«Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық салық мөлшерлемесінің кейбір мәселелері туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 155 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 желтоқсан 2025 ж.

    «Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық салық мөлшерлемесінің кейбір мәселелері туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 155 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

    1. «Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық салық мөлшерлемесінің кейбір мәселелері туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 155 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29511 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Алматы қаласы мәслихатының төрағасы

    М. Отыншиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.