Нұсқаның өзектілігі
Құжаттың күші жойылған
Глубокое ауданының Глубокое, Белоусовка кенттерінің аумағында жолаушылар мен багажды кенттік қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифтер белгілеу туралы
«Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19-бабына сәйкес, Глубокое ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Глубокое ауданының Глубокое, Белоусовка кенттерінің аумағында жолаушылар мен багажды кенттік қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға барлық маршруттар үшін жолаушының бір сапарына бірыңғай тариф 70 (жетпіс) теңге мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Глубокое ауданы әкімінің міндетін атқарушы
А. Брагинец
Глубокое аудандық
мәслихатының хатшысы
А. Баймульдинов
«29» 03 2017 года
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.