«Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 7 қазандағы № 166 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 желтоқсан 2025 ж.

    «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 7 қазандағы №166 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 7 қазандағы №166 «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4310 болып тіркелген) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік Тізімінде:

    реттік нөмірлері 22, 209, 210, 433, 543 жолдар алынып тасталсын;

    реттік нөмірлері 138-1, 206-1, 206-2, 394-1, 394-2, 394-3, 394-4, 394-5, 394-6, 422-1, 570-1, 570-2 жолдармен толықтырылсын:

    «

    138-1
    Төремұрат батыр кесенесі, XX ғасыр
    киелі объекті
    Бейнеу ауылынан 25 шақырым оңтүстік-батыс бағытта, Үстірттің батыс шың-кемеріндегі Күйкен тауының шығысында 3 шақырым жерде
    206-1
    Күйеу там, XVI – XVII ғасыр
    киелі объекті
    Сенек ауылынан 20 шақырым солтүстік-батыс бағытта, Шопан-ата қорымынан батыс жағындағы төбе жал үстінде
    206-2
    Темір баба некрополі XIII – XX ғасырлар
    ансамбль мен кешен
    Жаңаөзен қаласынан 85-90 шақырым оңтүстік бағытта орналасқан, Кендірлі демалыс аумағынан 27 шақырым оңтүстік-шығысқа қарай
    394-1
    Шолы ана некрополі, (15 объект) ХІХ ғасыр
    ансамбль мен кешен
    Қызылсай ауылынан 17 шақырым солтүстік бағытта
    394-2
    Қыдырша ата некрополі, ХІХ - ХХ ғасырлар
    ансамбль мен кешен
    Төлеп селосынан 86 шақырым оңтүстік-шығыс бағытта, аласа жотада  орналасқан
    394-3
    Қарақыз некрополі, (23 объект) ХІХ ғасыр аяғы – ХХ ғасыр басы
    ансамбль мен кешен
    Бекі ауылынан 12 шақырым солтүстік бағытта
    394-4
    Құдайберген күмбезтамы,
    ХХ ғасыр
    қала құрылысы және сәулет
    Шетпе ауылынан 23 шақырым солтүстік – солтүстік-шығыс бағытта
    394-5
    Қармыс батыр кесенесі, XX ғасыр
    киелі объекті
    Сайөтес ауылынан 47 шақырым шығыс бағыттағы Қыземшек қорымында орналасқан
    394-6
    Үлек некрополі, XV-XX ғасырлар
    ансамбль мен кешен
    Ақшымырау ауылынан 25 шақырым солтүстік-шығыс бағытта
    422-1
    «Песчаный» маягі, 1956 жыл
    қала құрылысы және сәулет
    Құрық ауылынан 30 шақырым батыс бағытта
    570-1
    Қазбайыр-2 некрополі,
    (8 объект), XIV – XVІІ ғасырлар
    ансамбль мен кешен
    Таушық ауылынан 12 шақырым солтүстік-батыс бағытта
    570-2
    «Қызылөзен» маягі, ХХ ғасыр ортасы
    қала құрылысы және сәулет
    Қызылөзен ауылының батыс беткейінде
    ».
    2. «Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
    4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Маңғыстау облысының әкімі

    Н. Қилыбай

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.