«Панфилов ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Жетісу облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 8-19-83 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 5-тармағына сәйкес, Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Панфилов ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Жетісу облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 8-19-83 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 179-19 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Панфилов аудандық мәслихатының төрағасы
Е. Шокпаров
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.