2025-2026 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 тамыз 2025 ж.

    2025-2026 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

    «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. 2025-2026 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. «Түркістан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі:

    1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

    2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Д. Тәжібаевқа жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Облыс әкімі

    Н. Көшеров

    Түркістан облысы әкімдігінің

    2025 жылғы ___________

    №_____қаулысына қосымша

    2025-2026 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

    мамандық атауы
    2025-2026 оқу жылына арналған мемле-кеттік білім беру тапсырысы-ның көлемі
    Оқу жылы/жылына 1 студентті оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (мың.теңге)
    ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары
    басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары
    1
    Жасанды интеллект және үлкен деректерді талдау
    50
    2 819,025
    2
    Бағдарламалық қамтамасыз ету
    50
    2 819,025
    3
    Исламтану
    5
    1 055,917
    4
    Аллергология және иммунология (ересектер)
    1
    1 939 900
    1 811 300
    5
    Аллергология және иммунология (балалар)
    1
    1 939 900
    1 811 300
    6
    Анестезиология және реаниматология (ересектер)
    8
    1 939 900
    1 811 300
    7
    Анестезиология және реаниматология (балалар)
    2
    1 939 900
    1 811 300
    8
    Физиатрия (ересектер)
    3
    1 939 900
    1 811 300
    9
    Неврология (ересектер)
    7
    1 939 900
    1 811 300
    10
    Клиникалық фармакология
    14
    1 939 900
    1 811 300
    11
    Кезек күттірмейтін медицина (ересектер, балалар)
    6
    1 939 900
    1 811 300
    12
    Жалпы хирургия
    7
    1 939 900
    1 811 300
    13
    Психиатрия (ересектер)
    3
    1 939 900
    1 811 300
    14
    Психиатрия (балалар)
    2
    1 939 900
    1 811 300
    15
    Радиология
    4
    1 939 900
    1 811 300
    16
    Травматология-ортопедия (ересектер)
    2
    1 939 900
    1 811 300
    17
    Инфекциялық аурулар (ересектер, балалар)
    2
    1 939 900
    1 811 300
    18
    Физикалық медицина және оңалту (балалар)
    3
    1 939 900
    1 811 300
    19
    Клиникалық зертханалық диагностика
    3
    1 939 900
    1 811 300
    20
    Терапия
    3
    1 939 900
    1 811 300
    21
    Педиатрия
    4
    1 939 900
    1 811 300

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.