«Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 желтоқсан 2025 ж.

    «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

     БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12684 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында:

    4-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

    9) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – МҚҚК ААЖ) – картографиялық және атрибутивтік кеңістіктік-үйлестірілген деректерді (геокеңістіктік деректерді) жинауды, сақтауды, өңдеуді, қол жеткізуді, көрсетуді және таратуды қамтамасыз ететін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының мамандандырылған ақпараттық жүйесі;»;

    4-тармақтың 12-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «12-1) объектінің бірегей нөмірі (бұдан әрі – ОБН) – объектіні мониторингілеу мақсатында құрылыс жобаларын әзірлеуге, реконструкциялауға (қайта жоспарлауға және қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды алудан бастап пайдалануға қабылдауға дейін құрылыс объектісі туралы ақпаратты (мәліметтерді) жинау үшін МҚҚК ААЖ-да қалыптастырылатын он сегіз таңбалы сәйкестендіру нөмірі;»

    11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «11. Кезекші топографиялық жоспардың ақпараты және (немесе) мәліметтері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 244 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11111 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізудің және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсынудың қағидаларына сәйкес МҚҚК ААЖ-ға енгізіледі және жеке және заңды тұлғалардың сұрау салуы бойынша қағаз немесе электрондық жеткізгіштерде ұсынылады, не интернет-портал арқылы кезекші топографиялық жоспарға қолжетімділік қамтамасыз етіледі.»;

    35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «35. 1-мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші «электрондық үкімет» веб-порталы, МҚҚК ААЖ (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 4-қосымшаның 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды (бұдан әрі – 1-топтама)/СЖТ және техникалық шарттарды (бұдан әрі – 2-топтама)/тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдарды (бұдан әрі – 3-топтама) ұсыну/ берілген сәулет-жоспарлау тапсырмасын түзету (мазмұнын өзгертпестен) (бұдан әрі – 4-топтама) туралы өтінішті осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолдайды.

    4-қосымшаның 8-тармағында көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

    Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

    Процестің сипатын, қызмет көрсету нысанын, мазмұны мен нәтижесін қоса алғанда, 1-мемлекеттік қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ 1-мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 4-қосымшада жазылған.»;

    37, 38, 39-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «37. МҚҚК ААЖ өтінішті ол келіп түскен күні автоматты түрде тіркейді.

    Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда 1-мемлекеттік қызметті көрсету келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

    38. Көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

    Өтініш беруші құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің «жеке кабинетіне» жолдайды.

    Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші қоса берілген құжаттарды жоспарланған құрылыстың елді мекеннің бекітілген бас жоспарына және елді мекеннің егжей- тегжейлі жоспарлау жобасына немесе дамыту және салу схемасына сәйкестігін қарайды.

    39. Жоспарланған құрылыс елді мекеннің бекітілген бас жоспарына және елді мекеннің егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына немесе дамыту және салу схемасына сәйкес келген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттарды алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлерге сауалнама парағын және сыртқы инженерлік желілер трассасының алдын ала схемасы бар техникалық шарттарды алу үшін ахуалдық схеманы жібереді.

    Көрсетілетін қызметті беруші мынадай құжаттарды қатар дайындайды:

    1-топтама бойынша – егжей-тегжейлі жоспарлау жобасынан немесе елді мекенді дамыту және құрылысын салу схемасынан алынған үзінді көшірмесін, тік жоспарлау белгілерін, жолдар мен көшелердің көлденең қималарын;

    3-топтама бойынша – тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы ЖАО-ның шешімін.

    Инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер жоғарыда көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап сыртқы инженерлік желілер трассасының алдын ала схемасы бар техникалық шарттарды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушіге мынадай мерзімде жібереді:

    техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілер үшін 5 (бес) жұмыс күні;

    техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілер үшін 10 (он) жұмыс күні;

    сыртқы инженерлік желілер трассасының алдын ала схемасы бар техникалық шарттарды беруден дәлелді бас тарту үшін 2 (екі) жұмыс күні.

    Инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер техникалық шарттарды беруден:

    1) көрсетілетін қызметтердің талап етілетін көлемін ұсыну үшін қажетті бос техникалық қуат болмаған;

    2) көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажетті желілер немесе өзге де мүлік болмаған жағдайларда бас тартуға жол беріледі.

    Инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер техникалық шарттарды беруден бас тартқан жағдайда, техникалық шарттарды беруден бас тарту туралы шешімге қызметтерді ұсыну үшін қажетті бос техникалық қуатының тапшылығы, желілердің немесе өзге де мүліктің болмауы туралы дәлелді негіздемені есептеулермен қоса береді.»;

    мынадай мазмұндағы 40-1-тармақпен толықтырылсын:

    «40-1. «Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 қазандағы № 232 бұйрығымен бекітілген Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14483 болып тіркелген) 46-тармағына сәйкес, 1-мемлекеттік көрсетілетін қызметті жүзеге асыру шеңберінде қалыптасатын өтініштер, өтініштер бойынша шешімдер рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде тіркеуге жатады.»;

    41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «41. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 4-қосымшаның 9-тармағында көзделген негіздер бойынша 1-ші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

    Өтініш берушіге себептерін және жою үшін нақты ескертулерді көрсете отырып, дәлелді бас тарту беріледі.

