«Аудиторлық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 15 шілдедегі № 724 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 16 шілдедегі № 65 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»

    ЖаңаОрталық атқарушы органдардың бірлескен актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 желтоқсан 2025 ж.

    «Аудиторлық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 15 шілдедегі № 724 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 16 шілдедегі № 65 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»

    БҰЙЫРАМЫЗ:

    1. «Аудиторлық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 15 шілдедегі № 724 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 16 шілдедегі № 65 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19068 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    1-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

    «2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, тексеру/профилактикалық бақылау жүргізу үшін аудиторлық ұйымдарға қатысты аудиторлық қызмет саласындағы тексеру парағы;

    3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, тексеру/профилактикалық бақылау жүргізу үшін кәсіби аудиторлық ұйымдарға қатысты аудиторлық қызмет саласындағы тексеру парағы;»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аудиторлық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:

    1-қосымша осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    3-қосымша осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген бірлескен бұйрыққа 2, 3, 4, 5-қосымша лар осы бірлескен бұйрыққа 3, 4, 5 және 6-қосымша ларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

    2) осы бірлескен бұйрықты ресми жарияланған күннен кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

    3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде оны «Тексеру субьектілері мен обьектілерінің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне жолдауды қамтамасыз етсін;

    4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі

    __________С. Жумангарин

    Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

    __________М. Такиев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы Бас

    прокуратурасының Құқықтық

    статистика және арнайы

    есепке алу жөніндегі комитеті

    Қазақстан Республикасы Премьер-

    Министрінің орынбасары –

    Ұлттық экономика министрі

    2025 жылғы 29 желтоқсандағы

    № 137 мен

    Қазақстан Реcпубликасының

    Қаржы министрі

    2025 жылғы 29 желтоқсандағы

    № 815 бірлескен бұйрығына

    1-қосымша

    Аудиторлық қызмет

    саласындағы тәуекел дәрежесін

    бағалау өлшемшарттарына

    Қазақстан Республикасының

    Премьер-Министрінің

    Бірінші орынбасары -

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы министрінің

    2019 жылғы 15 шілдедегі

    № 724 және

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрінің

    2019 жылғы 16 шілдедегі

    № 65 бірлескен бұйрығына

    1-қосымша

    Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылу дәрежесі

    Бұзушылықтың ауырлық дәрежесі деңгейінде белгіленетін талаптар сақталмаған кезде
    Бұзушылық дәрежесі
    1. Аудиторлық ұйымдар бойынша
    1
    Аудиторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес есептілікті уәкiлеттi органға ұсыну немесе уақтылы ұсыну (жыл сайынғы есеп есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 наурызына дейін)
    Өрескел
    2
    Аудиторлық ұйымдар қызметінің негізгі көрсеткіштері бойынша есептілікті уәкілетті органға ұсыну немесе уақтылы ұсыну (тоқсан сайынғы есеп есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне дейін)
    Елеулі
    3
    Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша ақпаратты уәкілетті органға ұсыну немесе уақтылы ұсыну (азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру шартын жасасқан күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күн ішінде)
    Өрескел
    4
    Аудиторлық ұйымның қызмет түрлерін жүзеге асыруы:
    аудит стандарттары бойынша ілеспе және басқа да қызметтер;
    бухгалтерлік есепті қалпына келтіру және жүргізу, қаржылық есептілікті жасау;
    ішкі аудит;
    салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жөнiндегi заңнаманы қолдану және салық есебiн жүргiзу мәселелерi бойынша консультация беру;
    салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды жасау; квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу;
    алғашқы статистикалық деректерді қалыптастыру;
    қаржы-шаруашылық қызметтi талдау және қаржылық жоспарлау, экономикалық, қаржылық және басқарушылық консультация беру;
    бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық есептiлiктi жасау мәселелерi бойынша консультация беру;
    бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық есептiлiктi жасау, салық салу, аудит және қаржы-шаруашылық қызметтi талдау мен қаржылық жоспарлау бойынша оқыту;
    бухгалтерлiк есептi жүргiзудi және қаржылық есептiлiктi жасауды автоматтандыру жөнiнде ұсынымдар беру, бухгалтерлiк есептi жүргiзу мен қаржылық есептiлiктi жасауды автоматтандыруға үйрету;
    бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық есептiлiктi жасау, аудит, қаржы-шаруашылық қызметтi талдау және қаржылық жоспарлау, аудит стандарттары бойынша ілеспе қызметтер көрсету жөнінде әдістемелік құралдар мен ұсынымдар әзірлеу, сондай-ақ оларды тарату;
    аудиторлық қызметке байланысты заң қызметтерiн көрсету
    Өрескел
    5
    Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алған немесе ерікті түрде шыққан немесе шығарылған күннен бастап бір ай ішінде, сондай-ақ кәсіби ұйым аккредиттеуден айырылған кезде аудиторлық ұйымның кәсіби аудиторлық ұйымға кіргенін растайтын құжаттардың болуы
    Өрескел
    6
    Аудитті жүзеге асыру кезінде мүліктік зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартының болуы
    Өрескел
    7
    Аудит жүргізуге арналған шарттың болуы
    Елеулі
    8
    Аудит жүргiзу және (немесе) аудит стандарттары бойынша ілеспе және басқа да қызметтер көрсетуге арналған шарттың болуы: шарттың нысанасы, мерзiмi, ақы төлеу мөлшерi мен талаптары, тараптардың құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi, алынған ақпараттың құпиялылығы, сондай-ақ кәсіби ұйымға мүшелігі
    Елеулі
    9
    Аудиттелетін субъектіге бухгалтерлік есеп жүргізуде, қаржылық есептілікте және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпаратта анықталған бұзушылықтар туралы ақпаратты беру (оның ішінде мемлекеттік мекемелерде)
    Елеулі
    10
    Аудиторлық ұйымның соңғы үш жылда азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарты жасалған ұйымдарға аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит, өзге де ақпарат аудитін жүргізу құқығына шектеулерді сақтауы
    Өрескел
    11
    Аудиторлық ұйымның соңғы үш жылда бухгалтерлік есепті қалпына келтіру және жүргізу, қаржылық есептілікті жасау және (немесе) ішкі аудит бойынша (бухгалтерлік есеп және (немесе) қаржылық есептілік бөлігінде) көрсетілген қызметтер ұсынылған ұйымдардың квазимемлекеттік сектор субъектілеріне аудит, салықтар бойынша аудит, арнайы мақсаттағы аудит, өзге де ақпарат аудитін жүргізуге тыйым салуды сақтауы
    Өрескел
    12
    Мәліметтерді тіркеу, мәліметтер мен құжаттарды сақтау, құжаттарды қорғау шараларын сақтау бөлігінде әзірленген ішкі бақылау қағидаларының және оны жүзеге асыру бағдарламаларының болуы; қаржылық мониторингке жататын ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операциялар туралы ақпаратты уақтылы ұсыну немесе ұсынбау; клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөнінде шаралар қабылдау; ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтату және (немесе) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтату жөніндегі шаралар туралы ақпарат беру; клиентке Іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды жүргізуден бас тарту және (немесе) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды жүргізуден бас тарту жөніндегі міндеттерді орындау және (немесе) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды Іскерлік қатынастар және ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жүргізу; ішкі бақылау қағидаларында бекітілген Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында даярлау мен оқыту бағдарламасын орындау; қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беру туралы өз клиенттеріне және өзге де тұлғаларға хабарламау жөніндегі талаптарды сақтау
    Өрескел
    13
    Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың аудиторлық есептің дұрыстығын қамтамасыз етуі
    Өрескел
    14
    Аудит стандарттарын, Әдеп кодексін сақтау
