Қостанай қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларын жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай қаласы әкімдігінің кейбір қаулылары жойылсын:
1) «Қостанай қаласының жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 7 наурыздағы № 599 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2023 жылғы 3 мамырдағы № 809;
2) «Қостанай қаласының жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 7 наурыздағы № 599 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2023 жылғы 22 тамыздағы № 1681.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім
М. Жүндібаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.