    Өтініш беруші 1-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен 1-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайта жүгінеді.

    Бұрын болған, бірақ көрсетілмеген негіздер бойынша кейіннен бас тартудың болуы мүмкін емес»;

    мынадай мазмұндағы 46-1-тармақпен толықтырылсын:

    «46-1. Жергілікті атқарушы орган елді мекендердің ортақ пайдаланылатын аумақтарын абаттандыру және инженерлік инфрақұрылымды реконструкциялау кезінде осындай жұмыстарды жүргізу туралы шешімдерді МҚҚК ААЖ арқылы тіркеуді жүзеге асырады.

    1-мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жергілікті атқарушы орган МҚҚК ААЖ-да қалыптасатын, елді мекендердің жалпы пайдаланылатын аумақтарын абаттандыру және инженерлік инфрақұрылымды реконструкциялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу туралы шешімнің тіркеу нөмірін көрсетеді.»;

    49, 50, 51-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «49. 2-мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші портал, МҚҚК ААЖ арқылы көрсетілетін қызметті берушіге эскиздің (эскиздік жобаның) электрондық көшірмесін қоса бере отырып, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті жолдайды.

    Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

    Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

    Процестің сипатын, қызмет көрсету нысанын, мазмұны мен нәтижесін қоса алғанда, 2-мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ 2-мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес жазылған.

    50. Өтініш беруші барлық қажетті құжаттарды портал немесе МҚҚА ААЖ арқылы берген кезде – өтініш берушінің «жеке кабинетінде» 2-ші мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, 2-ші мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

    51. МҚҚК ААЖ өтінішті ол келіп түскен күні автоматты түрде тіркейді.

    Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда 2-мемлекеттік қызметті көрсету келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.»;

    54 және 55-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «54. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 6-қосымшаның 9-тармағында көзделген негіздер бойынша 2-ші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

    Өтініш берушіге себептерін және жою үшін нақты ескертулерді көрсете отырып, дәлелді бас тарту беріледі.

    Өтініш беруші 2-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен 2-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайта жүгінеді.

    Бұрын болған, бірақ көрсетілмеген негіздер бойынша кейіннен бас тартудың болуы мүмкін емес.

    55. Эскиз (эскиздік жоба) келісілгеннен кейін МҚҚК ААЖ-да есепке алынады.»;

    мынадай мазмұндағы 55-1-тармақпен толықтырылсын:

    «55-1. «Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 қазандағы № 232 бұйрығымен бекітілген Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14483 болып тіркелген) 46-тармағына сәйкес, 2-көрсетілетін қызметті жүзеге асыру шеңберінде қалыптасатын өтініштер, өтініштер бойынша шешімдер рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде тіркеуге жатады.»;

    61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «61. Инженерлік желілер мен құрылыстардың жобалары барлық сатыларда және олардың барлық түрлері мемлекеттік есептеу жүйесінде топографиялық түсірілім негізінде (қолданылу мерзімі 1 (бір) жылдан аспайды) – Фундаменталды астрономиялық-геодезиялық желі тармақтарымен және Жоғары дәлдіктегі геодезиялық желі тармақтарымен бекітілген 2023 жылғы Қазақстандық жер координаттық есептеу негізінде (Qazaqstan Terrestrial Reference Frame 2023, QazTRF-23) және Қазақстандық биіктіктік есептеу негізінде (Qazaqstan Vertical Reference Frame, QazVRF) орындалады.»;

    66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «66. ЖТҚ үшін бөлінген алаңдар елді мекеннің бекітілген бас жоспарына және елді мекеннің егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына немесе дамыту және құрылысын салу схемасына сәйкес орналастырылады.»;

    78-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «78. Бекітілген жобаға сәйкес кіреберіс есігі мен терезе блоктары (толтыру) орнатылған, ішкі әрлеу жұмыстары аяқталған, қабырғалары мен төбелері сыланған және тегістелген (ішкі қаптау, сылау, тұсқағаз жапсыру жұмыстарынсыз), еден жабынын салу бойынша төсем салынған (таза едендер салусыз), электр кабельдері мен сымдарын өткізу көзделген, пәтер ішіндегі бөлу автоматтары орнатылған (тұрмыстық мақсаттағы электр техникалық аспаптарсыз, газды немесе электрлі ас үй плиталарсыз), аспаптарды орнату орындарына дейін жапқыш арматурасы мен тығындары бар су өткізу және кәріз құбырлары жүргізілген (санитариялық-техникалық жабдық пен аспаптар орнатусыз), сондай-ақ тұтынылған коммуналдық қызметтерді есептеу аспаптары (үйге ортақ және жеке) орнатылған, жылыту аспаптары мен терезелік жақтау тақтайлары орнатылған, егер шартта осы көзделмесе, атап көрсетілгеннен асатын көлемдердегі жұмыстар орындалған, сондай-ақ объекті инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылып салынған, объектінің құрылысына бөлінген аумақты аббатандыру және көгаландыру бойынша жұмыстар орындалған объектілердің (кешендердің) жай-күйі салынған объектілердің (кешендердің) толық әзірлігін білдіреді.

