«Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 3 шілдедегі № 448 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 3 шілдедегі № 448 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33023 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларында:
21-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу туралы талап қолданылмайтын қаулы жобаларын қоспағанда, қаулы жобасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамасының қорытындысы.
Қорытындыда көрсетілген ұсынымдар қабылданбаған жағдайда - қаулы жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы жүргізу бойынша үйлестіруді жүзеге асырған уәкілетті ұйымның атына жауаптың көшірмесі, оларды қабылдамау себептерінің негіздемелерімен бірге;».
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Конституциялық заңнама және мемлекеттік басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Әділет министрі
Е. Сарсембаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.