    Елеулі
    15
    Ең төменгі талаптарға сәйкес келетін аудиторлық ұйымның міндетті аудит жүргізуі:
    1) ұйымдар бойынша:
    кәсіби кеңес қорытындысының және (немесе) мүшесі аудиторлық ұйым болып табылған өткiзiлген сыртқы сапаны бақылаудың нәтижелері бойынша аудиторлық ұйымның халықаралық аудит стандарттары және Этика кодексі талаптарының сақталуын растайтын аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымның қорытындысының бар болуы;
    аудиторлық қызметтер көрсетуге шартты жасаған күнге дейін соңғы 1 (бір) жыл ішінде әкiмшiлiк жазалардың болмауы;
    аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының болуы;
    бір ұйыммен, оның ішінде қаржы ұйыммен 7 (жеті) жыл бойы аудитті үздіксіз жүзеге асырылған жағдайда ротациялауға жатады.
    2) ұлттық компаниялардың, ұлттық холдингтердің және ұлттық басқарушы холдингтердің, жер қойнауын пайдаланушылардың аудиті бойынша;
    аудиторлық ұйым басшысының аудиторлық қызметпен айналысу мерзімі кемінде 5 (бес) жыл;
    қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары бойынша кемінде 10 (он) аудиттелетін субъектілер бойынша аудиторлық есептердің болуы;
    кәсіби бухгалтер сертификаты бар кемінде 2 (екі) маманның болуы.
    3) Қаржы ұйымдары және «Қазақстанның Даму Банкі» Акционерлік қоғамы бойынша аудиторлық ұйымның құрамында:
    бухгалтерлік есеп және аудит саласында Certified Public Accountant (CPA), The Association of Chartered Certified Accountants (ACCA), The Chartered Institute of Management Accountants (CIMA), The Institute of Chartered Accountants in England and Wales (ICAEW), Certified Management Accountant (CMA), Certified Internal Auditor (CIA), Institute of Internal Auditors (IIA), Certified Financial Services Auditor (CFSA) бірінде толық біліктігі бар, немесе соңғы бес жылдың 3 (үш) жыл ішінде тиісті ұйымдардың аудиті саласында жұмыс тәжірибесімен бірге «аудитор» деген бiлiктiлiк куәлiгi бар топтың басшысы болып табылатын маманы бар;
    құрамында бухгалтерлік есеп және аудит саласында Certified Public Accountant (CPA), The Association of Chartered Certified Accountants (ACCA), The Chartered Institute of Management Accountants (CIMA), The Institute of Chartered Accountants in England and Wales (ICAEW), Certified Management Accountant (CMA), Certified Internal Auditor (CIA), Institute of Internal Auditors (IIA), Certified Financial Services Auditor (CFSA) бірінде толық біліктігі бар немесе соңғы бес жылдың 2 (екі) жыл ішінде тиісті ұйымдардың аудиті саласында жұмыс тәжірибесімен бірге «аудитор» біліктігі бар кемінде 2 (екі) маманы бар;
    аудит жүргізу және (немесе) басқа да қызметтер көрсету кезінде аудиттелетін қаржы ұйымы алдында өтелмеген қарызы болмауы;
    аудит жүргізу және (немесе) басқа да қызметтер көрсету кезінде құрамында аудиттелетін қаржы ұйымының алдында банктік қарыз шарты бойынша және (немесе) микрокредит шарты бойынша берешегі жоқ аудитор және (немесе) топ басшысы
    Өрескел
    16
    Салықтар бойынша аудиторлық қорытындыны аудиттелетін субъектінің орналасқан жеріндегі мемлекеттік кіріс органына ұсынуы
    Елеулі
    17
    2 (екі) ай ішінде «4»-тен төмен баға алған жағдайда, сапаны бақылау комитетінің және (немесе) кәсіби аудиторлық ұйымның шешімімен айқындалатын мерзімде анықталған кемшіліктерді жоюуы
    Елеусіз
    2. Кәсіби аудиторлық ұйымдар бойынша
    1
    Уәкілетті органға уақтылы және дұрыс есептілікті ұсыну; Кәсіби аудиторлық ұйымның қызметі туралы жартыжылдық есеп (есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-іне дейін) ұсыну
    Өрескел
    2
    Уәкілетті органға уақтылы және дұрыс есептілікті ұсыну; Кәсіби аудиторлық ұйымның аудиторлардың біліктілігін арттыру курстарын өткізуі және сертификаттар беруі туралы жыл сайынғы есеп (есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 наурызына дейін) ұсыну
    Өрескел
    3
    Уәкілетті органға уақтылы және дұрыс есептілікті ұсыну; Міндетті аудитті жүргізетін аудиторлық ұйымдардың ең аз талаптарға сәйкестігі туралы тоқсан сайынғы есеп (есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-іне дейін) ұсыну;
    Өрескел
    4
    Уәкілетті органға уақтылы және дұрыс есептілікті ұсыну; Аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңестің, кәсіби аудиторлық ұйымның сапаны сыртқы бақылау объектілері болып табылмайтын аудиторлық ұйымдардың сапасына жүргізілген сыртқы сапа бақылауы туралы тоқсан сайынғы есеп (есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-іне дейін) ұсыну
    Өрескел
    5
    Кәсіби ұйым кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілері болып табылмайтын аудиторлық ұйымдарға қатысты сапаны сыртқы бақылау жүргізу 3 (үш) жылда бiр рет жүргізу
    Елеулі
    6
    Кәсіби ұйымның құрылтайшылары мен қатысушыларының болып табылатын аудиторлар немесе аудиторлық ұйымдардың ғана болуы
    Елеулі
    7
    Уәкілетті органның ескерту хаты шығарылған себептерді 3 (үш) ай ішінде жою
    Өрескел
    8
    Мүшелер қабылдаған (шығып кеткен, шығарылған), сондай-ақ басқару жұмыс органының дербес құрамы өзгерген жағдайда, осы өзгерiстер туралы уәкiлеттi органға хабарлау
    Елеулі
    9
    Өз қызметін аудитор ретінде жүзеге асыратын аудиторлардың ғана сапаға сыртқы бақылау жүргізуі
    Елеулі
    10
    Сапаны жоспардан тыс сыртқы бақылау негіздерін сақтауы:
    аудиторлардың, аудиторлық ұйымдардың және кәсіптік ұйымдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) өтініш кәсіби кеңес немесе кәсіби ұйыммен алған жағдайда;
    аудиторлар және (немесе) аудиторлық ұйымдар жұмысының нәтижелерімен келіспеген жағдайда;
    кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілерінің бастамасы бойынша;
    аудиторлардың, аудиторлық ұйымдардың және кәсіптік ұйымдардың қызметіне байланысты келіп түскен өтініштерге сәйкес уәкілетті органның бастамасы бойынша
    Елеулі
    11
    Аудиторлық ұйымдар - кәсіби ұйым мүшелерінің орташа санының 10 (он) пайызында, бірақ кемінде 5 (бесеуінде) күнтізбелік 12 (он екі) ай ішінде аудиторлық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырылу фактілерінің болмауы
    Өрескел
    12
    Бекітілген ішкі жоспар бойынша әрбір аудиторлық ұйым бойынша сапаға жоспарлы сыртқы бақылау жүргізу мерзімдерінің сақталуы
    Елеулі
    13
    Аудиторлармен сыртқы сапаны бақылау жүргізу мерзімі 10 (он) жұмыс күнінен аспайды
    Елеулі
    14
    Сыртқы сапаны бақылау қорытындылары бойынша бағаны айқындау мерзімі 2 (екі) айдан аспайды
    Елеулі
    15
    Сапаға сыртқы бақылау жүргізу тәртібін сақтау:
    сапаны сыртқы бақылау рәсімін ұйымдастыру жөніндегі мәселелері;
    сапаға сыртқы бақылау рәсіміне қатысқан бақылаушының не басқа адамдарды шеттетудің (өздігінен бас тартудың) негіздері;
    сапаға сыртқы бақылау жүргізудің бағдарламасы мен кезеңдері;
    құрылтайшы және құқық белгілеуші құжаттар, лицензиялар, аудиторлардың біліктілік куәліктері, аудиторлардың біліктілігін арттыру бойынша құжаттар, кадрлық құрам жөніндегі құжаттар, аудит сапасына сыртқы бақылау жөніндегі ішкі құжаттар, орындалған аудиторлық тапсырмалар бойынша жұмыс құжаттары қамтылатын аудиторлық ұйымның сапасына сыртқы бақылауды жүргізуге жататын құжаттарының тізбесі;
    сапаға сыртқы бақылауға жататын аудит бойынша жобаларды іріктеу, сондай-ақ мүдделер қақтығысын болдырмайтын бақылаушыларды іріктеу өлшемшарттары (тәуелсіздікті қамтамасыз ету);
    аудиторлық қызмет көрсету шартын орындауға аудиторлық ұйым жолдаған ресурстардың жеткіліктілігі;
    аудиторлық ұйымның сапасына ішкі бақылау жүйесі;
    ішкі бақылау қағидаларының және оларды жүзеге асырудың мынадай бағдарламаларының болуы: қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламалары;
    технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, клиенттердің тәуекелдерін және көрсетілетін қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдерін ескеретін, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға тәуекелін басқару бағдарламалары;
    клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасын;
    клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және оларды зерделеу бағдарламасын;
    қаржы мониторингі субъектілерін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында даярлау және оқыту бағдарламасын;
    жекелеген аудиторлық тапсырмалардың сапасын тексеру мәселелері;
    сапаны бақылау комитеті мен кәсіби ұйым сапаға сыртқы бақылау жүргізу барысында қол жеткізген ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар;
    бақылаушылардың есептілігі мен аудиторлық ұйымның сапаға сыртқы бақылаудан өту нәтижелерін ресімдеу
    аудиторлық ұйымның сапаны сыртқы бақылаудан өту нәтижелерін іске асыруы жөніндегі шаралар
    Елеулі

