«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін кандидаттарға үй-жайлар ұсыну туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 18 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40 бабы 2 тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін кандидаттарға үй-жайлар ұсыну туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 18 қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылы 8 ақпанда № 3608 болып тіркелді, 2016 жылы 12 ақпанда № 8 (514) «Есіл таңы», 2016 жылғы 12 ақпандағы № 8 (8802) «Ишим» газеттерінде жарияланды).
Аудан әкімі
М.Әбішев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.