«Құқық қорғау органдары және (немесе) уәкілетті орган ұсынатын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға ықтимал қатысы болуы туралы ақпарат алған кезде, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ұстап алуды (тоқтата тұруды) жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 193 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 желтоқсан 2025 ж.

    «Құқық қорғау органдары және (немесе) уәкілетті орган ұсынатын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға ықтимал қатысы болуы туралы ақпарат алған кезде, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ұстап алуды (тоқтата тұруды) жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 193 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Құқық қорғау органдары және (немесе) уәкілетті орган ұсынатын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға ықтимал қатысы болуы туралы ақпарат алған кезде, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ұстап алуды (тоқтата тұруды) жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 193 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16481 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Құқық қорғау органдары және (немесе) уәкілетті орган ұсынатын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықтимал қатысы болуы туралы ақпарат алған кезде, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ұстап алуды (тоқтата тұруды) жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»;

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Құқық қорғау органдары және (немесе) уәкілетті орган ұсынатын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықтимал қатысы болуы туралы ақпарат алған кезде, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ұстап алуды (тоқтата тұруды) жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құқық қорғау органдары және (немесе) уәкілетті орган ұсынатын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға ықтимал қатысы болуы туралы ақпарат алған кезде, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ұстап алуды (тоқтата тұруды) жүзеге асыру қағидаларында:

    тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Құқық қорғау органдары және (немесе) уәкілетті орган ұсынатын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықтимал қатысы болуы туралы ақпарат алған кезде, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ұстап алуды (тоқтата тұруды) жүзеге асыру қағидалары»;

    1 және 2 тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Осы Құқық қорғау органдары және (немесе) уәкілетті орган ұсынатын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықтимал қатысы болуы туралы ақпарат алған кезде, Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік шекарасы арқылы өткізілетін қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ұстап алуды (тоқтата тұруды) жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 13-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және Құқық қорғау органдары және (немесе) уәкілетті орган ұсынатын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықтимал қатысы болуы туралы ақпарат алған кезде, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ұстап алуды (тоқтата тұруды) жүзеге асыру қағидаларын айқындайды.

    2. Мемлекеттік кірістер органдары құқық қорғау органдарымен және қаржы мониторингі бойынша уәкілетті органмен өзара іс-қимылда құқық қорғау органдары және (немесе) қаржы мониторингі бойынша уәкілетті орган беретін ақпараттың негізінде ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражаты мен (немесе) ақша құралдарын өткізуді ұстау арқылы ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражаты мен (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша шараларды қабылдайды.»;

    4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «4. Қолма-қол ақша қаражатын тоқтата тұру кезінде Қазақстан Республикасының «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен ратификацияланған, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде мемлекеттік кірістер органдары қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмдi қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы шартты басшылыққа алу қажет.»;

    Осы Бұйрыққа 1 және 2-қосымша ларға сәйкес аталған Қағидалардың 1 және 2-қосымша ларын жаңа редакцияда баяндау.

    2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күннен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

    М. Такиев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Қаржылық мониторинг агенттігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық қауіпсіздік комитеті

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ішкі істер министрлігі

    Қазақстан Реcпубликасының

    Қаржы министрі

    2025 жылғы 30 желтоқсандағы

    № 823

    бұйрығына 1 қосымша

    Құқық қорғау органдары және (немесе) уәкілетті орган ұсынатын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықтимал қатысы болуы туралы ақпарат алған кезде, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ұстап алуды (тоқтата тұруды) жүзеге асыру қағидаларына

    1-қосымша

    нысан

    _____________бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті __________кеден бекеті Алынған қолма-қол ақша қаражаты мен (немесе) ақша құралдарын есепке алу журналы

    Ре­ги­стра­ци­он­ный но­мер ак­та
    Тір­кеу кү­ні
    Заң­ды неме­се же­ке тұл­ға­ның де­ректе­рі
    Қол­ма-қол ақ­ша қа­ра­жа­ты мен (неме­се) ақ­ша құ­рал­да­ры­ның ата­уы
    Со­ма­сы/мөл­ше­рі
    Плом­ба­лар­дың орын са­ны /нө­мі­рі
    Жа­у­ап­ты қыз­мет­кер­дің Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (егер ол же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­та көр­се­тіл­се) және қо­лы
    цифр­мен
    жа­з­ба­ша түр­де
    Сақ­та­у­ға ал­ған
    Сақ­та­удан бер­ген
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    1
    2
    3
    4

    Қазақстан Реcпубликасының

    Қаржы министрі

    2025 жылғы 30 желтоқсандағы

    № 823

    бұйрығына 2 қосымша

    Құқық қорғау органдары және (немесе) уәкілетті орган ұсынатын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықтимал қатысы болуы туралы ақпарат алған кезде, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ұстап алуды (тоқтата тұруды) жүзеге асыру қағидаларына

    2-қосымша

    нысан

    Ұстап алынған (тоқтатыла тұрған) қолма-қол ақша қаражаты мен (немесе) ақша құралдарын беру АКТІ

    20__ жылғы «___» ________________ №

    ___________________________________________________________ (акті жасалған жер (ел, елді-мекен)

    _________________________________________________________________ (мемлекеттік кірістер органының атауы)

    Ұстап алынған (тоқтатылған) қолма-қол ақша қаражаты мен (немесе) ақша құралдары

    Қол­ма-қол ақ­ша қа­ра­жа­ты мен (неме­се) ақ­ша құ­рал­да­ры­ның ата­уы
    Со­ма­сы/мөл­ше­рі
    Қол­ма-қол ақ­ша қа­ра­жат­та­ры және (неме­се) ақ­ша құ­рал­да­ры, оның ішін­де бонк­нот но­ми­на­лы, чек­тер ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    Әріп­тік-сан­дық нө­мі­рі
    цифр­мен
    Жа­з­ба­ша түр­де
    Сәйкестендіру құралы ___________________________________________________________
    (орын саны, пломбалар саны мен нөмірлері)
    берді лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) лауазымы)____________ / ___________ (күні) (қолы) лауазымды
    тұлғасы жеке нөмерінің таңбасы
    _______________________________________________ қабылдап алды
    (мемлекеттік органның/заңды тұлғаның атауы, мемлекеттік органның/заңды тұлғаның
    лауазымды тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), лауазымы)
    ______________________ / _______________________
    (күні) (қолы)
    Актінің данасын алды: __________ ________ / __________________________
    (күні) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе))

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.