    Қазақстан Республикасы Премьер-

    Министрінің орынбасары –

    Ұлттық экономика министрі

    2025 жылғы 29 желтоқсандағы

    № 137 мен

    Қазақстан Реcпубликасының

    Қаржы министрі

    2025 жылғы 29 желтоқсандағы

    № 815 бірлескен бұйрығына

    2-қосымша

    Аудиторлық қызмет

    саласындағы тәуекел дәрежесін

    бағалау өлшемшарттарына

    Қазақстан Республикасының

    Премьер-Министрінің

    Бірінші орынбасары -

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы министрінің

    2019 жылғы 15 шілдедегі

    № 724 және

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрінің

    2019 жылғы 16 шілдедегі

    № 65 бірлескен бұйрығына

    3-қосымша

    Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138 бабына сәйкес аудиторлық ұйымдарға қатысты аудиторлық қызмет саласындағы субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі

    № р/с
    Субъ­ек­тив­ті өл­шем­шар­ттар көр­сет­кі­ші
    Субъ­ек­тив­ті өл­шем­шарт көр­сет­кі­ші бой­ын­ша ақ­па­рат кө­зі
    Ма­ңы­зды­лы­ғы бой­ын­ша үлес сал­ма­ғы, балл (бар­лы­ғы 100 бал­л­ға дей­ін бо­луы ти­іс), wi
    Шар­ттар / мән­дер, xi
    1-шар­ты / мәні
    1
    2
    3
    4
    5
    Ба­ру ар­қы­лы про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау үшін
    1.
    Ауди­тор­лық қыз­мет­ке қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кес есеп­ті­лік­ті уәкiлет­тi ор­ган­ға ұсын­бау неме­се уақ­ты­лы ұсын­бау (жыл сай­ын­ғы есеп есеп­ті ке­зең­нен кей­ін­гі жыл­дың 1 на­уры­зы­на дей­ін)
    Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі (объ­ек­ті­сі) ұсы­на­тын есеп­ті­лік пен мә­лі­мет­тер мо­ни­то­рин­гі­нің нәти­же­ле­рі
    15
    1 факт
    100%
    2.
    Ауди­тор­лық ұй­ым­дар қыз­ме­ті­нің негіз­гі көр­сет­кіш­те­рі бой­ын­ша есеп­ті­лік­ті уәкі­лет­ті ор­ган­ға ұсын­бау неме­се уақ­ты­лы ұсын­бау (тоқ­сан сай­ын­ғы есеп есеп­ті ке­зең­нен кей­ін­гі ай­дың 15-кү­ніне дей­ін)
    Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі (объ­ек­ті­сі) ұсы­на­тын есеп­ті­лік пен мә­лі­мет­тер мо­ни­то­рин­гі­нің нәти­же­ле­рі
    15
    1 факт
    100%
    3.
    Аза­мат­тық-құқық­тық жа­у­ап­кер­ші­лік­ті сақ­тан­ды­ру бой­ын­ша ақ­па­рат­ты уәкі­лет­ті ор­ган­ға ұсын­бау неме­се уақ­ты­лы ұсын­бау (аза­мат­тық-құқық­тық жа­у­ап­кер­ші­лік­ті мін­дет­ті сақ­тан­ды­ру шар­тын жа­сас­қан күн­нен ба­стап 15 (он бес) жұ­мыс күн ішін­де)
    Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі (объ­ек­ті­сі) ұсы­на­тын есеп­ті­лік пен мә­лі­мет­тер мо­ни­то­рин­гі­нің нәти­же­ле­рі
    15
    1 факт
    100%
    4.
    Ауди­тор­лық қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға ли­цен­зия ал­ған неме­се ерік­ті түр­де шық­қан неме­се шы­ға­ры­л­ған күн­нен ба­стап бір ай ішін­де, сон­дай-ақ кә­сі­би ұй­ым ак­кре­дит­те­уден ай­ы­ры­л­ған кез­де ауди­тор­лық ұй­ым­ның кә­сі­би ауди­тор­лық ұй­ым­ға кір­ге­нін рас­тай­тын құ­жат­тар­дың бол­мауы
    Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі (объ­ек­ті­сі) ұсы­на­тын есеп­ті­лік пен мә­лі­мет­тер мо­ни­то­рин­гі­нің нәти­же­ле­рі
    30
    1 факт
    100%
    5.
    Аудит­ті жү­зе­ге асы­ру ке­зін­де мү­лік­тік зи­ян кел­ті­ру сал­да­ры­нан туын­дай­тын мін­дет­те­ме­лер бой­ын­ша аза­мат­тық-құқық­тық жа­у­ап­кер­ші­лік­ті сақ­тан­ды­ру шар­ты­ның бол­мауы
    Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі (объ­ек­ті­сі) ұсы­на­тын есеп­ті­лік пен мә­лі­мет­тер мо­ни­то­рин­гі­нің нәти­же­ле­рі
    25
    1 факт
    100%
    6.
    Ауди­тор­лық ұй­ым­ның аудит, са­лық­тар бой­ын­ша аудит, ква­зи­мем­ле­кет­тік сек­тор субъ­ек­ті­ле­ріне ар­найы мақ­сат­та­ғы аудит, өзге де ақ­па­рат ауди­тін және мін­дет­ті аудит­ті жүр­гі­зу құқы­ғы­на шек­те­улер­ді сақ­та­мауы
    Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі (объ­ек­ті­сі) ұсы­на­тын есеп­ті­лік пен мә­лі­мет­тер мо­ни­то­рин­гі­нің нәти­же­ле­рі
    Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сіне (объ­ек­ті­сіне) ба­ра оты­рып, про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау ті­зі­міне ен­гі­зу
    1 факт
    100%
    25%
    7.
    Ауди­тор­лық ұй­ым­ның ква­зи­мем­ле­кет­тік сек­тор субъ­ек­ті­ле­ріне ар­найы мақ­сат­та­ғы аудит жүр­гі­зу тәр­ті­бін сақ­та­мауы
    Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі (объ­ек­ті­сі) ұсы­на­тын есеп­ті­лік пен мә­лі­мет­тер мо­ни­то­рин­гі­нің нәти­же­ле­рі
    Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сіне (объ­ек­ті­сіне) ба­ра оты­рып, про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау ті­зі­міне ен­гі­зу
    1 факт
    100%
    8.
    Ауди­тор­лық ұй­ым­ның анық емес ауди­тор­лық есеп жа­са­уы
    Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі (объ­ек­ті­сі) ұсы­на­тын есеп­ті­лік пен мә­лі­мет­тер мо­ни­то­рин­гі­нің нәти­же­ле­рі
    Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сіне (объ­ек­ті­сіне) ба­ра оты­рып, про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау ті­зі­міне ен­гі­зу
    1 факт
    100%
    9.
    Қар­жы мо­ни­то­рин­гі субъ­ек­ті­сі­нің «Web ҚМЖ» ақ­па­рат­тық жүй­е­сіне/ қар­жы мо­ни­то­рин­гі плат­фор­ма­сы­на тір­кел­ге­нін рас­тай­тын құ­жат­тар­дың бол­мауы
    Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі (объ­ек­ті­сі) ұсы­на­тын есеп­ті­лік пен мә­лі­мет­тер мо­ни­то­рин­гі­нің нәти­же­ле­рі
    15
    1 факт
    100%
    Та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гін тек­се­ру үшін
    1.
    Ауди­тор­лық ұй­ым­ның құ­ра­мын­да ке­мін­де 2 (екі) адам­нан тұ­ра­тын (оның ішін­де бас­шы­сы­ның және (неме­се) құ­ры­л­тай­шы­лар­дың (қа­ты­су­шы­лар­дың) бол­мауы
    Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі (объ­ек­ті­сі) ұсы­на­тын есеп­ті­лік пен мә­лі­мет­тер мо­ни­то­рин­гі­нің нәти­же­ле­рі
    Та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гін тек­се­ру ті­зі­міне ен­гі­зу
    1 факт
    100%
    2.
    Ауди­тор­дың өз қыз­ме­тін ауди­тор ре­т­ін­де тек бір ауди­тор­лық ұй­ым­ның құ­ра­мын­да жү­зе­ге асыр­мауы
    Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі (объ­ек­ті­сі) ұсы­на­тын есеп­ті­лік пен мә­лі­мет­тер мо­ни­то­рин­гі­нің нәти­же­ле­рі
    Та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гін тек­се­ру ті­зі­міне ен­гі­зу
    1 факт
    100%
    3.
    Ауди­тор­лық ұй­ым­ның жар­ғы­лық ка­пи­та­лын­да ауди­тор­ға (ауди­тор­лар­ға) және (неме­се) ше­тел­дік ауди­тор­лық ұй­ым­ға (ұй­ым­дар­ға) ти­е­сі­лі үле­сі­нің ке­мін­де жүз пай­ыз бол­мауы
    Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі (объ­ек­ті­сі) ұсы­на­тын есеп­ті­лік пен мә­лі­мет­тер мо­ни­то­рин­гі­нің нәти­же­ле­рі
    30
    1 факт
    100%
    4.
    Ауди­тор­лық ұй­ым бас­шы­сы­ның, сон­дай-ақ ауди­тор­лар­да ауди­тор­лық­қа кан­ди­дат­тар­ды ат­те­стат­тау жө­нін­де­гі бі­лік­ті­лік ко­мис­си­я­сы бер­ген «ауди­тор» бі­лік­ті­лік ку­ә­лі­гі­нің бол­мауы
    Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі (объ­ек­ті­сі) ұсы­на­тын есеп­ті­лік пен мә­лі­мет­тер мо­ни­то­рин­гі­нің нәти­же­ле­рі
    40
    1 факт
    100%
    5.
    Фи­ли­ал бас­шы­сы­ның Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да фи­ли­ал құр­ған жағ­дай­да, «ауди­тор» бiлiк­тiлiк ку­әлi­гi­нің бол­мауы
    Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі (объ­ек­ті­сі) ұсы­на­тын есеп­ті­лік пен мә­лі­мет­тер мо­ни­то­рин­гі­нің нәти­же­ле­рі
    20
    1 факт
    100%
    6.
    Ор­та неме­се ірі кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­сі бо­лып та­был­май­ды
    Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі (объ­ек­ті­сі) ұсы­на­тын есеп­ті­лік пен мә­лі­мет­тер мо­ни­то­рин­гі­нің нәти­же­ле­рі
    Та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гін тек­се­ру ті­зі­міне ен­гі­зу
    1 факт
    100%
    7.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да ауди­тор­лық қыз­мет­тi жү­зе­ге асы­ра­тын ауди­тор­лық ұй­ым Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­ден­ті-бас­қа ауди­тор­лық ұй­ым­ның қа­ты­су­шы­сы бол­май­ды
    Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі (объ­ек­ті­сі) ұсы­на­тын есеп­ті­лік пен мә­лі­мет­тер мо­ни­то­рин­гі­нің нәти­же­ле­рі
    10
    1 факт
    100%

