«Деңгейлес мониторингтің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 қыркүйектегі № 520 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 желтоқсан 2025 ж.

    «Деңгейлес мониторингтің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 қыркүйектегі № 520 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Деңгейлес мониторингтің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 қыркүйектегі № 520 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36900 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салықтық есептіліктің көрсеткіштерін ашып көрсетуге, сондай-ақ олардың салықтық, бухгалтерлік тіркелімдердің жəне салық салу объектілерін жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттардың көрсеткіштерімен өзара байланысына қойылатын ең төменгі талаптарда:

    3-қосымшада:

    реттік нөмірі 807-жол мынадай редакцияда жазылсын:

    «

    807.
    Бухгалтерлік
    есепке
    алу шоты
    Контрагенттің ЖСН/БСН
    «Астана Хаб» қатысушыларының жобаларын қаржыландыру үшін дербес кластерлік қорға қаражат жіберілгенін растайтын төлем құжат
    рұқсат етілген
    рұқсат етілген
    рұқсат етілген
    ».
    2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
    2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
    3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

    М. Такиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.