    Ішкі әрлеу (қаптау, сылау, тұсқағаз жапсыру) жұмыстары аяқталған, таза едендер салынған, санитариялық-техникалық жабдық пен аспаптар, тұрмыстық мақсаттағы электр техникалық аспаптар, газды немесе электрлі ас үй плиталары, тұтынылған коммуналдық қызметтерді есептеу аспаптары (үйге ортақ және жеке), пәтерішілік есік блоктары орнатылып және объекті инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылып салынған, объектінің құрылысына бөлінген аумақты аббатандыру және көгаландыру бойынша жұмыстар орындалған объектілердің жай-күйі мемлекеттiк инвестициялардың қатысуымен салынған тұрғын үй объектілерінің толық әзірлігін білдіреді.»;

    79-1, 80, 81 және 81-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «79-1. Тапсырыс беруші объектіні пайдалануға қабылдау актісі бекітілгенге дейін инженерлік желілердің және (немесе) ғимараттардың (құрылыстардың) нақты орналасуының атқарушылық геодезиялық түсірілімін МҚҚК ААЖ тіркеу үшін «Қала құрылысы жобаларын, жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер базасында тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 16 маусымдағы № 172/НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9603 болып тіркелген) Қала құрылысы жобаларын, жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер базасында тіркеу қағидаларына сәйкес жолдайды.

    Сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын ЖАО «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорациясы) құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні өткенге дейін тапсырыс берушінің құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында айқындалған рәсімдерді сақтауын салыстырып тексереді және МҚҚК ААЖ арқылы пайдалануға қабылдау актісін есепке алуды жүргізеді.

    Мемлекеттік қала құрылысы кадастрына пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін әрі қарай енгізуді осы Қағидалардың 81-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.

    80. ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласында функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінде есепке алынған және МҚҚК ААЖ-да ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласында функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесімен енгізілген объектiнi пайдалануға қабылдау актiсi жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеуді жүзеге асыратын мемлекеттiк органда объектiнi тiркеу үшiн негiз болып табылады.

    81. Объектіні пайдалануға қабылдау актілерін жүргізу және есепке алу тәртібі Заңның 75-1-бабымен регламенттеледі.

    Бұл ретте, меншiк иесi пайдалануға дербес қабылдайтын объектiлерге қатысты:

    1) Мемлекеттік корпорация өтініш берушіден осы Қағидалардың 79-1-тармағына сәйкес МҚҚК ААЖ-да тіркелген меншiк иесiнің объектіні пайдалануға дербес қабылдауының бекітілген актісін алған кезден бастап бір күн ішінде инженерлік желілердің және (немесе) ғимараттардың (құрылыстардың) нақты орналасуының атқарушылық геодезиялық түсірілімін қоса бере отырып, оларды объект орналасқан жердегі сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті ЖАО құрылымдық бөлімшесіне жолдайды;

    2) тиісті ЖАО сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі бір жұмыс күн ішінде меншiк иесiнің құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында айқындалған рәсімдерді сақтауын салыстырып тексереді және МҚҚК ААЖ-да пайдалануға қабылдау актісін есепке алуды жүргізеді.

    Бұзушылықтар анықталған кезде Мемлекеттік корпорациядан құжаттарды алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде ол туралы тіркеуші органға жазбаша хабарлайды;

    3) бұзушылықтар болмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорациядан құжаттарды алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде ол туралы тіркеуші органға жазбаша хабарлайды.

    81-1. ОБН-ді беру 1-мемлекеттік қызметті көрсету, 2-мемлекеттік қызметті көрсету, құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау кезеңінде МҚҚК ААЖ арқылы автоматты режимде жүзеге асырылады.»;

    1, 4, 6 және 7-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымша ларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі

    Е. Нагаспаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Жасанды интеллект және

    цифрлық даму министрлігі

    Қазақстан Республикасының

    Өнеркәсіп және

    құрылыс министрінің

    2025 жылғы 29 желтоқсандағы

    № 555

    Бұйрыққа 1- қосымша

    Құрылыс саласындағы құрылыс

    салуды ұйымдастыру және рұқсат беру

    рәсімдерінен өту қағидаларына

    1-қосымша

    Нысан

    ____________________________

    ____________________________

    ____________________________

    Жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну / тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдар алу туралы өтініш

    Өтініш берушінің аты:_______________________________________ _________________________________

    (Жеке тұлғаның тегі, аты, болса – әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы)

    Мекенжайы: _____________________________________________________

    Телефоны:___________________________________________________________

    Тапсырыс беруші: ________________________________________

    Жобаланатын объектінің атауы:____________________________________

    ____________________________________________________________________

    Жобаланатын объектінің мекенжайы:________________________________

    ____________________________________________________________________

    Сізден 1-топтама. Жаңа құрылысқа бастапқы материалдар (СЖТ, тік жоспарлау белгілерін, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасынан немесе елді мекенді дамыту және құрылысын салу схемасынан алынған үзінді көшірмені, жолдар мен көшелердің көлденең қималарын, техникалық шарттарды (бұдан әрі –ТШ), сыртқы инженерлік желілер трассасының схемаларын);

    2-топтама. СЖТ және ТШ;

    3-топтама. Қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдар (тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға ЖАО шешімі), СЖТ, ТШ, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары) беруіңізді сұраймын.

