Арал қаласындағы жаңа көшеге атау беру туралы

    ЖаңаЖергілікті билік органдарының бірлескен актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 12 ақпан 2026 ж.

    Арал қаласындағы жаңа көшеге атау беру туралы

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-1-тармағына, аумақ халқының пікірін ескер отырып, 2025 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясымен келісілген Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 26 тамыздағы қорытындысы негізінде Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Арал қаласындағы Рсалы Тұрымбетов көшесімен қатарлас жатқан жаңа көшеге Садық Жұмағұловтың есімі берілсін.

    2. Осы бекітілген қаулы және шешім алғашқы ресми жаряланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Арал ауданы әкімінің міндетін атқарушы

    Ш.Есжанов

    Арал аудандық мәслихатының төрағасы

    Б. Турахметов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.