Алматы қаласының автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық салық мөлшерлемесі туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 желтоқсан 2025 ж.

    Алматы қаласының автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық салық мөлшерлемесі туралы

    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 577-бабына және 581-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес автотұрақтардың (паркингтердің) санатына қарай Алматы қаласының автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық салық мөлшерлемесі ұлғайтылсын.

    2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Алматы қаласы мәслихатының төрағасы

    М. Отыншиев

    Алматы қаласы мәслихатының

    2025 жылғы 30 желтоқсандағы

    № 275 шешіміне қосымша

    Автотұрақтардың (паркингтердің) санатына қарай Алматы қаласының автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық салық мөлшерлемесі

    Автотұрақтардың (паркингтердің) санаты
    Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерлерді қоспағанда, Алматы қаласының жерлеріне бір шаршы метр үшін базалық салық мөлшерлеме (теңге)
    Базалық мөлшерлемені ұлғайту мөлшері
    Теңгемен ұлғайту мөлшерін ескере отырып, автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген Алматы қаласының жерлеріне базалық салық мөлшерлемесі
    I санат
    28,95
    -
    28,95
    II санат
    28,95
    2 рет
    57,9
    III санат
    28,95
    5 рет
    144,75
    IV санат
    28,95
    10 рет
    289,5

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.