Мақат ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі № 79 «Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережені бекіту туралы қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілері туралы» Қазақстан Республикасы заңының 26-бабына сәйкес, Мақат ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мақат ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі № 79 «Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. «Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны ресми жариялап және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдансын;
2) осы қаулыны Мақат ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қолдансын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау «Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Мақат ауданының әкімі
А. Мамбетов
Мақат ауданы
әкімдігінің 2025 жылы
«10» желтоқсандағы № 219
қаулысына қосымша
Мақат ауданы
әкімдігінің 2022 жылы
«19» сәуірдегі № 79
қаулысымен бекітілген
«Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан-әрі - Бөлім) ауданның бюджетін жоспарлау мен орындау, ауданның экономика және коммуналдық меншігін басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай –ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Мекеменің атауы: «Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
10. Бөлімнің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Мақат ауданы, 060600, Мақат кенті, Қ.Сәтбаев көшесі,1.
11.Мекеменің мекеменің құрылтайшысы – «Мақат ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі. Осы ереже құрылтай құжаты болып табылады.
Мекеменің басқару органы – «Мақат ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. «Мақат ауданы экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттіктері
14. Мақсаттары:
Ауданның тұрақты экономикалық өсуіне және бәсекелестік кабілетінің сапалы жаңа деңгейіне жетуіне себеп болатын, әлеуметтік–экономикалық саясатты жүзеге асыру, бюджеттік қаражатты жоспарлау және пайдалануды қаматамасыз ету.
Тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету және ауданның коммуналдық меншігін басқару.
15. Өкілеттіктері:
Құқықтары:
Өзіне жүктелген міндеттерді және функцияларды жүзеге асыру барысында белгіленген тәртіппен:
1) өз өкілеттігі шегінде орындауға тиіс нормативтік құқықтық актілер қабылдауға;
2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалды алуға;
3) қолданыстағы заң актілерінде және осы Ереженің функцияларында көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар;
Міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарын сақтауға;
2) жалпы мемлекеттік ішкі және сыртқы саясатқа, оның ішінде қаржылық және инвестициялық саясатқа сай келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеуге;
3) қызметтік қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпы мемлекеттік стандарттарды сақтауға;
4) азаматтар мен заңды тұлғалар заңды мүдделерінің сақталуы, Заңдарда белгіленген тәртіп пен мерзімде азаматтардың өтініштерін қарауға;
5) мекемеге берілген құқықтар шегінде және осы Ережеге сәйкес өзінің өкілеттігін жүзеге асыруға;
6) жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдар мекеменің өкілеттігі шегінде шығарған шешімдері мен нұсқауларын орындауға;
7) мемлекеттік кұпияларды және Заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға;
8) аудандық коммуналдық мүлікті басқарудың және жекешелендірудің мемлекеттік саясатын іске асыруға.
16. Функциялары:
1) ауданда стратегиялық және бюджеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу және үш жылдық кезеңге арналған аудандық бюджет, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихат шешімдерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджет туралы мәслихат шешімдерін іске асыру туралы аудандық әкімдіктің қаулыларының жобаларын әзірлеу;
2) аудандық бюджеттің бекітілуіне, нақтылауына және түзетілуіне байланысты бағдарламалар әкімгерлерінен бюджеттік сұраныстар қабылдау;
3) міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау, бекіту, өзгерістер енгізу және жергілікті бюджет бойынша түсімдердің жиынтық жоспарын жүргізу;
4) аудан бюджетіне салықтық емес түсімдердің, негңзгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттер түсімдерінің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының, мемлекеттік қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдердің, сондай-ақ қарыздар түсімдерінің ратық (қате) төленген сомаларының қайтарылуын қамтамасыз ету;
5) бюджет ақшасын басқару;
6) аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есепті әкімдікке, мәслихатқа, облыстың ревизиялық комиссиясына, облыстық экономика және қаржы басқармасына, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға;
7) республикалық және облыстық трансферттердің игерілу барысы бойынша мониторинг жасау және ұсыну;
8) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызметті) өткізуден түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есепті ұсыну;
9) демеушілік пен қайырымдылық көмектен ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы есепті ұсыну;
10) аудан бойынша кредиторлық және дебиторлық берешек туралы есепті ұсыну;
11) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің белгіленген нысаны бойынша демеушілік, қайырымдылық көмектің бақылау шоттарын ашу жөніндегі өтініштерін қарау және ақшаны уақытша шетелдік валюта шоттарына орналастыру;
12) өз құзыреті шегінде аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту;
13) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), тәркіленген мүлікті есепке алу және одан әрі пайдалану бойынша дерекқорды жүргізу;
14) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, коммуналдық мүлікті басқару, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
15) Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды міндетті түрде жария тындаулар өткізе отырып жекешелендіру туралы шешім қабылдау;
16) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз немесе шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалға (жалдауға), сенімгерлік басқаруға беруді ұйымдастыру;
17) аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы, сондай-ақ олардың акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысуы, оларды құру, қайта ұйымдастыру, тарату, акционерлік қоғамдардың өздеріне тиесілі акцияларын, жауапкершілігі шектеулі серіктестердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін иеліктен шығару туралы шешімдер қабылдау;
18) аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың бекітілген жарғысына (ережесіне) өзгерістер мен толықтырулар енгізуге немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, аудандық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органға осыған уәкілеттік беру;
19) аудандық коммуналдық мүліктің пайдалануын және сақталуын қамтамсыз ету;
20) аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға беруді ұйымдастыру;
21) аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім беру;
22) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлікті пайдалану туралы, оның ішінде оның кепілге, мүліктік жалға (жалдауға), өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдау;
23) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастыру;
24) сенімгерлікпен басқарушының аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асыру;
25) аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіруді жүзеге асыру, оның ішінде жекешелендіру процессін ұйымдастыру үшін делдалды тарту, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын әзірлеу мен жасау және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
26) коммуналдық мүлікті мемлекеттік заңды тұлғаларға теңгерім ұстаушының келісімі негізінде уақытша өтеусіз пайдалануға беруді (орналастыруды) жүзеге асыру;
27) өзіне осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;
28) дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мүлікті жеке түрлері бойынша есептен шығаруға келісуді жүзеге асыру;
29) ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұйымдастыру;
30) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері бойынша ақпаратты дайындау.
3-тарау. «Мақат ауданы экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
17. Бөлімде басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
18. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
19. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) өзінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін айқындайды;
2) бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;
3) заңнамаға сәйкес Мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бөлімнің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу жөнінде шаралар қабылдайды;
5) бөлімнің актілеріне қол қояды;
6) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда бөлімнің мүддесін білдіреді;
7) бөлім жұмысының регламентін және штаттық кестесін бекітеді;
8) өз құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
20. Бөлімді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын мекеме басшысы басқарады.
4-тарау. Жұмыс режимі
21. Бөлімнің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек занңамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
5-тарау. «Мақат ауданы экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
22. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Бөлімгее бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
6-тарау. «Мақат ауданы экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату
25. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.