«Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидаларын, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 236 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 желтоқсан 2025 ж.

    «Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидаларын, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 236 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидаларын, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 236 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32887 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидаларында:

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Осы Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 14-5) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту тәртібін айқындайды.»;

    3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «3. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам (не ол уәкілеттік берген адам) (бұдан әрі – қызмет алушы) «Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» көрсетілетін мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) алу үшін www.egov.kz, www. elicense.kz, www.migration.enbek.kz, «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама беру туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) жібередi, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызмет қөрсетуге қойылатын талаптардың тізбесінде (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет қөрсетуге қойылатын талаптардың тізбесі) қөрсетілген құжаттар қоса беріле отыр.»;

    7, 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «7. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қөрсетуге қойылатын талаптардың тізбесі бойынша ұсынылған құжаттар сәйкес келген кезде, құжаттар толық ұсынылған жағдайда жергілікті атқарушы органның қызметкері құжаттарды тіркеген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды Комиссияның қарауына жібереді.

    8. Комиссия шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың өтініштері мен құжаттарын қарау кезінде олардың «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 14-5) тармақшасына сәйкес бекітілетін экономиканың басым салаларында талап етілетін кәсіптерге біліктілігі мен білімін сәйкестігін тексереді.

    Анықтама беру туралы өтініш беретін шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның білім деңгейі (кәсіби даярлығы) мен практикалық жұмыс тәжірибесі (өтілі) «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5-тармағына сәйкес кәсіптік стандарттарға, Қазақстан Республиикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйым басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес біліктілік талаптарына жауап беруге тиіс.

    9. Комиссия шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам ұсынған құжаттарды талдаудың, сондай-ақ осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген біліктілік сипаттамалары өлшемшарттарының негізінде бағалау жүргізеді және шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға анықтама беру не осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесімен одан бас тарту туралы ұсынынымдар береді. Комиссияның шешімі 3 (үш) жұмыс күні ішінде әрбір шетелдік пен азаматтығы жоқ адамға қатысты бөлек қабылданады, хаттамамен ресімделеді және оған отырысқа қатысушы комиссия мүшелері қол қояды.»;

    13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «13. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі «электрондық үкіметтің» веб-порталында өтініш берушінің «жеке кабинетіне» жергілікті атқарушы органның уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат ретінде жіберіледі.»;

    16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «16. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам анықтама мерзімін ұзарту үшін мемлекеттік қызмет қөрсетуге қойылатын талаптардың тізбесі көзделген құжаттарды ұсынған сәйкестік кезінде жергілікті атқарушы орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде анықтаманы еңбек шартының қолданылу мерзіміне, бірақ 3 (үш) жылдан аспайтын мерзімге ұзартады.»;

    18, 19, 20, 21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «18. Анықтаманың қолданылу мерзімі ішінде жұмыс беруші өзгерген кезінде шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам жаңа еңбек шартын жасасқан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға жазбаша хабарлама жібереді.

    19. Жұмыс беруші ауысқан кезде шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамға анықтаманы қайта рәсімдеу осы Қағидалардың 22-тармағында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

    20. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген негіздер бойынша еңбек шарты тоқтатылған кезде шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам 5 (бес) жұмыс күні ішінде ол туралы жергілікті атқарушы органға жазбаша хабарлама ерікті түрде жібереді.

    21. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның анықтамаға сәйкес келмейтін кәсіп бойынша еңбек қызметін жүзеге асыруы анықтаманы кері қайтарып алуға негіз болып табылады.

    Тиісті анықтамаға байланысты емес еңбек қызметін жүзеге асырған жағдайда, Қазақстан Республикасының еңбек және көші-қон заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың актілері негізінде жергілікті атқарушы орган қолданыстағы анықтаманы кері қайтарып алуды жүргізеді.

    22. Бұрын берілген анықтаманы қайта ресімдеу шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжатының нөмірі мен сериясы өзгерген, сондай-ақ жұмыс беруші ауысқан жағдайда жүзеге асырылады.

    Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы өзгерген, жұмыс беруші ауысқан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы аталған мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, анықтаманы қайта ресімдеу туралы өтініш береді.

    Жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде анықтаманы жаңа нөмір бере отырып қайта ресімдейді.»;

    мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:

    «22-1. Анықтама жоғалған немесе бүлінген жағдайда шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға анықтаманың телнұсқасы беріледі.

    Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам анықтама жоғалған немесе бүлінген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде www.elicense.kz, www.migration.enbek.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттарды сала отырып, өтініш береді.

    Жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде анықтаманың телнұсқасын береді.»;

    23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «23. Анықтаманың қолданысы мынадай:

    1) оның берілген мерзімі аяқталған;

    2) шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның анықтамаға сәйкес келмейтін кәсіп бойынша еңбек қызметін жүзеге асыруы анықталған жағдайларда тоқтатылады.»;

    3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

    «3-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін жергілікті атқарушы органдардың және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметін көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі»;

    24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «24. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

    Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган (лауазымды адам) шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

    Бұл ретте шешімі, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган (лауазымды адам), егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

    25. Жергілікті атқарушы органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.»;

    1, 2 және 3-қосымша лар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымша ларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ақпаратты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін;

    4) осы бұйрықты жұмыста пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімдіктерінің назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы

    А. Ертаев

    Қазақстан Республикасы

    Еңбек және халықты

    әлеуметтік қорғау министрінің

    міндетін атқарушы

    2025 жылғы 30 желтоқсандағы

    № 426

    бұйрығына 1-қосымша

    Өз бетінше жұмысқа орналасуы

    үшін шетелдік немесе

    азаматтығы жоқ адамға

    біліктілігінің сәйкестігі туралы

    анықтама беру немесе ұзарту

    қағидаларына

    1-қосымша

    Нысан

    _________________________

    (облыстардың, республикалық

    қалалары және астананың

    әкімдіктері жергілікті

    атқарушы органының атауы)

    _________________________

    (тегі, аты, әкесінің аты

    (ол болған жағдайда))

    _________________________

    (паспортының (жеке басын

    куәландыратын құжатының) №,

    берілген күні және берген орган)

    Мекенжайы, телефон, факс

    _________________________

    Резидент еліндегі мекенжайы,

    телефоны

    _________________________

    Өтініш

    Мамандығы бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама беруді/ұзартуды/қайта рәсімдеуді/телнұсқасын беруді сұраймын

    __________________________________________

    халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген тізбегі сәйкес (кәсіп, экономика саласы (экономикалық қызмет түрі) көрсетіледі.

    Жұмыс беруші туралы мәлеметтер (аңықтама ұзартылған жағдайда)

    __________________________________________________________________

    (Жұмыс берушінің атауы, жұмыс берушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі)

    Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама беру үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

    Өтінішке:

    1) __________________________________________

    2) __________________________________________

    3) __________________________________________

    қоса беріледі.

