Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу және Ішкі және сыртқы нарықтарда ауыл шаруашылығы өнімін өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 25 желтоқсан 2025 ж.

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу және Ішкі және сыртқы нарықтарда ауыл шаруашылығы өнімін өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:

    1) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:

    1-тармақтың 5-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «5-1) ауыл шаруашылығы өнімін, оның ішінде органикалық өнімді өткізуді қоспағанда, оның өндірісі және айналымы;»;

    15-тармақта:

    4) тармақшаның он екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    «ауыл шаруашылығы өнімін, оның ішінде органикалық өнімді өткізуді қоспағанда, оның өндірісі және айналымы;»;

    350) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «350) ауыл шаруашылығы өнімін, оның ішінде органикалық өнімді өткізуді қоспағанда, оның өндірісі және айналымы саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;»;

    2) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысында:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі туралы ережеде:

    15-тармақ мынадай мазмұндағы 35-11) тармақшамен толықтырылсын:

    «35-11) ішкі және сыртқы нарықтарда ауыл шаруашылығы өнімін және азық-түлік тауарларын өткізуді қамтамасыз ету;».

    2. Қоса беріліп отырған Ішкі және сыртқы нарықтарда ауыл шаруашылығы өнімін өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.

    3. Іс-шаралар жоспарының орындалуына жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мүдделі ұйымдар (келісу бойынша):

    1) Іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын;

    2) жартыжылдық негізде, 20 маусымнан және 20 желтоқсаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын;

    4. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі жартыжылдық негізде, 25 шілдеге және 25 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.

    5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне жүктелсін.

    6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2025 жылғы « »

    № қаулысымен

    бекітілген

    Ішкі және сыртқы нарықтарда ауыл шаруашылығы өнімін өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары

    Р/с№
    Іс-ша­ра­ның ата­уы
    Аяқ­та­лу
    ны­са­ны
    Аяқ­та­лу мер­зі­мі
    Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­лар
    Қар­жы­лан­ды­ру кө­ле­мі, млн
    тең­ге
    Қар­жы­лан­ды­ру кө­зі
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    I. Заң­на­ма­лық ша­ра­лар
    1.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стр­лі­гінiң кей­бiр мә­се­ле­лерi» ту­ра­лы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2005 жы­л­ғы 6 сәу­ір­де­гі
    № 310 және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік бас­қа­ру жүй­е­сін одан әрі же­тіл­ді­ру жө­нін­де­гі ша­ра­лар ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің 2019 жы­л­ғы 17 мау­сым­да­ғы № 17 және 2019 жы­л­ғы 1 шіл­де­де­гі № 46 жар­лық­та­рын іс­ке асы­ру жө­нін­де­гі ша­ра­лар ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2019 жы­л­ғы 10 шіл­де­де­гі № 497 қа­улы­ла­ры­на өзге­рі­стер мен то­лық­ты­ру ен­гі­зу
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
    Үкі­ме­ті­нің қа­улы­сы
    2025 жы­л­ғы жел­тоқ­сан
    СИМ, АШМ
    та­лап
    етіл­мей­ді
    2.
    Са­ла­лық мем­ле­кет­тік ор­ган­дар функ­ци­я­ла­ры­ның ара­жі­гін нақ­ты ажы­ра­та оты­рып, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның «Са­уда қыз­ме­тін рет­теу ту­ра­лы», «Ор­га­ни­ка­лық өнім өн­ді­рі­сі және ай­на­лы­мы ту­ра­лы», «Аг­ро­өнер­к­ә­сіп­тік ке­шен­ді және ауыл­дық аумақ­тар­ды да­мы­ту­ды мем­ле­кет­тік рет­теу ту­ра­лы» заң­да­ры­на өзге­рі­стер мен то­лық­ты­ру­лар ен­гі­зу:
    АШМ-ға – ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мін өн­ді­ру мә­се­ле­ле­рі;
    СИМ-ге – іш­кі және сырт­қы на­рық­тар­да ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мі мен азық-тү­лік та­у­ар­ла­рын өт­кі­зу, сон­дай-ақ әле­умет­тік ма­ңы­зы бар азық-тү­лік та­у­ар­ла­ры­ның ба­ға­ла­рын тұ­рақ­тан­ды­ру те­тікте­рін іс­ке асы­ру, АӨК өні­мі­нің та­у­ар қоз­ға­лы­сы жүй­е­сін ұй­ым­да­сты­ру бө­лі­гін­де­гі мә­се­ле­лер
    НҚА қа­был­дау
    2026 жы­л­ғы
    мау­сым
    АШМ, СИМ
    та­лап етіл­мей­ді
    -
    II. Өт­кі­зу ар­на­ла­рын ке­ңей­ту және іш­кі на­рық­та ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мін іл­ге­рі­ле­ту
    3.
    Қо­ғам­дық та­мақ­та­ну және қо­на­қүй биз­не­сі жүй­е­сін­де отан­дық ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мін пай­да­ла­ну те­ті­гін әзір­леу
    HoReCa қол­дау бағ­дар­ла­ма­сын бе­кі­ту
    2026 жы­л­ғы
    мау­сым
    СИМ, АШМ, ДСМ, ТСМ, ЖАО, Қо­ғам­дық та­мақ­та­ну қа­уым­да­стығы (ке­лі­су бой­ын­ша)
    та­лап
    етіл­мей­ді
    -
    4.
    Шы­ға­ры­ла­тын өнім­ді өт­кі­зу­ді қам­та­ма­сыз ету, шы­ға­сы­лар­ды қы­сқар­ту және отан­дық ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мі­нің қа­ты­су ти­ім­ді­лі­гін арт­ты­ру мақ­са­тын­да ко­опе­ра­ция қыз­ме­тін да­мы­ту
    ке­ңес хат­та­ма­сы
    2026 жы­л­ғы
    та­мыз
    СИМ, АШМ, ЖАО, QazTrade (ке­лі­су бой­ын­ша), ҰКП (ке­лі­су бой­ын­ша)
    та­лап
    етіл­мей­ді
    -
    5.
    Отан­дық ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мін өт­кі­зу кө­ле­мін ұл­ғай­ту және та­у­ар­лар­ды ті­ке­лей жет­кі­зу­ді ұй­ым­да­сты­ру мақ­са­тын­да са­уда же­лі­ле­рі­мен және кө­тер­ме құ­ры­лым­дар­мен әріп­те­стік қа­ты­на­стар­ды да­мы­ту
    ме­мо­ран­дум­дар
    жыл ішін­де
    СИМ,
    АШМ, ЖАО
    та­лап
    етіл­мей­ді
    -
    6.
