«Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» Бейнеу ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қыркүйектегі № 210 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 25 желтоқсан 2025 ж.

    «Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» Бейнеу ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қыркүйектегі № 210 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі және «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңдарына сәйкес Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» Бейнеу ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қыркүйектегі № 210 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3993 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күннен соң қолданысқа енгізіледі.

    Бейнеу ауданының әкімі

    Р.Шалбаев

    Бейнеу ауданы әкімдігінің

    2025 жылғы 25 желтоқсандағы

    № 328 қаулысына қосымша

    Бейнеу ауданы әкімдігінің

    2019 жылғы 4 қыркүйектегі

    № 210 қаулысымен бекітілген

    Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі

    Автомобиль жолдарының индексі
    Автомобиль жолдарының атауы
    Жалпы ұзындығы
    1
    KR-BG-1
    Боранқұл-Сарықамыс автомобиль жолы
    80 шақырым
    2
    KR-BG-2
    Сыңғырлау-Сам-Ноғайты-Тұрыш автомобиль жолы
    73 шақырым
    3
    KR-BG-3
    Ақжігіт-Сам автомобиль жолы
    25 шақырым
    4
    KR-BG-4
    Сарға ауылына кіреберіс
    4 шақырым
    5
    KR-BG-5
    Есет ауылына кіреберіс
    1,723 шақырым
    6
    KR-BG-6
    Тәжен ауылына кіреберіс
    2,7 шақырым

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.