«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 31 желтоқсан 2025 ж.

    «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

    көрсетілген қаулыға 8-қосымшада:

    реттік нөмірі 1-жолдағы 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «

    7)
    рес­пуб­ли­ка чем­пи­о­нат­та­рын­да (жастар мен жа­сө­спі­рім­дер ара­сын­да) бі­рін­ші орын­ға
    ЛА-дан 1 %
    Рес­пуб­ли­ка­лық олим­пи­а­да­лық да­яр­лау ор­та­лық­та­ры­нан, спорт кол­ле­дж­де­рі­нен және жо­ға­ры спорт ше­бер­лі­гі мек­теп­те­рі­нен бас­қа
    »;
    реттік нөмірі 2-жолдағы 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
    «
    7)
    рес­пуб­ли­ка чем­пи­о­нат­та­рын­да (жастар мен жа­сө­спі­рім­дер ара­сын­да) бі­рін­ші орын­ға
    ЛА-дан 10 %
    Рес­пуб­ли­ка­лық олим­пи­а­да­лық да­яр­лау ор­та­лық­та­ры­нан, спорт кол­ле­дж­де­рі­нен және жо­ға­ры спорт ше­бер­лі­гі мек­теп­те­рі­нен бас­қа
    »;
    мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 7-жолмен толықтырылсын:
    «
    7.
    Бі­лік­ті­лік те­сті­нен өт­кен және спорт­тық да­яр­лық­тың ұлт­тық стан­дарт­та­ры бой­ын­ша оқу – жат­тығу про­це­сін іс­ке асы­ра­тын ба­ла­лар-жа­сө­спiрiм­дер спорт мек­теп­терiнiң, олим­пи­а­да­лық ре­зерв­тiң ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ба­ла­лар-жа­сө­спiрiм­дер спорт мек­теп­терiнiң, ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ба­ла­лар- жа­сө­спiрiм­дер спорт мек­теп­терiнiң жат­тық­ты­ру­шы-оқы­ту­шы­ла­ры­на
    Жат­тық­ты­ру­шы-оқы­ту­шы­лық ше­бер­лік са­на­ты үшін қо­сым­ша ақы
    ЛА-дан 30 %
    Көр­се­ті­л­ген қо­сым­ша ақы­ны бел­гі­леу тәр­ті­бі мен шар­тта­рын дене шы­нық­ты­ру және спорт са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган ай­қын­дай­ды. Атал­ған қо­сым­ша ақы ла­у­а­зым­дық ай­лы­қа­қы­ға нақ­ты жүк­те­ме­ні ес­ке­ре оты­рып бел­гі­ле­не­ді, бі­рақ нор­ма­тив­тік оқу жүк­те­ме­сі­нен ас­пай­ды.
    ».
    2. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.