2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет пен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Аудандардың (қалалардың) бюджеттерінен облыстық бюджетке 2026 жылға арналған бюджеттік алып қоюлар 29 259 754 мың теңге сомасында белгіленсін, оның ішінде:
Жезқазған қаласынан – 24 609 171 мың теңге,
Сәтбаев қаласынан – 3 746 266 мың теңге,
Ұлытау ауданынан – 904 317 мың теңге.
2. Аудандардың (қалалардың) бюджеттерінен облыстық бюджетке 2027 жылға арналған бюджеттік алып қоюлар 36 181 395 мың теңге сомасында белгіленсін, оның ішінде:
Жезқазған қаласынан – 27 743 935 мың теңге,
Қаражал қаласынан – 1 785 346 мың теңге,
Сәтбаев қаласынан – 3 615 999 мың теңге,
Ұлытау ауданынан – 3 036 115 мың теңге.
3. Аудандардың (қалалардың) бюджеттерінен облыстық бюджетке 2028 жылға арналған бюджеттік алып қоюлар 36 949 122 мың теңге сомасында белгіленсін, оның ішінде:
Жезқазған қаласынан – 28 261 818 мың теңге,
Қаражал қаласынан – 2 477 573 мың теңге,
Сәтбаев қаласынан – 3 740 777 мың теңге,
Ұлытау ауданынан – 2 468 954 мың теңге.
4. Облыстық бюджеттен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін 2026 жылға арналған бюджеттік субвенциялар 2 586 842 мың теңге сомасында белгіленсін, оның ішінде:
Жаңаарқа ауданына – 1 271 127 мың теңге,
Қаражал қаласына – 1 315 715 мың теңге.
5. Облыстық бюджеттен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін 2027 жылға арналған бюджеттік субвенциялар 1 680 501 мың теңге сомасында белгіленсін, оның ішінде:
Жаңаарқа ауданына – 1 680 501 мың теңге.
6. Облыстық бюджеттен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін 2028 жылға арналған бюджеттік субвенциялар 1 576 503 мың теңге сомасында белгіленсін, оның ішінде:
Жаңаарқа ауданына – 1 576 503 мың теңге.
7. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді және 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейін әрекет етеді.
Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы
Б.Шингисов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.