    Отан­дық өн­ді­ру­ші­лер­ді та­ны­мал ету, өңір­лік бренд­тер­ді іл­ге­рі­ле­ту және отан­дық өнім­нің іш­кі на­рық­та­ғы по­зи­ци­я­сын ны­ғай­ту үшін са­уда же­лі­ле­рін­де мар­ке­тинг­тік іс-ша­ра­лар­ды өт­кі­зу
    на­у­қан­дар­ды өт­кі­зу
    жыл сай­ын,
    шіл­де, жел­тоқ­сан,
    2026 – 2028 жыл­дар
    СИМ, QazTrade (ке­лі­су бой­ын­ша), са­уда же­лі­ле­рі (ке­лі­су бой­ын­ша)
    та­лап
    етіл­мей­ді
    -
    7.
    Өт­кі­зу ар­на­ла­рын ке­ңей­ту және отан­дық өнім­нің қол­же­тім­ді­лі­гін арт­ты­ру үшін отан­дық ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мі­нің қол­да­ны­с­та­ғы мар­кет­плей­стер­де ұсы­ны­луы
    мар­кет­плей­стер­ге өнім­ді ор­на­ла­сты­ру
    жыл сай­ын,
    шіл­де, жел­тоқ­сан,
    2026 – 2028 жыл­дар
    СИМ, ЖАО, ҰКП
    (ке­лі­су бой­ын­ша)
    та­лап
    етіл­мей­ді
    -
    8.
    Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өн­ді­ру­ші­ле­рі­нің және ко­опе­ра­тив­тер­дің қа­ты­суы­мен өңір­лік ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жәр­мең­ке­ле­рін өт­кі­зу
    СИМ-ге ақ­па­рат
    жыл сай­ын,
    шіл­де, жел­тоқ­сан,
    2026 – 2028 жыл­дар
    ЖАО
    та­лап
    етіл­мей­ді
    -
    9.
    Өн­ді­ру­ші­лер­ді қол­да­у­ға және азық-тү­лік қа­уіп­сіз­ді­гін қам­та­ма­сыз ету­ге ба­ғыт­тал­ған ба­ға­ны тұ­рақ­тан­ды­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры шең­бе­рін­де ӘКК та­ра­пы­нан ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мін фор­вард­тық са­тып алу­ды өт­кі­зу жө­нін­де­гі іс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру
    АШМ-ге және СИМ-ге ақ­па­рат
    жыл сай­ын,
    шіл­де, жел­тоқ­сан,
    2026 – 2028 жыл­дар
    ЖАО, ӘКК (ке­лі­су бой­ын­ша)
    та­лап
    етіл­мей­ді
    -
    10.
    Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мін сақ­та­уды, сұ­рып­та­уды және өт­кі­зу­ді қам­та­ма­сыз ету үшін қо­сым­ша кө­тер­ме-та­ра­ту ор­та­лық­та­рын са­лу қа­жет­ті­гін тал­дау
    ке­ңес хат­та­ма­сы
    2026 жы­л­ғы
    қа­зан
    СИМ, АШМ, ЖАО
    та­лап
    етіл­мей­ді
    -
    11.
    Өн­ді­рі­ле­тін өнім­нің ке­мін­де 50 %-ын іш­кі на­рық­қа өт­кі­зу бө­лі­гін­де отан­дық та­у­ар өн­ді­ру­ші­лер­ге ар­нал­ған мем­ле­кет­тік қол­дау ша­ра­ла­ры шең­бе­рін­де қар­сы мін­дет­те­ме­лер ен­гі­зу­дің қа­жет­ті­гін пы­сық­тау
    ке­ңес хат­та­ма­сы
    2026 жы­л­ғы
    қа­зан
    СИМ, АШМ
    та­лап етіл­мей­ді
    -
    12.
    ӘМАТ және ши­кі­зат өн­ді­ру­ші­лер­ді ба­сым суб­си­ди­я­лау қа­жет­ті­гін пы­сық­тау
    ке­ңес хат­та­ма­сы
    2026 жы­л­ғы
    қа­зан
    СИМ, АШМ
    та­лап етіл­мей­ді
    -
    13.
    Отан­дық өнім­ді өт­кі­зу үшін са­уда же­лі­ле­рі мен са­уда ба­зар­ла­рын­да «Жа­сыл сө­ре­лер» жүй­е­сін құ­ру
    пи­лот­тық са­ту нүк­те­ле­рін іс­ке қо­су
    2026 жы­л­ғы
    қа­ра­ша
    СИМ, АШМ, ЖАО, Қо­ғам­дық та­мақ­та­ну қа­уым­да­стығы (ке­лі­су бой­ын­ша)
    та­лап
    етіл­мей­ді
    -
    14.
    Іш­кі на­рық­та отан­дық та­у­ар өн­ді­ру­ші­лер­ді іл­ге­рі­ле­ту­ге жәр­дем­де­су бой­ын­ша «QazTrade Retail» он­лайн-плат­фор­ма­сын құ­ру және әкім­ші­лен­ді­ру
    пи­лот­тық іс­ке қо­су
    2026 жы­л­ғы жел­тоқ­сан
    СИМ, QazTrade (ке­лі­су бой­ын­ша)
    QazTrade
    көз­дел­ген қа­ра­жа­ты есе­бі­нен (51,3 млн
    тең­ге)
    РБ
    15.
    АӨК өні­мі­нің та­у­ар ай­на­лы­мын ұл­ғай­ту­ға ба­ғыт­тал­ған ти­ім­ді цифр­лық құ­рал құ­ру мақ­са­тын­да ТҚҰЖ ба­за­сын­да аг­ро­мар­кет­плейс ен­гі­зу
