Шалқар ауданының Кішіқұм селолық округі әкімінің 2008 жылғы 20 қарашадағы № 5 «Елді мекендерге көше атауын беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Жаңа
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 сәуір 2017 ж.

    Шалқар ауданының Кішіқұм селолық округі әкімінің 2008 жылғы 20 қарашадағы № 5 «Елді мекендерге көше атауын беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі « Құқықтық актілер туралы » Заңының 50 бабына сәйкес, Шалқар ауданы Кішіқұм ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Шалқар ауданының Кішіқұм селолық округі әкімінің 2008 жылғы 20 қарашадағы № 5 қазақ тіліндегі «Елді мекендерге көше атауын беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-13-90 тіркелген, 2009 жылғы 5 қаңтарда аудандық «Шалқар» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

    қөрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің деректемелерінде «селолық» сөзі тиісінше «ауылдық» сөзімен ауыстырылсын.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Кішіқұм ауылдық округінің әкімі

    Қ. Қазбеков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.