Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 24 желтоқсан 2025 ж.
Осакаров аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 6/65 «Бөлшек cалықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Осакаров ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осакаров аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 6/65 «Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6449-09 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Аудандық мәслихаттың төрағасы
К. Саккулаков
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.