатынастары туралы » Қазақстан Республикасы Заңының 10-3,75-баптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 маусымдағы № ҚР ДСМ-52 бұйрығымен бекітілген «Әкімшілік және тұрғын ғимараттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидалардың 6-тармағына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Астана қаласының аумағында тұрақты және уақытша тұру (болу) орны бойынша тіркеу нормативі бір адамға кемінде 15 (оң бес) шаршы метр мөлшерінде пайдалы тұрғын алаңы тиесілі болып белгіленсін.

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Астана қаласы мәслихатының төрағасы

    Т. Зейнұлқабден

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.