    Қазақстан Республикасы Премьер-

    Министрінің орынбасары –

    Ұлттық экономика министрі

    2025 жылғы 29 желтоқсандағы

    № 137 мен

    Қазақстан Реcпубликасының

    Қаржы министрі

    2025 жылғы 29 желтоқсандағы

    № 815 бірлескен бұйрығына

    3-қосымша

    Қазақстан Республикасының

    Премьер-Министрінің

    Бірінші орынбасары -

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы министрінің

    2019 жылғы 15 шілдедегі

    № 724 және

    Қазақстан Республикасы Ұлттық

    экономика министрінің

    2019 жылғы 16 шілдедегі

    № 65 бірлескен бұйрығына

    2-қосымша

    Тексеру парағы

    Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес аудиторлық қызмет саласындағы аудиторлық ұйымдарға қатысты

    Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы

    Тексеруді/ бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган_______________

    _____________________________________________________________________

    Тексеруді/ бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт _______________________

    _____________________________________________________________________

    №______________________ күні____________________________________

    Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы___________________________

    ____________________________________________________________________

    Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі),бизнес-сәйкестендіру нөмірі_______________________________________

    Орналасқан жерінің мекенжайы_____________________________________

    Талаптар тізбесі
    Талаптарға сәйкес келеді
    Талаптарға сәйкес келмейді
    1
    Аудиторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес есептілікті уәкiлеттi органға ұсыну немесе уақтылы ұсыну (жыл сайынғы есеп есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 наурызына дейін)
    2
    Аудиторлық ұйымдар қызметінің негізгі көрсеткіштері бойынша есептілікті уәкілетті органға ұсыну немесе уақтылы ұсыну (тоқсан сайынғы есеп есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне дейін)
    3
    Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша ақпаратты уәкілетті органға ұсыну немесе уақтылы ұсыну (азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру шартын жасасқан күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күн ішінде)
    4
    Аудиторлық ұйымның қызмет түрлерін жүзеге асыруы:
    аудит стандарттары бойынша ілеспе және басқа да қызметтер;
    бухгалтерлік есепті қалпына келтіру және жүргізу, қаржылық есептілікті жасау;
    ішкі аудит;
    салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жөнiндегi заңнаманы қолдану және салық есебiн жүргiзу мәселелерi бойынша консультация беру;
    салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды жасау;
    квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу;
    алғашқы статистикалық деректерді қалыптастыру;
    қаржы-шаруашылық қызметтi талдау және қаржылық жоспарлау, экономикалық, қаржылық және басқарушылық консультация беру;
    бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық есептiлiктi жасау мәселелерi бойынша консультация беру;
    бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық есептiлiктi жасау, салық салу, аудит және қаржы-шаруашылық қызметтi талдау мен қаржылық жоспарлау бойынша оқыту;
    бухгалтерлiк есептi жүргiзудi және қаржылық есептiлiктi жасауды автоматтандыру жөнiнде ұсынымдар беру, бухгалтерлiк есептi жүргiзу мен қаржылық есептiлiктi жасауды автоматтандыруға үйрету;
    бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық есептiлiктi жасау, аудит, қаржы-шаруашылық қызметтi талдау және қаржылық жоспарлау, аудит стандарттары бойынша ілеспе қызметтер көрсету жөнінде әдістемелік құралдар мен ұсынымдар әзірлеу, сондай-ақ оларды тарату;
    аудиторлық қызметке байланысты заң қызметтерiн көрсету
    5
    Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алған немесе ерікті түрде шыққан немесе шығарылған күннен бастап бір ай ішінде, сондай-ақ кәсіби ұйым аккредиттеуден айырылған кезде аудиторлық ұйымның кәсіби аудиторлық ұйымға кіргенін растайтын құжаттардың болуы
    6
    Аудитті жүзеге асыру кезінде мүліктік зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартының болуы
    7
    Аудит жүргізуге арналған шарттың болуы
    8
    Аудит жүргiзу және (немесе) аудит стандарттары бойынша ілеспе және басқа да қызметтер көрсетуге арналған шарттың болуы: шарттың нысанасы, мерзiмi, ақы төлеу мөлшерi мен талаптары, тараптардың құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi, алынған ақпараттың құпиялылығы, сондай-ақ кәсіби ұйымға мүшелігі
    9
    Аудиттелетін субъектіге бухгалтерлік есеп жүргізуде, қаржылық есептілікте және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпаратта анықталған бұзушылықтар туралы ақпаратты беру (оның ішінде мемлекеттік мекемелерде)
    10
    Аудиторлық ұйымның соңғы үш жылда азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарты жасалған ұйымдарға аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит, өзге де ақпарат аудитін жүргізу құқығына шектеулерді сақтауы
    11
    Аудиторлық ұйымның соңғы үш жылда бухгалтерлік есепті қалпына келтіру және жүргізу, қаржылық есептілікті жасау және (немесе) ішкі аудит бойынша (бухгалтерлік есеп және (немесе) қаржылық есептілік бөлігінде) көрсетілген қызметтер ұсынылған ұйымдардың квазимемлекеттік сектор субъектілеріне аудит, салықтар бойынша аудит, арнайы мақсаттағы аудит, өзге де ақпарат аудитін жүргізуге тыйым салуды сақтауы
    12
    Мәліметтерді тіркеу, мәліметтер мен құжаттарды сақтау, құжаттарды қорғау шараларын сақтау бөлігінде әзірленген ішкі бақылау қағидаларының және оны жүзеге асыру бағдарламаларының болуы; қаржылық мониторингке жататын ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операциялар туралы ақпаратты уақтылы ұсыну немесе ұсынбау; клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөнінде шаралар қабылдау; ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтату және (немесе) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтату жөніндегі шаралар туралы ақпарат беру; клиентке Іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды жүргізуден бас тарту және (немесе) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды жүргізуден бас тарту жөніндегі міндеттерді орындау және (немесе) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды Іскерлік қатынастар және ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жүргізу; ішкі бақылау қағидаларында бекітілген Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында даярлау мен оқыту бағдарламасын орындау; қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беру туралы өз клиенттеріне және өзге де тұлғаларға хабарламау жөніндегі талаптарды сақтау
    13
    Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың аудиторлық есептің дұрыстығын қамтамасыз етуі
    14
    Аудит стандарттарын, Әдеп кодексін сақтау
    15
    Ең төменгі талаптарға сәйкес келетін аудиторлық ұйымның міндетті аудит жүргізуі:
    1) ұйымдар бойынша:
    кәсіби кеңес қорытындысының және (немесе) мүшесі аудиторлық ұйым болып табылған өткiзiлген сыртқы сапаны бақылаудың нәтижелері бойынша аудиторлық ұйымның халықаралық аудит стандарттары және Этика кодексі талаптарының сақталуын растайтын аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымның қорытындысының бар болуы;
    аудиторлық қызметтер көрсетуге шартты жасаған күнге дейін соңғы 1 (бір) жыл ішінде әкiмшiлiк жазалардың болмауы;
    аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының болуы;
    бір ұйыммен, оның ішінде қаржы ұйыммен 7 (жеті) жыл бойы аудитті үздіксіз жүзеге асырылған жағдайда ротациялауға жатады.
    2) ұлттық компаниялардың, ұлттық холдингтердің және ұлттық басқарушы холдингтердің, жер қойнауын пайдаланушылардың аудиті бойынша:
    аудиторлық ұйым басшысының аудиторлық қызметпен айналысу мерзімі кемінде 5 (бес) жыл;
    қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары бойынша кемінде 10 (он) аудиттелетін субъектілер бойынша аудиторлық есептердің болуы;
    кәсіби бухгалтер сертификаты бар кемінде 2 (екі) маманның болуы.
    3) Қаржы ұйымдары және «Қазақстанның Даму Банкі» Акционерлік қоғамы бойынша аудиторлық ұйымның құрамында:
    бухгалтерлік есеп және аудит саласында Certified Public Accountant (CPA), The Association of Chartered Certified Accountants (ACCA), The Chartered Institute of Management Accountants (CIMA), The Institute of Chartered Accountants in England and Wales (ICAEW), Certified Management Accountant (CMA), Certified Internal Auditor (CIA), Institute of Internal Auditors (IIA), Certified Financial Services Auditor (CFSA) бірінде толық біліктігі бар, немесе соңғы бес жылдың 3 (үш) жыл ішінде тиісті ұйымдардың аудиті саласында жұмыс тәжірибесімен бірге «аудитор» деген бiлiктiлiк куәлiгi бар топтың басшысы болып табылатын маманы бар;
    құрамында бухгалтерлік есеп және аудит саласында Certified Public Accountant (CPA), The Association of Chartered Certified Accountants (ACCA), The Chartered Institute of Management Accountants (CIMA), The Institute of Chartered Accountants in England and Wales (ICAEW), Certified Management Accountant (CMA), Certified Internal Auditor (CIA), Institute of Internal Auditors (IIA), Certified Financial Services Auditor (CFSA) бірінде толық біліктігі бар немесе соңғы бес жылдың 2 (екі) жыл ішінде тиісті ұйымдардың аудиті саласында жұмыс тәжірибесімен бірге «аудитор» біліктігі бар кемінде 2 (екі) маманы бар;
    аудит жүргізу және (немесе) басқа да қызметтер көрсету кезінде аудиттелетін қаржы ұйымы алдында өтелмеген қарызы болмауы;
    аудит жүргізу және (немесе) басқа да қызметтер көрсету кезінде құрамында аудиттелетін қаржы ұйымының алдында банктік қарыз шарты бойынша және (немесе) микрокредит шарты бойынша берешегі жоқ аудитор және (немесе) топ басшысы
    16
    Салықтар бойынша аудиторлық қорытындыны аудиттелетін субъектінің орналасқан жеріндегі мемлекеттік кіріс органына ұсынуы
    17
    2 (екі) ай ішінде «4»-тен төмен баға алған жағдайда, сапаны бақылау комитетінің және (немесе) кәсіби аудиторлық ұйымның шешімімен айқындалатын мерзімде анықталған кемшіліктерді жоюуы