    Жер учаскелері туралы мәліметтер:

    Кадастрлық нөмірі: _______________________

    Қаулының тіркеу нөмірі: __________________

    Құрылыс объектісі туралы мәліметтер:

    ОБН: ___________________________________

    Ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісемін.

    Күні: 20__ жылғы «_____» ________

    Қолы________

    Бұйрыққа 2-қосымша

    Құрылыс саласындағы құрылыс

    салуды ұйымдастыру және рұқсат

    беру рәсімдерінен өту қағидаларына

    4-қосымша

    «Құ­ры­лыс және ре­кон­струк­ция (қай­та жос­пар­лау, қай­та жаб­дық­тау) жо­ба­ла­рын әзір­леу ке­зін­де ба­стап­қы ма­те­ри­ал­дар­ды ұсы­ну» мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар тіз­бе­сі (бұ­дан әрі – Тіз­бе)
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рі­нің ата­уы:
    1. Жа­ңа құ­ры­лы­сқа ба­стап­қы ма­те­ри­ал­дар­ды ұсы­ну;
    2. Сәу­лет-жос­пар­лау тап­сыр­ма­сын және ин­же­нер­лік және ком­му­нал­дық қам­та­ма­сыз ету көз­де­ріне қо­су­ға ар­нал­ған тех­ни­ка­лық шар­ттар­ды ұсы­ну;
    3. Ті­реу және қор­шау (сырт­қы) кон­струк­ци­я­ла­рын, ин­же­нер­лік жүй­е­лер мен жаб­дық­тар­ды өзгер­ту­ге бай­ла­ны­сты қол­да­ны­с­та­ғы ғи­ма­рат­тар мен құ­ры­лы­стар­дың үй-жай­ла­рын (же­ке­ле­ген бө­лік­те­рін) ре­кон­струк­ци­я­лау (қай­та жос­пар­лау, қай­та жаб­дық­тау) үшін ба­стап­қы ма­те­ри­ал­дар­ды ұсы­ну;
    1.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Аста­на, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның, аудан­дар­дың және об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры
    2.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді ұсы­ну жол­да­ры
    Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы неме­се МҚҚК ААЖ ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    3.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зім­де­рі
    1) жа­ңа құ­ры­лы­сқа ба­стап­қы ма­те­ри­ал­дар­ды алу үшін: тех­ни­ка­лық және (неме­се) тех­но­ло­ги­я­лық жа­ғы­нан күр­де­лі емес объ­ек­ті­лер­ді са­лу жо­ба­лар бой­ын­ша - 15 (он бес) жұ­мыс кү­ні;
    тех­ни­ка­лық және (неме­се) тех­но­ло­ги­я­лық жа­ғы­нан күр­де­лі объ­ек­ті­лер­ді са­лу жо­ба­лар бой­ын­ша - 17 (он же­ті) жұ­мыс кү­ні;
    2) сәу­лет-жос­пар­лау тап­сыр­ма­сы (бұ­дан әрі – СЖТ) және ин­же­нер­лік және ком­му­нал­дық қам­та­ма­сыз ету көз­де­ріне қо­су­ға ар­нал­ған тех­ни­ка­лық шар­ттар­ды (бұ­дан әрі – тех­ни­ка­лық шар­ттар):
    тех­ни­ка­лық және (неме­се) тех­но­ло­ги­я­лық жа­ғы­нан күр­де­лі емес объ­ек­ті­лер­ді са­лу жо­ба­лар бой­ын­ша - 9 (то­ғыз) жұ­мыс кү­ні; тех­ни­ка­лық және (неме­се) тех­но­ло­ги­я­лық жа­ғы­нан күр­де­лі объ­ек­ті­лер­ді са­лу жо­ба­лар бой­ын­ша - 15 (он бес) жұ­мыс кү­ні;
    3) ті­реу және қор­шау (сырт­қы) кон­струк­ци­я­ла­рын, ин­же­нер­лік жүй­е­лер мен жаб­дық­та­рын өзгер­ту­ге бай­ла­ны­сты қол­да­ны­с­та­ғы ғи­ма­рат­тар мен құ­ры­лы­стар­дың үй-жай­ла­рын (же­ке­ле­ген бө­лік­те­рін) ре­кон­струк­ци­я­лау (қай­та жос­пар­лау, қай­та жаб­дық­тау) үшін ба­стап­қы ма­те­ри­ал­дар­ды алу үшін - өті­ніш бе­рі­л­ген күн­нен ба­стап 15 (он бес) жұ­мыс кү­ні.
    Дәлел­ді бас тар­ту – 5 (бес) жұ­мыс кү­ні.
    4.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
    Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
    5.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
    1) жа­ңа құ­ры­лы­сқа ба­стап­қы ма­те­ри­ал­дар­ды (бұ­дан әрі - 1-топ­та­ма) алу бой­ын­ша: СЖТ, тік жос­пар­лау бел­гі­ле­рін, ег­жей-тег­жей­лі жос­пар­лау жо­ба­сы­нан неме­се ел­ді ме­кен­ді да­мы­ту және құ­ры­лы­сын са­лу схе­ма­сы­нан алын­ған үзін­ді кө­шір­ме­сі, жол­дар мен кө­ше­лер­дің көл­де­нең қи­ма­ла­рын, тех­ни­ка­лық шар­ттар, сырт­қы ин­же­нер­лік же­лі­лер трас­са­сы­ның схе­ма­ла­ры­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі;
