Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында 2026 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 желтоқсан 2025 ж.

    Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында 2026 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының 7-1) тармақшасына, 62-бабының 6-тармағына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында 2026 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.

    2. «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

    1) осы қаулыны бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне жіберуді;

    2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е. Б. Байкенге жүктелсін.

    4. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Әкім

    Ж. Қасымбек

    Астана қаласы әкімдігінің

    2025 жылғы 26 желтоқсан

    № 107-5049 қаулысына

    қосымша

    Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында 2026 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

    Р/с№
    Мек­теп­ке дей­ін­гі тәр­бие және оқы­ту ұй­ым­да­рын­да­ғы тәр­би­е­ле­ну­ші­лер­дің са­ны
    Мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­дар­да бір тәр­би­е­ле­ну­ші­ге ай­ы­на жұм­са­ла­тын шы­ғы­стар­дың ор­та­ша құ­ны (тең­ге)
    Бір тәр­би­е­ле­ну­ші­ге бір ай­ға ата-ана тө­ле­ма­қы­сы­ның мөл­ше­рі (тең­ге) (5, 6, 7 - ба­ған­дар­да көр­се­ті­л­ген тәр­би­е­ле­ну­ші­лер­ді қо­с­па­ған­да)
    Мем­ле­кет­тік мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым
    Же­ке мен­шік мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым
    Ша­ғын ор­та­лық
    Са­на­то ри­я­лық мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­дар
    1. Жал­пы бі­лім бе­ре­тін мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­да­ғы тү­зе­ту және ин­клю­зив­ті топ­тар.
    2. Тү­зе­ту (ар­найы) мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­дар
    Мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­да­ғы жал­пы бі­лім бе­ре­тін топ­тар және то­лық күн бо­ла­тын ша­ғын ор­та­лық­тар
    Жар­ты күн бо­ла­тын ша­ғын ор­та­лық
    Са­на­то ри­я­лық мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­дар
    1. Жал­пы бі­лім бе­ре­тін мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­да­ғы ар­найы және ин­клю­зив­ті топ­тар.
    2. Ар­найы мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­дар
    Мем­ле­кет­тік, же­ке­мен­шік мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым және то­лық күн бо­ла­тын ша­ғын ор­та­лық
    то­лық күн бо­ла­тын
    жар­ты күн бо­ла­тын
    3 жас­қа дей­ін
    3 пен 6 жас ара­лы­ғын­да
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    1.
    25 757
    49 786
    1 019
    4 593
    340
    2 369
    58 343
    25 916
    86 250
    103 249
    19 700
    20 800

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.