    Лауазымды адам (адамдар)________________________________________ _____________________________________________________________________ лауазымы қолы _____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Бақылау субъектісінің басшысы _____________________________________________________________________ лауазымы қолы _____________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    Қазақстан Республикасы Премьер-

    Министрінің орынбасары –

    Ұлттық экономика министрі

    2025 жылғы 29 желтоқсандағы

    № 137 мен

    Қазақстан Реcпубликасының

    Қаржы министрі

    2025 жылғы 29 желтоқсандағы

    № 815 бірлескен бұйрығына

    4-қосымша

    Қазақстан Республикасының

    Премьер-Министрінің

    Бірінші орынбасары –

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы министрінің

    2019 жылғы 15 шілдедегі

    № 724 және

    Қазақстан Республикасы Ұлттық

    экономика министрінің

    2019 жылғы 16 шілдедегі

    № 65 бірлескен бұйрығына

    3-қосымша

    Тексеру парағы

    Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес аудиторлық қызмет саласындағы кәсіби аудиторлық ұйымдарға қатысты

    Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы

    Тексеруді/ бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган _____________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________

    Тексеруді/ бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт__________________________________________________________________

    № ______________________ күні ____________________________________

    Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы ___________________________

    Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі),бизнес-сәйкестендіру нөмірі______________________________________

