Түркістан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түркістан қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) «Түркістан қаласының коммуналдық меншігіндегі акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестердің дивиденттерінің көлемін белгілеу туралы» Түркістан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы №146 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5388 болып тіркелген);
2) «Қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» Түркістан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы №147 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5391 болып тіркелген).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ә. Пазылбекұлы
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.