Шымкент қаласында 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 19 желтоқсан 2025 ж.

    Шымкент қаласында 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    Қазақстан Республкасының Әлеуметтік кодексінің 142-бабына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Шымкент қаласында 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.

    2. «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

    1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберуді;

    2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Шымкент қаласының әкімі

    Ғ. Сыздықбеков

    Қосымша

    Шымкент қаласы әкімдігінің

    2026 жылғы «_19_» __12__

    № _6755_ қаулысына

    Шымкент қаласында 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер

    Ата­уы
    Қыз­мет алушы­ға көр­се­ті­ле­тін 1 қыз­мет­тің ай сай­ын­ғы та­ри­фі (тең­ге)
    Мемлекеттік секторда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетушілерге арналған тарифтер
    1
    Пси­хо­нев­ро­ло­ги­я­лық ауыт­қу­ла­ры бар үш жастан он се­гіз жас­қа дей­ін­гі мү­ге­дек­ті­гі бар ба­ла­лар­ға ста­ци­о­нар жағ­дай­ын­да ар­на­у­лы әле­умет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту
    554 390 ₸
    2
    Пси­хо­нев­ро­ло­ги­я­лық ау­ру­ла­ры бар он се­гіз жастан ас­қан мү­ге­дек­ті­гі бар адам­дар­ды ста­ци­о­нар жағ­дай­ын­да ар­на­у­лы әле­умет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту
    309 441 ₸
    3
    Бі­рін­ші және екін­ші топ­та­ғы мү­ге­дек­ті­гі бар адам­дар­ды және егде жа­сы­на бай­ла­ны­сты өзіне қыз­мет көр­се­ту­ге мүм­кін­ді­гі жоқ адам­дар­ды ста­ци­о­нар жағ­дай­ын­да ар­на­у­лы әле­умет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту
    328 183 ₸
    4
    Пси­хо­нев­ро­ло­ги­я­лық ауыт­қу­ла­ры бар бір жа­рым жастан он се­гіз жас­қа дей­ін­гі мү­ге­дек­ті­гі бар ба­ла­лар­ға жар­ты­лай ста­ци­о­нар жағ­дай­ын­да ар­на­у­лы әле­умет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту
    309 263 ₸
    5
    Ті­рек-қи­мыл ап­па­ра­ты бұ­зы­л­ған бір жа­рым жастан он се­гіз жас­қа дей­ін­гі мү­ге­дек­ті­гі бар ба­ла­лар­ға жар­ты­лай ста­ци­о­нар жағ­дай­ын­да ар­на­у­лы әле­умет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту
    309 263 ₸
    6
    Пси­хо­нев­ро­ло­ги­я­лық ау­ру­ла­ры бар он се­гіз жастан ас­қан мү­ге­дек­ті­гі бар адам­дар­ға жар­ты­лай ста­ци­о­нар жағ­дай­ын­да ар­на­у­лы әле­умет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту
    256 600 ₸
    7
    Бі­рін­ші және екін­ші топ­та­ғы мү­ге­дек­ті­гі бар адам­дар­ға жар­ты­лай ста­ци­о­нар жағ­дай­ын­да ар­на­у­лы әле­умет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту
    223 125 ₸
    8
    Тұр­мыстық зор­лық-зомбы­лық құр­бан­да­ры­на және адам са­уда­сы­ның құр­бан­да­ры­на уа­қыт­ша бо­лу орын­да­рын­да ар­на­у­лы әле­умет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту
    142 833 ₸
    9
    Бел­гі­лі бір тұр­ғы­лық­ты же­рі жоқ адам­дар­ға және бас бо­станды­ғы­нан ай­ы­ру орын­да­ры­нан боса­ты­л­ған және (неме­се) про­ба­ция қыз­ме­т­ін­де есеп­те тұр­ған адам­дар­ға уа­қыт­ша бо­лу орын­да­рын­да ар­на­у­лы әле­умет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту
    169 526 ₸
    10
    Үй­де қыз­мет­тер көр­се­ту жағ­дай­да ар­на­у­лы әле­умет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту
    46 578 ₸
    Мемлекеттік емес секторда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетушілерге арналған тарифтер
    1
    Пси­хо­нев­ро­ло­ги­я­лық ауыт­қу­ла­ры бар бір жа­рым жастан он се­гіз жас­қа дей­ін­гі мү­ге­дек­ті­гі бар ба­ла­лар­ға жар­ты­лай ста­ци­о­нар жағ­дай­ын­да ар­на­у­лы әле­умет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту
    312 515 ₸
    2
    Ті­рек-қи­мыл ап­па­ра­ты бұ­зы­л­ған бір жа­рым жастан он се­гіз жас­қа дей­ін­гі мү­ге­дек­ті­гі бар ба­ла­лар­ға жар­ты­лай ста­ци­о­нар жағ­дай­ын­да ар­на­у­лы әле­умет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту
    358 981 ₸
    3
    Үй­де қыз­мет­тер көр­се­ту жағ­дай­да ар­на­у­лы әле­умет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту
    54 681 ₸

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.