    цифр­лық плат­фор­ма­ны іс­ке қо­су
    2026 жы­л­ғы
    жел­тоқ­сан
    СИМ, ЖАО,
    «Қа­з­ақ­те­ле­ком» АҚ
    (ке­лі­су бой­ын­ша)
    ЕАДБ қа­ра­жа­ты есе­бі­нен 1,0 млн АҚШ дол­ла­ры
    ЖИ
    16.
    Са­уда ба­зар­ла­рын ли­цен­зи­я­лау те­тікте­рін ен­гі­зу бой­ын­ша ха­лы­қа­ра­лық тә­жі­ри­бе­ні тал­дау
    тал­да­ма­лық
    ақ­па­рат
    2026 жы­л­ғы
    сәу­ір
    СИМ, ЖАО
    та­лап
    етіл­мей­ді
    -
    17.
    Іш­кі на­рық­та ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мін және оның ел ішін­де өңір­лік ағы­нын іл­ге­рі­ле­ту үшін мем­ле­кет­тік қол­дау ша­ра­ла­рын көр­се­ту те­тікте­рін әзір­леу
    ке­ңес хат­та­ма­сы
    2026 жы­л­ғы
    ма­мыр
    СИМ
    та­лап етіл­мей­ді
    -
    III. Өт­кі­зу ар­на­ла­рын ке­ңей­ту және сырт­қы на­рық­та ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мін іл­ге­рі­ле­ту
    18.
    Кей­ін­нен қол­дау ша­ра­ла­ры­на, өт­кі­зу бағ­дар­ла­ма­ла­ры­на тар­ту, экс­порт­тық іл­ге­рі­ле­ту және ко­опе­ра­тив­тік бір­ле­стіктер­ге қа­ты­су үшін ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мін өн­ді­ру­ші­лер­ді (АӨК са­ла­сы субъ­ек­ті­ле­рі­нің ке­мін­де 20 %) ны­са­на­лы ірік­теу те­ті­гін ен­гі­зу
    2026 жы­л­ғы
    экс­порт­тық ак­се­ле­ра­ция бағ­дар­ла­ма­сы
    2026 жы­л­ғы
    на­урыз
    СИМ, ЖАО,
    QazTrade (ке­лі­су бой­ын­ша)
    «2026 – 2028 жыл­дар­ға ар­нал­ған рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес ши­кі­заттық емес экс­порт­ты іл­ге­рі­ле­ту­ге 11,2 млрд тең­ге бө­лін­ді
    РБ
    19.
    Қы­тай на­ры­ғы­на жет­кі­зі­ле­тін отан­дық өсім­дік ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мі­нің но­мен­кла­ту­ра­сын ке­ңей­ту
    ке­ңес хат­та­ма­сы
    2026 жы­л­ғы
    жел­тоқ­сан
    АШМ, СИМ, ЖАО
    та­лап етіл­мей­ді
    -
    20.
    Қы­тай және ЕО ел­де­рі на­рық­та­ры­на жет­кі­зі­ле­тін отан­дық мал ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мі­нің но­мен­кла­ту­ра­сын ке­ңей­ту
    ке­ңес хат­та­ма­сы
    2026 жы­л­ғы
    жел­тоқ­сан
    АШМ, СИМ, ЖАО
    та­лап етіл­мей­ді
    -
    21.
    Gulfood және China International Import Expo қо­са ал­ған­да, ха­лы­қа­ра­лық көр­ме­лер мен жәр­мең­ке­лер­ге отан­дық ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мін өн­ді­ру­ші­лер­дің қа­ты­суын ке­ңей­ту
    отан­дық ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мін өн­ді­ру­ші­лер­дің са­нын ұл­ғай­ту
    жыл сай­ын,
    қыр­күй­ек, жел­тоқ­сан,
    2026 – 2028 жыл­дар
    СИМ,
    АШМ,
    СІМ, ЖАО,
    QazTrade (ке­лі­су бой­ын­ша)
    «2026 – 2028 жыл­дар­ға ар­нал­ған рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес ши­кі­заттық емес экс­порт­ты іл­ге­рі­ле­ту­ге 11,2 млрд тең­ге бө­лін­ді
    РБ
    22.
    Әріп­те­стік бай­ла­ны­стар ор­на­ту және экс­порт­тық мүм­кін­дік­тер­ді ке­ңей­ту үшін отан­дық ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мін өн­ді­ру­ші­лер­дің қа­ты­суы­мен са­уда-эко­но­ми­ка­лық мис­си­я­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және өт­кі­зу
    қа­зақ­стан­дық өнім­ді іл­ге­рі­ле­ту, ке­лі­сім­шар­ттар жа­са­су
    жыл сай­ын,
    қыр­күй­ек, жел­тоқ­сан,
    2026 – 2028 жыл­дар
    СИМ, АШМ, ЖАО,
    QazTrade (ке­лі­су бой­ын­ша)
    «2026 – 2028 жыл­дар­ға ар­нал­ған рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес ши­кі­заттық емес экс­порт­ты іл­ге­рі­ле­ту­ге 11,2 млрд тең­ге бө­лін­ді
    РБ
