Қаражал қалалық мәслихатының «Қаражал қаласының, Шалғы және Жәйрем кенттерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) бекіту және жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» 2018 жылғы 17 тамыздағы № 228 және «Қаражал қалалық мәслихатының 2018 жылғы 17 тамыздағы № 228 «Салық салу мақсаттары үшін Қаражал қаласының, Шалғы және Жәйрем кенттерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №183 шешімдерінің күштері жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27- бабына сәйкес, Қаражал қалалық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) Қаражал қалалық мәслихатының «Қаражал қаласының, Шалғы және Жәйрем кенттерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) бекіту және жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» 2018 жылғы 17 тамыздағы №228 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4956 болып тіркелген) шешімі;
2) Қаражал қалалық мәслихатының «Қаражал қалалық мәслихатының 2018 жылғы 17 тамыздағы № 228 «Салық салу мақсаттары үшін Қаражал қаласының, Шалғы және Жәйрем кенттерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №183 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29890 болып тіркелген) шешімі.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Қалалық мәслихаттың төрағасы
З. Оспанова
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.