    2) СЖТ және тех­ни­ка­лық шар­ттар­ды (бұ­дан әрі - 2-топ­та­ма) алу бой­ын­ша: СЖТ және тех­ни­ка­лық шар­ттар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі;
    3) ті­реу және қор­шау (сырт­қы) кон­струк­ци­я­ла­рын, ин­же­нер­лік жүй­е­лер мен жаб­дық­та­рын өзгер­ту­ге бай­ла­ны­сты қол­да­ны­с­та­ғы ғи­ма­рат­тар мен құ­ры­лы­стар­дың үй-жай­ла­рын (же­ке­ле­ген бө­лік­те­рін) ре­кон­струк­ци­я­лау (қай­та жос­пар­лау, қай­та жаб­дық­тау) үшін ба­стап­қы ма­те­ри­ал­дар­ды (бұ­дан әрі - 3-топ­та­ма) алу бой­ын­ша: ті­реу және қор­шау (сырт­қы) кон­струк­ци­я­ла­рын, ин­же­нер­лік жүй­е­лер мен жаб­дық­тар­ды өзгер­ту­ге бай­ла­ны­сты қол­да­ны­с­та­ғы ғи­ма­рат­тар­дың үй-жай­ла­рын (же­ке­ле­ген бө­лік­те­рін) ре­кон­струк­ци­я­ла­у­ға (қай­та жос­пар­ла­у­ға, қай­та жаб­дық­та­у­ға) ЖАО ше­ші­мі­нің, СЖТ, тех­ни­ка­лық шар­ттар­дың (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы са­у­ал­на­ма па­ра­ғын ұсын­ған жағ­дай­да), сырт­қы ин­же­нер­лік же­лі­лер трас­са­ла­ры­ның схе­ма­ла­ры­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі;
    осы Тіз­бе­нің 9-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар және негіз­дер бой­ын­ша мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну­дан бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді бас тар­ту.
    6.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де өті­ніш бе­ру­ші­ден алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    те­гін
    7.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс кесте­сі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес жек­сен­бі және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, түс­кі ас­қа үзіл­іспен, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да;
    2) пор­тал­дың, МҚҚК ААЖ – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да тәу­лік бойы (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі өті­ніш біл­дір­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту нәти­же­ле­рі ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
    8.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін өті­ніш бе­ру­ші­ден та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    1) 1 және 2-топ­та­ма­лар бой­ын­ша: осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш; жер учас­ке­сіне құқық бел­гі­лей­тін құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі («Жы­л­жы­май­тын мү­лік­тің бі­рың­ғай мем­ле­кет­тік ка­даст­ры» ақ­па­рат­тық жүй­е­сін­де тір­кел­ме­ген жағ­дай­да);
    осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша са­у­ал­на­ма па­ра­ғы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (тех­ни­ка­лық шар­ттар­ды ал­ған және/неме­се жүк­те­ме­ні арт­ты­ру қа­жет болған жағ­дай­да);
    объ­ек­ті­нің мен­шік ие­ле­рі­нің (тең мен­шік ие­ле­рі­нің) көз­де­ліп отыр­ған өзге­рі­с­ке және оның па­ра­метр­ле­ріне жа­з­ба­ша ке­лі­сі­мі (ре­кон­струк­ци­ядан кей­ін екі қа­бат­тан ас­пай­тын, қо­сым­ша жер учас­ке­сін бө­лу­ді (аумақ­тан те­лім бе­ру­ді) та­лап ет­пей­тін, екі қа­бат­тан ас­пай­тын же­ке тұр­ғын үй­лер­ді ре­кон­струк­ци­я­лау жағ­дай­ын­да); егер жос­пар­ла­нып отыр­ған ре­кон­струк­ция олар­дың мүд­де­ле­рін қоз­ға­ған жағ­дай­да өзгер­ті­ле­тін үй-жай­лар­мен (үй бө­лік­те­рі­мен) ір­ге­лес бас­қа үй-жай­лар­дың (үй бө­лік­те­рі­нің) мен­шік ие­ле­рі­нің но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған жа­з­ба­ша ке­лі­сі­мі (ре­кон­струк­ци­ядан кей­ін екі қа­бат­тан ас­пай­тын, қо­сым­ша жер учас­ке­сін бө­лу­ді (аумақ­тан те­лім бе­ру­ді) та­лап ет­пей­тін, екі қа­бат­тан ас­пай­тын же­ке тұр­ғын үй­лер­ді ре­кон­струк­ци­я­лау жағ­дай­ын­да) (тұр­ғы­н­жай­ға қол­же­тім­ді­лі­гін қам­та­ма­сыз ету­ге бай­ла­ны­сты болған жағ­дай­да крес­ло-ар­ба­мен қоз­ға­ла­тын ті­рек-қи­мыл ап­па­ра­ты бұ­зы­л­ған адам­дар­ға та­лап етіл­мей­ді);