    Өтініш берілген күн: 20_жылғы «__» ___________

    Өтініш берушінің қолы _______________________

    Қазақстан Республикасы

    Еңбек және халықты

    әлеуметтік қорғау министрінің

    міндетін атқарушы

    2025 жылғы 30 желтоқсандағы

    № 426

    бұйрығына 2-қосымша

    Өз бетінше жұмысқа орналасуы

    үшін шетелдік немесе азаматтығы

    жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі

    туралы анықтама беру немесе

    ұзарту қағидаларына

    2-қосымша

    «Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптардың тізбесі

    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің ата­уы: «Өз бе­тін­ше жұ­мысқа ор­на­ла­суы үшін ше­тел­дік­ке неме­се аза­мат­тығы жоқ адам­ға бі­лік­ті­лі­гі­нің сәй­кест­і­гі ту­ра­лы анық­та­ма бе­ру неме­се ұзар­ту»
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рі­нің ата­уы
    1. Өз бе­тін­ше жұ­мысқа ор­на­ла­суы үшін ше­тел­дік­ке неме­се аза­мат­тығы жоқ адам­ға бі­лік­ті­лі­гі­нің сәй­кест­і­гі ту­ра­лы анық­та­ма бе­ру;
    2. Өз бе­тін­ше жұ­мысқа ор­на­ла­су үшін ше­тел­дік­ке неме­се аза­мат­тығы жоқ адам­ға бі­лік­ті­лі­гі­нің сәй­кест­і­гі ту­ра­лы анық­та­ма­ны ұзар­ту;
    3. Ше­тел­дік­тің неме­се аза­мат­тығы жоқ адам­дар­дың те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са), же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың нө­мі­рі мен се­ри­я­сы өзгер­ген жағ­дай­да өз бе­тін­ше жұ­мысқа ор­на­ла­су үшін ше­тел­дік­ке неме­се аза­мат­тығы жоқ адам­ға бі­лік­ті­лі­гі­нің сәй­кест­і­гі ту­ра­лы анық­та­ма­ны қай­та ре­сім­деу;
    4. Анық­та­ма жо­ғал­ған неме­се бү­лін­ген жағ­дай­да өз бе­тін­ше жұ­мысқа ор­на­ла­су үшін ше­тел­дік­ке неме­се аза­мат­тығы жоқ адам­ға бі­лік­ті­лі­гі­нің сәй­кест­і­гі ту­ра­лы анық­та­ма­ның тел­нұс­қа­сын бе­ру.
    1
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар
    2
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді ұсы­ну жол­да­ры
    «Элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы www.​egov.​kz, www. elicense.kz неме­се www.​mig​rati​on.​enbek.​kz.
    3
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
    3 (үш) ай­ға дей­ін­гі мер­зім­ге анық­та­ма бе­ру - 5 (бес) жұ­мыс кү­ні ішін­де (өті­ніш тір­кел­ген күн­нен ба­стап).
    Анық­та­ма­ны ұзар­ту – 3 (үш) жұ­мыс кү­ні ішін­де.
    Анық­та­ма­ны қай­та ре­сім­деу - 3 (үш) жұ­мыс кү­ні ішін­де.
    Анық­та­ма­ның тел­нұс­қа­сын бе­ру - 3 (үш) жұ­мыс кү­ні ішін­де.
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
    Элек­трон­дық түр­де (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту нәти­же­сі
    Өз бе­тін­ше жұ­мысқа ор­на­ла­су үшін бі­лік­ті­лі­гі­нің сәй­кест­і­гі ту­ра­лы анық­та­ма 3-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша, неме­се мем­ле­ке­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар тіз­бе­сі 9-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген негіз­дер бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы уәж­де­ме­лі жа­у­ап.
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан өн­ді­ріп алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны өн­ді­ріп алу тә­сіл­де­рі
    Те­гін
    7
    Жұ­мыс кесте­сі
    Пор­тал жұ­мыс қыз­мет кесте­сі – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (жұ­мыс кү­ні аяқ­тал­ған­нан кей­ін өті­ніш бер­ген кез­де Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
    Жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар – Ең­бек ко­дек­с­ке сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін түс­кі үзіл­іспен жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры­ның ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
    8
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    1. Аңық­та­ма бе­ру үшін:
    өті­ніш;
    же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың элек­трон­ды кө­шір­ме­сі;
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ра­ти­фи­ка­ци­я­ла­ған ха­лы­қа­ра­лық шар­ттар­да өзге­ше көз­дел­ме­ген жағ­дай­лар­ды қо­с­па­ған­да, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бі­лім ту­ра­лы заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен та­ну неме­се но­стри­фи­ка­ци­я­лау рә­сі­мі­нен өт­кен бі­лі­мі ту­ра­лы құ­жат­тар­дың но­та­ри­ат ку­әлан­дыр­ған аудар­ма­ла­ры (қа­зақ неме­се орыс ті­лін­де) не ағы­л­шын ті­лін оқы­ту үшін бе­рі­л­ген сер­ти­фи­кат­тар­дың но­та­ри­ат ку­әлан­дыр­ған аудар­ма­ла­ры (қа­зақ неме­се орыс ті­лін­де);
    ең­бек қыз­ме­тін рас­тай­тын құ­жат­тың но­та­ри­ат ку­әлан­дыр­ған кө­шір­ме­сі, сон­дай-ақ оның қа­зақ неме­се орыс ті­лін­де­гі аудар­ма­сы.
    2. Анық­та­ма­ның мер­зі­мін ұзар­ту үшін:
    осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша анық­та­ма­ны ұзар­ту жө­нін­де өті­ніш;
    уәкі­лет­ті ор­ган бұ­рын бер­ген анық­та­ма;
    ең­бек шар­ты­ның кө­шір­ме­сі.
    3. Ше­тел­дік­тің неме­се аза­мат­тығы жоқ адам­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да), же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жа­ты­ның нө­мі­рі мен се­ри­я­сы өзгер­ген жағ­дай­да анық­та­ма­ны қай­та ре­сім­деу үшін:
    осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша анық­та­ма­ны қай­та рә­сім­деу ту­ра­лы өті­ніш;
    же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да), нө­мі­рі мен се­ри­я­сы өзгер­ті­л­ген құ­жат­тың кө­шір­ме­сі.
    4. Анық­та­ма­ның тел­нұс­қа­сын алу үшін:
    осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша анық­та­ма­ның тел­нұс­қа­сын бе­ру ту­ра­лы өті­ніш;
    же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың элек­трон­ды кө­шір­ме­сі;
    ең­бек қыз­ме­тін рас­тай­тын құ­жат­тың но­та­ри­ат ку­әлан­дыр­ған кө­шір­ме­сі, сон­дай-ақ оның қа­зақ неме­се орыс ті­лін­де­гі аудар­ма­сы.
    9
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер
    1. Ба­сым са­ла­лар­дың (эко­но­ми­ка­лық қыз­мет түр­ле­рі­нің) тіз­бе­сін­де көз­дел­ген эко­но­ми­ка­ның ба­сым са­ла­ла­рын­да (эко­но­ми­ка­лық қыз­мет түр­ле­рін­де) та­лап еті­ле­тін кә­сіп­тер­ге қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на және бі­лім дең­гей­іне қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ға және ше­тел­дік­тер мен аза­мат­тығы жоқ адам­дар­ды өз бе­тін­ше жұ­мысқа ор­на­ла­сты­ру үшін олар­да та­лап еті­ле­тін кә­сіп­тер­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
    2. Ал­ты бал­ды құ­рай­тын ше­тел­дік­ті неме­се аза­мат­тығы жоқ адам­ды ба­ға­лау нәти­же­сі­нің қол жет­кіз­беу;
    3. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дәй­ек­сіз­ді­гі­нің анық­та­луы. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы құ­жат­тар­дың то­лық топ­та­ма­сын ұсын­ба­ған және (неме­се) қол­да­ны­лу мер­зі­мі өтіп кет­кен құ­жат­тар­ды ұсын­ған жағ­дай­да уәкі­лет­ті ор­ган неме­се Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның қыз­мет­ке­рі өті­ніш­ті қа­был­да­удан бас тар­та­ды.
    10
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да ұсы­ну ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре­тін өзге де та­лап­тар
    1. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі және мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты бі­рің­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы – «1411» ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
    2. «Элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы - www.​egov.​kz, www. elicense.kz www.​mig​rati​on.​enbek.​kz ар­қы­лы жү­гі­ну үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­ны (ЭЦҚ) алу үшін же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рін (ЖСН) алуы қа­жет.

