2025 жылға арналған Бурабай ауданының Щучинск қаласы бюджетінің секвестрі туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 24 желтоқсан 2025 ж.

    2025 жылға арналған Бурабай ауданының Щучинск қаласы бюджетінің секвестрі туралы

    Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 97-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. 2025 жылға арналған Щучинск қаласының бюджетінің секвестрі салық түсімдері бойынша жоспардың орындалмауына байланысты 136861,7 мың теңге сомасында жүргізілсін.

    2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Щучинск қаласы бюджетінің бюджеттік бағдарламалары секвестрленсін.

    3. Іс-шараларды іске асыруды кейіннен заңнамада белгіленген тәртіппен бюджет қаражатын нақтылай отырып, 2026 жылға ауыстырылсын.

    4. Бурабай ауданының Щучинск қаласы әкімінің аппараты:

    1) бюджеттік бағдарламаларды, қаржыландыру жоспарларын және шарттық міндеттемелерді осы шешімге сәйкес келтірсін;

    2) іс-шараларды іске асыру мерзімдерін, оның ішінде қолданыстағы шарттарға өзгерістер енгізу жолымен түзетуді қамтамасыз етсін.

    5. Осы шешімнің орындалуын қадағалау аудандық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

    6. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Бурабай аудандық маслихатының төрағасы

    М.Нұрпанова

    Бурабай аудандық мәслихатының

    2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 8С-39/24

    шешіміне

    қосымша

    2025 жылға арналған Щучинск қаласының бюджетінің секвестрі

    Санаты
    Сома, мың теңге
    Сыныбы
    Кіші сыныбы
    Атауы
    1
    2
    3
    4
    5
    Функционалдық топ
    Сома, мың теңге
    Бюджеттік бағдарлама әкімшісі
    Бағдарлама
     
     
     
    II. Шығындар
    136861,7
    07
     
     
    Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
    76909,0
     
    124
     
    Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты
    76909,0
    011
    Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру
    76909,1
    12
     
     
    Көлік және коммуникация
    59952,7
     
    124
     
    Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты
    59952,7
     
     
    013
    Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету
    59952,7

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.