    2) 3-топ­та­ма бой­ын­ша:
    осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш;
    «Тұр­ғын үй қа­ты­на­ста­ры ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 40-ба­бы 3-тар­ма­ғы­на және 42-1-ба­бы­ның 1-тар­ма­ғы­на сәй­кес тұр­ғын үй­дің пәтер­ле­рі, тұр­ғын емес үй-жай­ла­ры мен­шік ие­ле­рі­нің жал­пы са­ны­ның ке­мін­де үш­тен екі бө­лі­гі­нің жа­з­ба­ша ке­лі­сі­мі­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі неме­се, егер өзге­рі­стер кон­до­ми­ни­ум объ­ек­ті­сі­нің ор­тақ мүл­кін қоз­ға­ған жағ­дай­да, тұр­ғын үй­дің пәтер­ле­рі, тұр­ғын емес үй-жай­ла­ры мен­шік ие­ле­рі­нің жи­на­лыс хат­та­ма­сы (тұр­ғы­н­жай­ға қол­же­тім­ді­лі­гін қам­та­ма­сыз ету­ге бай­ла­ны­сты болған жағ­дай­да крес­ло-ар­ба­мен қоз­ға­ла­тын ті­рек-қи­мыл ап­па­ра­ты бұ­зы­л­ған адам­дар­ға та­лап етіл­мей­ді);
    өзгер­ті­ле­тін үй-жай­дың тех­ни­ка­лық пас­пор­ты­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (болған жағ­дай­да);
    осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша тех­ни­ка­лық шар­ттар­ға ар­нал­ған са­у­ал­на­ма па­ра­ғы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (қа­жет болған жағ­дай­да ин­же­нер­лік және ком­му­нал­дық қам­та­ма­сыз ету көз­де­ріне қо­сым­ша қо­су және/неме­се жүк­те­ме­лер­ді ұл­ғай­ту);
    жер учас­ке­сіне құқық бел­гі­лей­тін құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (егер ре­кон­струк­ци­я­лау жер учас­ке­сін қо­сым­ша бө­лу­ді (ке­сіп бе­ру­ді) көз­дей­тін бол­са) («Жы­л­жы­май­тын мү­лік­тің бі­рың­ғай мем­ле­кет­тік ка­даст­ры» ақ­па­рат­тық жүй­е­сін­де тір­кел­ме­ген жағ­дай­да);
    тех­ни­ка­лық жо­ба­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; егер жо­ба­ла­у­шы тех­ни­ка­лық жо­ба­да үй-жай­лар­ды (тұр­ғын үй бө­лік­те­рін) жос­пар­лан­ған ре­кон­струк­ци­я­лау (қай­та жос­пар­лау, қай­та жаб­дық­тау) неме­се үй-жай­лар­дың ше­ка­ра­сын ауы­сты­ру өзгер­ті­ле­тін үй-жай­лар­мен (үй бө­лік­те­рі­мен) жап­сар­лас үй-жай­лар (үй бө­лік­те­рі) мен­шік ие­ле­рі­нің мүд­де­ле­рін қоз­ғай­ты­нын көр­сет­кен жағ­дай­да, егер жос­пар­лан­ған ре­кон­струк­ци­я­лау (қай­та жос­пар­лау, қай­та жаб­дық­тау) неме­се үй-жай­лар­дың ше­ка­ра­сын ауы­сты­ру өзгер­ті­ле­тін үй-жай­лар­мен (үй бө­лік­те­рі­мен) жап­сар­лас үй-жай­лар (үй бө­лік­те­рі) мен­шік ие­ле­рі­нің мүд­де­ле­рін қоз­ғай­тын бол­са, олар­дың но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған жа­з­ба­ша ке­лі­сім­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі қо­сым­ша қо­са бе­рі­ле­ді (тұр­ғы­н­жай­ға қол­же­тім­ді­лі­гін қам­та­ма­сыз ету­ге бай­ла­ны­сты болған жағ­дай­да крес­ло-ар­ба­мен қоз­ға­ла­тын ті­рек-қи­мыл ап­па­ра­ты бұ­зы­л­ған адам­дар­ға та­лап етіл­мей­ді).
    Өзгер­ті­ле­тін үй-жай­лар­мен (үй бө­лік­те­рі­мен) жап­сар­лас үй-жай­лар­дың (үй бө­лік­те­рі­нің) мен­шік ие­ле­рі­нің мүд­де­ле­рі, егер үй-жай­лар­ды (тұр­ғын үй бө­лік­те­рін) жос­пар­лан­ған ре­кон­струк­ци­я­лау (қай­та жос­пар­лау, қай­та жаб­дық­тау) неме­се үй-жай­лар­дың ше­ка­ра­сын ауы­сты­ру өзгер­ті­ле­тін үй-жай­лар­дың (үй бө­лік­те­рі­нің) бір­лес­кен ше­ка­ра­сын қоз­ға­ған жағ­дай­да, сон­дай-ақ, тұ­ру ке­зін­де са­ни­та­ри­я­лық, эко­ло­ги­я­лық, өрт­ке қар­сы шар­ттар на­шар­ла­ған жағ­дай­лар­да ес­ке­рі­ле­ді. Өзге жағ­дай­лар­да өзгер­ті­ле­тін үй-жай­лар­мен (үй бө­лік­те­рі­мен) жап­сар­лас үй-жай­лар­дың (үй бө­лік­те­рі­нің) мен­шік ие­ле­рі­нің бас тар­туы­на жол бе­ріл­мей­ді.
    Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар ту­ра­лы, заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы, же­ке кә­сіп­кер ре­т­ін­де тір­кеу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді, жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке тір­кел­ген құқық­тар (ауырт­па­лық­тар) және оның тех­ни­ка­лық си­патта­ма­ла­ры ту­ра­лы анық­та­ма­ны көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды.
