Көксу ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 желтоқсан 2025 ж.

    Көксу ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27- бабына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Көксу ауданы мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

    1) «Көксу ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы» 2022 жылғы 22 қарашадағы № 35-1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30745 болып тіркелген);

    2) «Көксу ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» 2024 жылғы 27 наурыздағы № 20-82 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 185-19 болып тіркелген).

    2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

    Көксу ауданы мәслихатының төрағасы

    Ж. Бейсенбай

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.