Мәртөк ауданы бойынша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтерін бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 25 желтоқсан 2025 ж.

    Мәртөк ауданы бойынша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтерін бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 141, 142-баптарына және «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Мәртөк ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Мәртөк ауданы бойынша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері бекітілсін.

    2. «Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

    2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мәртөк ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Мәртөк ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарында қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    М. Ысқақов

    Мәртөк ауданы әкімдігінің

    2025 жылғы «___» ________

    №_____ қаулысына қосымша

    Мәртөк ауданы бойынша 2026 жылға арналған 1 қызметті алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге жан басына шаққандағы тарифі

    Ар­на­у­лы әле­умет­тік қыз­мет­тер көр­се­те­тін ұй­ым­ның ата­уы
    Тү­рі
    Ай­ы­на 1 қыз­мет алушы­ға ар­нал­ған та­риф (тең­ге­мен)
    Кү­ніне 1 қыз­мет алушы­ға ар­нал­ған та­риф (тең­ге­мен)
    1
    «Мәр­төк аудан­дық жұ­мыспен қам­ту және әле­умет­тік бағ­дар­ла­ма­лар бө­лі­мі» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі­нің «Ақ­тө­бе об­лы­сы­ның Мәр­төк аудан­дық әле­умет­тік қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы» ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
    Үй­де қыз­мет көр­се­ту­ді үй­ым­да­сты­ру
    55 533,36
    2708,94

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.