    9.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
    1) мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дәй­ек­сіз­ді­гін анық­тау; 2) өті­ніш бе­ру­ші­нің және (неме­се) мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту­ге қа­жет ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің осы Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі.
    3) ел­ді ме­кен­дер­дің бе­кі­ті­л­ген бас жос­па­ры­ның, ег­жей-тег­жей­лі жос­пар­лау жо­ба­сы­ның неме­се да­мы­ту және құ­ры­лы­сын са­лу схе­ма­сы­ның бол­мауы (қол­да­ны­с­та­ғы ғи­ма­рат­тар мен құ­ры­лы­стар­дың үй-жай­ла­рын (же­ке­ле­ген бө­лік­те­рін) ре­кон­струк­ци­я­ла­удан (қай­та жос­пар­ла­удан, қай­та жаб­дық­та­удан) бас­қа);
    4) жос­пар­лан­ған құ­ры­лы­стың ел­ді ме­кен­дер­дің бе­кі­ті­л­ген бас жос­па­ры­на, ег­жей-тег­жей­лі жос­пар­лау жо­ба­сы­на неме­се да­мы­ту және құ­ры­лы­сын са­лу схе­ма­сы­на сәй­кес кел­ме­уі;
    Өті­ніш бе­ру­ші­нің жер учас­ке­сін ны­са­на­лы мақ­са­ты бой­ын­ша, оның ішін­де ре­кон­струк­ци­я­лау (қай­та жос­пар­лау, қай­та жаб­дық­тау) үшін пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі құқық­та­рын одан әрі іс­ке асы­ру ел­ді ме­кен­дер­дің жа­ңа бас жос­па­рын, ег­жей-тег­жей­лі жос­пар­лау жо­ба­сын неме­се да­мы­ту және құ­ры­лы­сын са­лу схе­ма­сын бе­кі­ту неме­се бе­кі­ті­л­ген­де­ріне өзге­рі­стер ен­гі­зу нәти­же­сін­де мүм­кін бол­ма­ған жағ­дай­да бас тар­ту үшін осы негіз қол­да­ныл­май­ды.
    5) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің та­лап еті­ле­тін кө­ле­мін ұсы­ну үшін қа­жет­ті ар­тық тех­ни­ка­лық қу­ат бол­ма­ған кез­де және (неме­се) же­лі­лер неме­се көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну үшін қа­жет­ті өзге де мү­лік бол­ма­ған кез­де ин­же­нер­лік және ком­му­нал­дық қам­та­ма­сыз ету жө­нін­де­гі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді бе­ру­ші­нің тех­ни­ка­лық шар­ттар­ды бе­ру­ден бас тар­туы;
    6) Заң­ның 17-ба­бын­да бел­гі­лен­ген нор­ма­лар мен та­лап­тар­дың (шар­ттар­дың, қа­ғи­да­лар­дың, шек­те­улер­дің) бұ­зы­луы;
    7) ли­цен­зи­я­сы бар адам­дар орын­да­ған тех­ни­ка­лық жо­ба­ның осы Қа­ғи­да­лар­ға 3-қо­сым­ша­да ба­ян­дал­ған құ­рам мен маз­мұн­ға сәй­кес кел­ме­уі, қол­да­ны­с­та­ғы ғи­ма­рат­тар мен құ­ры­лы­стар­дың үй-жай­ла­рын (же­ке­ле­ген бө­лік­те­рін) та­ғай­ын­да­у­ға қой­ы­ла­тын та­лап­тар ке­ше­нін, сон­дай-ақ сәу­лет, қа­ла құ­ры­лы­сы және құ­ры­лыс са­ла­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік нор­ма­тив­тер­дің та­лап­та­рын көз­де­ме­уі.
    8) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты бел­гі­лі бір мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін қыз­мет­ке неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы;
    9) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға бай­ла­ны­сты ар­найы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­л­ған, заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі­нің бо­луы;
    10) «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ұсы­ны­ла­тын ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы.
    10.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы ұсы­ну ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре­тін өзге де та­лап­тар
    Өті­ніш бе­ру­ші­нің элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы болған жағ­дай­да, мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті элек­трон­дық ны­сан­да алу мүм­кін­ді­гі бар. Өті­ніш бе­ру­ші­нің мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де МҚҚК ААЖ «же­ке ка­би­не­ті», көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма­лық қыз­мет­те­рі, сон­дай-ақ 1414, 8-800-080-7777 Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.