    Орналасқан жерінің мекенжайы _____________________________________

    _____________________________________________________________________

    Та­лап­тар тіз­бе­сі
    Та­лап­тар­ға сәй­кес ке­ле­ді
    Та­лап­тар­ға сәй­кес кел­мей­ді
    1
    Уәкі­лет­ті ор­ган­ға уақ­ты­лы және дұ­рыс есеп­ті­лік­ті ұсы­ну;
    Кә­сі­би ауди­тор­лық ұй­ым­ның қыз­ме­ті ту­ра­лы жар­ты­жыл­дық есеп (есеп­ті ке­зең­нен кей­ін­гі ай­дың 15-іне дей­ін) ұсы­ну.
    2
    Уәкі­лет­ті ор­ган­ға уақ­ты­лы және дұ­рыс есеп­ті­лік­ті ұсы­ну;
    Кә­сі­би ауди­тор­лық ұй­ым­ның ауди­тор­лар­дың бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру кур­ста­рын өт­кі­зуі және сер­ти­фи­кат­тар бе­руі ту­ра­лы жыл сай­ын­ғы есеп (есеп­ті ке­зең­нен кей­ін­гі жыл­дың 1 на­уры­зы­на дей­ін) ұсы­ну.
    3
    Уәкі­лет­ті ор­ган­ға уақ­ты­лы және дұ­рыс есеп­ті­лік­ті ұсы­ну; Мін­дет­ті аудит­ті жүр­гі­зе­тін ауди­тор­лық ұй­ым­дар­дың ең аз та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гі ту­ра­лы тоқ­сан сай­ын­ғы есеп (есеп­ті ке­зең­нен кей­ін­гі ай­дың 15-іне дей­ін) ұсы­ну.
    4
    Уәкі­лет­ті ор­ган­ға уақ­ты­лы және дұ­рыс есеп­ті­лік­ті ұсы­ну;
    Ауди­тор­лық қыз­мет жө­нін­де­гі кә­сі­би ке­ңе­стің, кә­сі­би ауди­тор­лық ұй­ым­ның са­па­ны сырт­қы ба­қы­лау объ­ек­ті­ле­рі бо­лып та­был­май­тын ауди­тор­лық ұй­ым­дар­дың са­па­сы­на жүр­гі­зі­л­ген сырт­қы са­па ба­қы­ла­уы ту­ра­лы тоқ­сан сай­ын­ғы есеп (есеп­ті ке­зең­нен кей­ін­гі ай­дың 15-іне дей­ін) ұсы­ну.
    5
    Кә­сі­би ұй­ым кә­сі­би ке­ңе­стің са­па­ны сырт­қы ба­қы­лау объ­ек­ті­ле­рі бо­лып та­был­май­тын ауди­тор­лық ұй­ым­дар­ға қа­ты­сты са­па­ны сырт­қы ба­қы­лау жүр­гі­зу 3 (үш) жыл­да бiр рет жүр­гі­зу.
    6
    Кә­сі­би ұй­ым­ның құ­ры­л­тай­шы­ла­ры мен қа­ты­су­шы­ла­ры­ның бо­лып та­бы­ла­тын ауди­тор­лар неме­се ауди­тор­лық ұй­ым­дар­дың ға­на бо­луы.
    7
    Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ес­кер­ту ха­ты шы­ға­ры­л­ған се­беп­тер­ді 3 (үш) ай ішін­де жою.
    8
    Мү­ше­лер қа­был­да­ған (шы­ғып кет­кен, шы­ға­ры­л­ған), сон­дай-ақ бас­қа­ру жұ­мыс ор­га­ны­ның дер­бес құ­ра­мы өзгер­ген жағ­дай­да, осы өзгерiстер ту­ра­лы уәкiлет­тi ор­ган­ға ха­бар­лау.
    9
    Өз қыз­ме­тін ауди­тор ре­т­ін­де жү­зе­ге асы­ра­тын ауди­тор­лар­дың ға­на са­па­ға сырт­қы ба­қы­лау жүр­гі­зуі.
    10
    Са­па­ны жос­пар­дан тыс сырт­қы ба­қы­лау негіз­де­рін сақ­та­уы:
    ауди­тор­лар­дың, ауди­тор­лық ұй­ым­дар­дың және кә­сіп­тік ұй­ым­дар­дың әре­кет­те­ріне (әре­кет­сіз­ді­гіне) өті­ніш кә­сі­би ке­ңес неме­се кә­сі­би ұй­ым­мен ал­ған жағ­дай­да;
    ауди­тор­лар және (неме­се) ауди­тор­лық ұй­ым­дар жұ­мысы­ның нәти­же­ле­рі­мен кел­іс­пе­ген жағ­дай­да;
    кә­сі­би ке­ңе­стің са­па­ны сырт­қы ба­қы­лау объ­ек­ті­ле­рі­нің ба­ста­ма­сы бой­ын­ша;
    ауди­тор­лар­дың, ауди­тор­лық ұй­ым­дар­дың және кә­сіп­тік ұй­ым­дар­дың қыз­ме­тіне бай­ла­ны­сты ке­ліп түс­кен өті­ніш­тер­ге сәй­кес уәкі­лет­ті ор­ган­ның ба­ста­ма­сы бой­ын­ша.
    11
    Ауди­тор­лық ұй­ым­дар - кә­сі­би ұй­ым мү­ше­ле­рі­нің ор­та­ша са­ны­ның 10 (он) пай­ы­зын­да, бі­рақ ке­мін­де 5 (бе­се­уін­де) күн­тіз­бе­лік 12 (он екі) ай ішін­де ауди­тор­лық қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға бе­рі­л­ген ли­цен­зи­я­сы­нан ай­ы­ры­лу фак­ті­ле­рі­нің бол­мауы.
    12
    Бе­кі­ті­л­ген іш­кі жос­пар бой­ын­ша әр­бір ауди­тор­лық ұй­ым бой­ын­ша са­па­ға жос­пар­лы сырт­қы ба­қы­лау жүр­гі­зу мер­зім­де­рі­нің сақ­та­луы.
    13