    23.
    Бес кө­лік­тік-ло­ги­сти­ка­лық хаб ау­ма­ғын­да аг­рар­лық экс­порт­ты да­мы­ту, оның ішін­де ве­те­ри­на­ри­я­лық және фи­то­са­ни­та­ри­я­лық стан­дарт­тар мен мар­ке­тинг­тік стра­те­ги­я­ны ес­ке­ре оты­рып, аг­ро­ха­б­тар негі­зін­де да­мы­ту мақ­са­тын­да АӨК өні­мін өн­ді­ру және өт­кі­зу бой­ын­ша ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­лар­ды іс­ке асы­ру
    СИМ-ге ақ­па­рат
    тоқ­сан сай­ын,
    2026 жыл
    Жам­был, Ба­тыс Қа­зақ­стан, Маң­ғы­стау, Түр­кі­стан және Же­ті­су об­лы­ста­ры­ның
    әкім­дік­те­рі
    та­лап етіл­мей­ді
    -
    24.
    Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­ар­ла­рын өн­ді­ру­ші­лер­ді экс­порт­тық қыз­мет­те­гі ко­опе­ра­ция және мар­ке­тинг мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша оқы­ту
    оқы­ту­лар өт­кі­зу
    үне­мі,
    2026 – 2028 жыл­дар
    СИМ, АШМ, QazTrade (ке­лі­су бой­ын­ша), ҰКП
    (ке­лі­су бой­ын­ша)
    «2026 – 2028 жыл­дар­ға ар­нал­ған рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес ши­кі­заттық емес экс­порт­ты іл­ге­рі­ле­ту­ге 11,2 млрд тең­ге бө­лін­ді
    -
    25.
    Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өн­ді­ру­ші­ле­рі үшін экс­порт­тық қыз­мет­те ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мін сер­ти­фи­кат­тау мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша се­ми­нар­лар (фи­то­са­ни­та­ри­я­лық және ве­те­ри­на­ри­я­лық) өт­кі­зу
    се­ми­нар­лар өт­кі­зу
    үне­мі,
    2026 – 2028 жыл­дар
    АШМ, СИМ
    та­лап
    етіл­мей­ді
    -
    26.
    Сырт­қы на­рық­тар­да отан­дық ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мін іл­ге­рі­ле­ту бой­ын­ша ақ­па­рат­тық жұ­мыс
    ақ­па­рат­тық-жар­на­ма­лық жұ­мыс
    үне­мі,
    2026 – 2028 жыл­дар
    СИМ, СІМ, ЖАО, QazTrade (ке­лі­су бой­ын­ша)
    «2026 – 2028 жыл­дар­ға ар­нал­ған рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес ши­кі­заттық емес экс­порт­ты іл­ге­рі­ле­ту­ге 11,2 млрд тең­ге бө­лін­ді
    РБ
    Ескертпе – аббревиатуралардың толық жазылуы:
    АӨК – агроөнеркәсіптік кешен;
    «Азық-түлік корпорациясы» АҚ – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
    АҚШ – Америка Құрама Штаттары;
    АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
    ӘКК – «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация» акционерлік қоғамы;
    ӘМАТ – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары;
    ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;
    ЕАДБ – Еуразиялық Даму Банкі;
    ЕО – Еуропалық Одақ;
    ЖАО – жергілікті атқарушы органдар;
    ЖИ – жеке инвестициялар;
    ЖИЦДМ – Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі;
    ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
    «Қазақтелеком» АҚ – «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы;
    СИМ – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі;
    СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;
    ТСМ – Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі;
    ТҚҰЖ – Тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйесі;
    ҰКП – «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
    QazTrade – «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы;
    HoReCa – қонақүйлер (Hotel), мейрамханалар (Restaurant), дәмханалар (Cafe).
    ____________________________________________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.