Шыңғырлау ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 6 қаңтар 2026 ж.

    Шыңғырлау ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Азаматтық қорғау туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министірінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырындағы «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» № 240 қаулысына және аудандық төтенше жағдайларды алдын алу және жою жөніндегі аудандық комисияның 2026 жылдың 6 қаңтардағы № 1-01-5-2/1 хаттамасына сәйкес, аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Шыңғырлау ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

    2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою жөніндегі басшы болып Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары М.Ж. Нұртазиев тағайындалсын және оған табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

    3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    М. Өмірәлиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.