2025-2026 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 25 желтоқсан 2025 ж.

    2025-2026 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

    «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025-2026 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.

    2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

    1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тіліндегі электрондық түрдегі көшірмесі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;

    2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 01 қыркүйектен бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

    Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

    Ғ. Нұрмұхамбетов

    Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің

    2025 жылғы «25» желтоқсандағы

    № 356 қаулысына

    қосымша

    2025 – 2026 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы

    Р/н
    Жо­ға­ры оқу ор­ны­ның ата­уы
    Бі­лім са­ла­сы­ның ко­ды мен сы­нып­та­уы­шы
    Бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры топ­та­ры­ның ко­ды мен ата­уы
    2025 – 2026 оқу жы­лы­на ар­нал­ған мем­ле­кет­тік бі­лім бе­ру тап­сы­ры­сы­ның кө­ле­мі (орын­дар са­ны)
    1
    «Аста­на ме­ди­ци­на уни­вер­си­те­ті» ком­мер­ци­я­лық емес ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы
    7R01
    Ден­са­улық сақ­тау (ме­ди­ци­на)
    7R01140
    Фи­зи­ка­лық ме­ди­ци­на және оңал­ту ере­сек­тер, ба­ла­лар
    1
    7R01101
    Кар­дио­ло­гия ере­сек­тер, ба­ла­лар
    2
    7R01114
    Ра­дио­ло­гия
    1
    7R01127
    Оф­таль­мо­ло­гия ере­сек­тер, ба­ла­лар
    2
    7R01108
    Эн­до­кри­но­ло­гия ере­сек­тер, ба­ла­лар
    2
    7R01132
    Аку­ше­рия және ги­не­ко­ло­гия ере­сек­тер, ба­ла­лар
    5
    7R01137
    Нев­ро­ло­гия ере­сек­тер, ба­ла­лар
    3
    7R01136
    Жал­пы хи­рур­гия
    1
    7R01125
    Трав­ма­то­ло­гия-ор­то­пе­дия ере­сек­тер, ба­ла­лар
    1
    7R01112
    Дер­ма­то­ве­не­ро­ло­гия ере­сек­тер, ба­ла­лар
    3
    7R01120
    Ней­ро­хи­рур­гия ере­сек­тер, ба­ла­лар
    1
    7R01131
    Нео­на­то­ло­гия
    1
    7R01109
    Неф­ро­ло­гия ере­сек­тер, ба­ла­лар
    2
    7R01128
    Ото­ри­но­ла­рин­го­ло­гия ере­сек­тер, ба­ла­лар
    3
    7R01113
    Пси­хи­ат­рия ере­сек­тер, ба­ла­лар
    2
    Жиы­ны
    30

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.