    Ауди­тор­лар­мен сырт­қы са­па­ны ба­қы­лау жүр­гі­зу мер­зі­мі 10 (он) жұ­мыс кү­ні­нен ас­пай­ды.
    14
    Сырт­қы са­па­ны ба­қы­лау қо­ры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша ба­ға­ны ай­қын­дау мер­зі­мі 2 (екі) ай­дан ас­пай­ды.
    15
    Са­па­ға сырт­қы ба­қы­лау жүр­гі­зу тәр­ті­бін сақ­тау:
    са­па­ны сырт­қы ба­қы­лау рә­сі­мін ұй­ым­да­сты­ру жө­нін­де­гі мә­се­ле­ле­рі;
    са­па­ға сырт­қы ба­қы­лау рә­сі­міне қа­тыс­қан ба­қы­ла­у­шы­ның не бас­қа адам­дар­ды шет­те­ту­дің (өзді­гі­нен бас тар­ту­дың) негіз­де­рі;
    са­па­ға сырт­қы ба­қы­лау жүр­гі­зу­дің бағ­дар­ла­ма­сы мен ке­зең­де­рі;
    құ­ры­л­тай­шы және құқық бел­гі­ле­у­ші құ­жат­тар, ли­цен­зи­я­лар, ауди­тор­лар­дың бі­лік­ті­лік ку­ә­лік­те­рі, ауди­тор­лар­дың бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру бой­ын­ша құ­жат­тар, кадр­лық құ­рам жө­нін­де­гі құ­жат­тар, аудит са­па­сы­на сырт­қы ба­қы­лау жө­нін­де­гі іш­кі құ­жат­тар, орын­дал­ған ауди­тор­лық тап­сыр­ма­лар бой­ын­ша жұ­мыс құ­жат­та­ры қам­ты­ла­тын ауди­тор­лық ұй­ым­ның са­па­сы­на сырт­қы ба­қы­ла­уды жүр­гізу­ге жа­та­тын құ­жат­та­ры­ның тіз­бе­сі;
    са­па­ға сырт­қы ба­қы­ла­у­ға жа­та­тын аудит бой­ын­ша жо­ба­лар­ды ірік­теу, сон­дай-ақ мүд­де­лер қақ­тығ­ы­сын бол­дыр­май­тын ба­қы­ла­у­шы­лар­ды ірік­теу өл­шем­шар­тта­ры (тәу­ел­сіз­дік­ті қам­та­ма­сыз ету);
    ауди­тор­лық қыз­мет көр­се­ту шар­тын орын­да­у­ға ауди­тор­лық ұй­ым жол­да­ған ре­сур­стар­дың жет­кі­лік­ті­лі­гі;
    ауди­тор­лық ұй­ым­ның са­па­сы­на іш­кі ба­қы­лау жүй­е­сі;
    іш­кі ба­қы­лау қа­ғи­да­ла­ры­ның және олар­ды жү­зе­ге асы­ру­дың мы­на­дай бағ­дар­ла­ма­ла­ры­ның бо­луы:
    қыл­мыстық жол­мен алын­ған кі­рі­стер­ді заң­да­сты­ру­ға (жы­лы­ста­ту­ға), тер­ро­ризмді қар­жы­лан­ды­ру­ға және жап­пай қы­рып-жою қа­руын та­ра­ту­ды қар­жы­лан­ды­ру­ға қар­сы іс-қи­мыл жа­сау мақ­са­тын­да іш­кі ба­қы­ла­уды ұй­ым­да­сты­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры;
    тех­но­ло­ги­я­лық же­ті­стіктер­ді пай­да­ла­ну тәу­е­ке­лін қо­са ал­ған­да, кли­ент­тер­дің тәу­е­кел­де­рін және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді қыл­мыстық мақ­сат­тар­да пай­да­ла­ну тәу­е­кел­де­рін ес­ке­ре­тін, қыл­мыстық жол­мен алын­ған кі­рі­стер­ді заң­да­сты­ру (жы­лы­ста­ту), тер­ро­ризмді қар­жы­лан­ды­ру және жап­пай қы­рып-жою қа­руын та­ра­ту­ды қар­жы­лан­ды­ру­ға тәу­е­ке­лін бас­қа­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры;
    кли­ент­тер­ді сәй­кестен­ді­ру бағ­дар­ла­ма­сын;
    кли­ент­тер­дің күр­де­лі, ерекше ірі және бас­қа да ерекше опе­ра­ци­я­ла­рын зер­де­ле­уді қо­са ал­ған­да, кли­ент­тер­дің опе­ра­ци­я­ла­ры­на мо­ни­то­ринг жүр­гі­зу және олар­ды зер­де­леу бағ­дар­ла­ма­сын;
    қар­жы мо­ни­то­рин­гі субъ­ек­ті­ле­рін қыл­мыстық жол­мен алын­ған кі­рі­стер­ді заң­да­сты­ру­ға (жы­лы­ста­ту­ға), тер­ро­ризмді қар­жы­лан­ды­ру­ға және жап­пай қы­рып-жою қа­руын та­ра­ту­ды қар­жы­лан­ды­ру­ға қар­сы іс-қи­мыл са­ла­сын­да да­яр­лау және оқы­ту бағ­дар­ла­ма­сын;
    же­ке­ле­ген ауди­тор­лық тап­сыр­ма­лар­дың са­па­сын тек­се­ру мә­се­ле­ле­рі;
    са­па­ны ба­қы­лау ко­ми­те­ті мен кә­сі­би ұй­ым са­па­ға сырт­қы ба­қы­лау жүр­гі­зу ба­ры­сын­да қол жет­кіз­ген ақ­па­рат­ты қор­ғауды қам­та­ма­сыз ету жө­нін­де­гі ша­ра­лар;
    ба­қы­ла­у­шы­лар­дың есеп­ті­лі­гі мен ауди­тор­лық ұй­ым­ның са­па­ға сырт­қы ба­қы­ла­удан өту нәти­же­ле­рін ре­сім­деу
    ауди­тор­лық ұй­ым­ның са­па­ны сырт­қы ба­қы­ла­удан өту нәти­же­ле­рін іс­ке асы­руы жө­нін­де­гі ша­ра­лар.

