Хромтау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 10 шілдедегі № 116 «Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша регламенттеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 7 бабының 5 тармағына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Хромтау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 10 шілдедегі № 116 «Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша регламенттеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3622 болып тіркелген, 2013 жылдың 8 тамызында аудандық «Хромтау» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім қабылдаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы
Н. Қарағұлов
Аудандық мәслихаттың хатшысы
Д. Молдашев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.