    Қазақстан Республикасы

    Еңбек және халықты

    әлеуметтік қорғау министрінің

    міндетін атқарушы

    2025 жылғы 30 желтоқсандағы

    № 426

    бұйрығына 3-қосымша

    Өз бетінше жұмысқа орналасуы

    үшін шетелдік немесе

    азаматтығы жоқ адамға

    біліктілігінің сәйкестігі туралы

    анықтама беру немесе ұзарту

    қағидаларына

    3-қосымша

    Нысан

    ________________________________

    жергілікті атқарушы органының атауы

    Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама

    № _____

    20__ жылғы «__» __________

    _________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))

    _________________________________________________

    Қазақстан Республикасында экономиканың басым салаларында сұранысқа ие мынадай кәсіп бойынша өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін біліктілік талаптарына және білім деңгейіне сәйкестігі үшін берілді:

    ____________________________________________________________________

    Халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамдарды өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалар мен оларды талап етілетін кәсіптер тізбесіне сәйкес экономиканың басым салаларында, сұранысқа талап етілетін кәсіп көрсетіледі.

    Анықтаманы беру үшін негіздеме _____________________________________

    Анықтаманың қолданылу мерзімі ____________ бастап _____________ дейін

    (күні, айы, жылы) (күні, айы, жылы)

    М.О. ____________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) (қолы)

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.