    Лауазымды адам (адамдар) _____________________________________________ ___________________________________________________________________________ лауазымы қолы ___________________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Бақылау субъектісінің басшысы______________________________________________ лауазымы қолы ________________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    Қазақстан Республикасы Премьер-

    Министрінің орынбасары –

    Ұлттық экономика министрі

    2025 жылғы 29 желтоқсандағы

    № 137 мен

    Қазақстан Реcпубликасының

    Қаржы министрі

    2025 жылғы 29 желтоқсандағы

    № 815 бірлескен бұйрығына

    5-қосымша

    Қазақстан Республикасының

    Премьер-Министрінің

    Бірінші орынбасары –

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы министрінің

    2019 жылғы 15 шілдедегі

    № 724 және

    Қазақстан Республикасы Ұлттық

    экономика министрінің

    2019 жылғы 16 шілдедегі

    № 65 бірлескен бұйрығына

    4-қосымша

    Тексеру парағы

    Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес аудиторлық қызмет саласындағы аудиторлық ұйымдарға қатысты

    Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы

    Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган__________________________

    ____________________________________________________________________

    Тексеруді тағайындау туралы акт ___________________________________

    № ____________________________ күні______________________________

    Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы____________________________

    Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі),бизнес-сәйкестендіру нөмірі______________________________________

    Орналасқан жерінің мекенжайы _____________________________________

    _____________________________________________________________________

    Талаптар тізбесі
    Талаптарға сәйкес келеді
    Талаптарға сәйкес келмейді
    1
    Аудиторлық ұйымның құрамында кемінде 2 (екі) адамнан тұратын (оның ішінде басшысының және (немесе) құрылтайшылардың (қатысушылардың) болуы
    2
    Аудитордың өз қызметін аудитор ретінде тек бір аудиторлық ұйымның құрамында жүзеге асыруы
    3
    Аудиторлық ұйымның жарғылық капиталында аудиторға (аудиторларға) және (немесе) шетелдік аудиторлық ұйымға (ұйымдарға) тиесілі үлесінің кемінде жүз пайыз болуы
    4
    Аудиторлық ұйымның басшысына қатысты бұрын ол жетекшілік еткен аудиторлық ұйымның лицензиясынан айыру туралы мәліметтердің болмауы
    5
    Аудиторлық ұйым басшысының, сондай-ақ аудиторларда аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы берген «аудитор» біліктілік куәлігінің болуы
    6
    Филиал басшысының Қазақстан Республикасының аумағында филиал құрған жағдайда, «аудитор» бiлiктiлiк куәлiгiнің болуы
    7
    Орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылады
    8
    Қазақстан Республикасының аумағында аудиторлық қызметтi жүзеге асыратын аудиторлық ұйым Қазақстан Республикасының резиденті-басқа аудиторлық ұйымның қатысушысы болмайды

    Лауазымды адам (адамдар)_________________________________________ _____________________________________________________________________ лауазымы қолы _____________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Бақылау субъектісінің басшысы _____________________________________________________________________ лауазымы қолы _____________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    Қазақстан Республикасы Премьер-

    Министрінің орынбасары –

    Ұлттық экономика министрі

    2025 жылғы 29 желтоқсандағы

    № 137 мен

    Қазақстан Реcпубликасының

    Қаржы министрі

    2025 жылғы 29 желтоқсандағы

    № 815 бірлескен бұйрығына

    6-қосымша

    Қазақстан Республикасының

    Премьер-Министрінің

    Бірінші орынбасары –

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы министрінің

    2019 жылғы 15 шілдедегі

    № 724 және

    Қазақстан Республикасы Ұлттық

    экономика министрінің

    2019 жылғы 16 шілдедегі

    № 65 бірлескен бұйрығына

    5-қосымша

    Тексеру парағы

    Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес аудиторлық қызмет саласындағы кәсіби аудиторлық ұйымдарға қатысты

    Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы

    _____________________________________________________________________

    Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________

    _____________________________________________________________________

    Тексеруді тағайындау туралы акт ___________________________________.

    №, _________________________________ күні ________________________

    Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы ___________________________

    _____________________________________________________________________

    Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі),бизнес-сәйкестендіру нөмірі______________________________________

    Орналасқан жерінің мекенжайы_____________________________________

    _____________________________________________________________________

    Талаптар тізбесі
    Талаптарға сәйкес келеді
    Талаптарға сәйкес келмейді
    1
    Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар ғана кәсіби ұйымдардың құрылтайшылары мен қатысушылары болуы
    2
    Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар бір ғана кәсіби ұйымның мүшесі болуы
    3
    Кәсіби ұйымдардың басқару органы соңғы бес жылдың ішінде кемінде 3 жыл аудит саласында жұмыс тәжірибесі бар кемінде үш аудитор - кәсіби ұйымның мүшелері қатарынан құрылады
    4
    Кәсіби ұйымда жұмыс органдарының болуы:
    сапаны бақылау бойынша;
    аудит және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары бойынша;
    аудиторлардың біліктілігін арттыру бойынша;
    әдеп мәселелері бойынша;
    дауларды қарау бойынша

    Лауазымды адам (адамдар)_______________________________________ _____________________________________________________________________ лауазымы қолы _____________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Бақылау субъектісінің басшысы____________________________________ _____________________________________________________________________ лауазымы қолы ____________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.