Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 24 желтоқсан 2025 ж.

    Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Ақтөбе облысы Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің мынадай қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

    1) 2020 жылғы 26 қарашадағы № 299 «Шалқар ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 7706 болып тіркелген) қаулысы;

    2) 2024 жылғы 5 қыркүйектегі № 210 «Шалқар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 26 қарашадағы № 299 «Шалқар ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 8625-04 болып тіркелген) қаулысы.

    2. Осы қаулы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

    Шалқар ауданының әкімі

    Ж. Жидеханов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.