    Бұйрыққа 3-қосымша

    Құрылыс саласындағы құрылыс

    салуды ұйымдастыру және

    рұқсат беру рәсімдерінен

    өту қағидаларына

    6-қосымша

    Нысан

    ____________________________

    ____________________________

    Өтініш

    Өтініш берушінің атауы:

    ____________________________________________________________________ (жеке тұлғаның тегі, аты, болса – әкесінің аты (немесе заңды тұлғаның атауы)

    Мекенжайы:__________________________________________________________

    Телефоны:___________________________________________________________

    Тапсырыс беруші:_____________________________________________________

    Жобаланатын объектінің атауы:_________________________________________

    Жобаланатын объектінің мекенжайы:____________________________________

    Жер учаскелері туралы мәліметтер:

    Кадастрлық нөмірі: ____________________________________________________

    Қаулының тіркеу нөмірі: _______________________________________________

    Құрылыс объектісі туралы мәліметтер:

    ОБН: ___________________

    Сізден эскизді (эскиздік жобаны) келісуіңізді сұраймын.

    Ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісемін.

    Күні: 20__ жылғы «_____» ____________

    Қолы ________

    Бұйрыққа 4-қосымша

    Құрылыс саласындағы құрылыс

    салуды ұйымдастыру және

    рұқсат беру рәсімдерінен

    өту қағидаларына

    7-қосымша

    «Эс­киз­ді (эс­киз­дік жо­ба­ны) ке­лі­су­ден өт­кі­зу» мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар тіз­бе­сі (бұ­дан әрі – Тіз­бе)
    1.
    Қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Аста­на, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның, аудан­дар­дың және об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры.
    2.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сі­лі
    Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы неме­се МҚҚК ААЖ ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    3.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
    10 (он) жұ­мыс кү­ні
    4.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
    элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған).
    5.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
    элек­трон­дық хат – эс­киз­ді (эс­киз­дік жо­ба­ны) ке­лі­су не осы Тіз­бе­нің 9-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар мен негіз­дер бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
    6.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де өті­ніш бе­ру­ші­ден алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны өн­ді­ріп алу тә­сіл­де­рі
    те­гін
    7.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс кесте­сі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес жек­сен­бі және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, түс­кі ас­қа үзіл­іспен, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да;
    2) пор­тал­дың, МҚҚК ААЖ – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да тәу­лік бойы (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі өті­ніш біл­дір­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту нәти­же­ле­рі ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
    8.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін өті­ніш бе­ру­ші­ден та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    осы Қа­ғи­да­лар­дың 6-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш; эс­киз­дің (эс­киз­дік жо­ба­ның) элек­трон­дық кө­шір­ме­сі.
    9.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
    1) 2-мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дәй­ек­сіз­ді­гін анық­тау;
    2) өті­ніш бе­ру­ші­нің және (неме­се) 2-мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту­ге қа­жет ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің осы Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі.
    3) эс­киз­дің (эс­киз­дік жо­ба­ның) осы Қа­ғи­да­лар­ға 3-қо­сым­ша­да жа­зы­л­ған құ­ра­мы мен маз­мұ­ны­на сәй­кес кел­ме­уі;
    4) эс­киз­дің (эс­киз­дік жо­ба­ның) мақ­сат­қа қой­ы­ла­тын та­лап­тар ке­ше­ніне сәй­кес кел­ме­уі;
    5) эс­киз­дің (эс­киз­дік жо­ба­ның) негіз­гі па­ра­метр­лер­ге сәй­кес кел­ме­уі;
    6) эс­киз­дің (эс­киз­дік жо­ба­ның) объ­ек­ті­ні нақ­ты жер учас­ке­сін­де ор­на­ла­сты­ру­ға сәй­кес кел­ме­уі;
    7) эс­киз­дің (эс­киз­дік жо­ба­ның) кө­ше­лер­ді, орам­дар­ды және тұр­ғын алап­тар­ды са­лу­дың сәу­лет-көр­кем­дік ко­ло­ри­сти­ка­сы­на сәй­кес түс ше­ші­міне сәй­кес кел­ме­уі;
    8) эс­киз­дің (эс­киз­дік жо­ба­ның) сәу­лет, қа­ла құ­ры­лы­сы және құ­ры­лыс са­ла­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік нор­ма­тив­тер­дің та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­уі.
    9) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты бел­гі­лі бір мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін қыз­мет­ке неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы;
    10) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға бай­ла­ны­сты ар­найы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­л­ған, заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі­нің бо­луы.
    11) «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ұсы­ны­ла­тын ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы.
    10.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
    Өті­ніш бе­ру­ші­нің элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы болған жағ­дай­да, мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу мүм­кін­ді­гі бар. Өті­ніш бе­ру­ші­нің мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де МҚҚК ААЖ «же­ке ка­би­не­ті», көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма­лық қыз­мет­те­рі, сон­дай-ақ 1414, 8-800-080-7777 Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.