2026-2030 жылдарға арналған Байғанин ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 18 желтоқсан 2025 ж.

    2026-2030 жылдарға арналған Байғанин ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 9 тамыздағы № 318 «Қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 23917 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. 2026-2030 жылдарға арналған Байғанин ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Байғанин аудандық мәслихатының төрағасы

    М. Сержан

    Байғанин аудандық мәслихатының

    2025 жылғы 18 желтоқсандағы

    № 342 шешіміне қосымша

    2026-2030 жылдарға арналған Байғанин ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі БАҒДАРЛАМАСЫ

    Мазмұны

    Терминдер және анықтамалар.......................................................................................................................3

    Бағдарлама паспорты......................................................................................................................................5

    КІРІСПЕ..............................................................................................................................................................6

    1. БАЙҒАНИН АУДАНЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР ЖӘНЕ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖОСПАРЛАРЫ .......…………………………………………………………………………………...…… 8

    2. БАЙҒАНИН АУДАНЫНДАҒЫ КОММУНАЛДЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ 9

    2.1 Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен қайта өңделуінің сандық көрсеткіштері ....…………..…9

    2.2 Қатты тұрмыстық қалдықтардың сапалық құрамы ……………………………………..……….……..9

    2.3 Коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жиналу нормалары мен тарифтері ..10

    2.4 Коммуналдық қалдықтарды басқарудың қолданыстағы жүйесін бағалау 12

    2.5 Қалдықтардың жекелеген түрлерін басқару жүйесіне талдау 14

    2.6 Қалдықтарды басқару іс-шараларына бөлінген қаражатқа талдау 15

    2.7 2026-2030 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтардың түзілу көлемінің болжамы . 16

    2.8 Коммуналдық қалдықтарды басқарудың ағымдағы жағдайын талдау бойынша қорытындылар 17

    2.9 Коммуналдық қалдықтарды басқару секторының күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін талдау 17

    3. ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ НЫСАНАЛЫ КӨРСЕТКІШТЕРІ …..19

    3.1 Мақсаты және міндеттері 19

    3.2 Нысаналы көрсеткіштері 19

    4. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ, ҚОЙЫЛҒАН МАҚСАТТАРҒА ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТИІСТІ ШАРАЛАР ..20

    4.1 Елді мекендерден коммуналдық қалдықтарды тұрақты түрде шығару ісін ұйымдастыру 20

    4.2 Коммуналдық қалдықтарды қауіпсіз көмуді қамтамасыз ету ....…………………………….….…...22

    4.3 Қалдықтарды бөлек жинауды көздейтін қажетті инфрақұрылымды құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету ......…………………………………………………………………….……………………23

    4.4 Коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесін құру ..28

    …..4.5 Коммуналдық қалдықтарды жинау, кәдеге жарату және қайта өңдеу, оның ішінде қалдықтарды бөлек жинау саласында тұрғындардың мәдениет деңгейін және қызығушылығын арттыру.. …………………………………………………………………………………………....29

    5. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР 31

    6. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ 33

    7. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ МОНИТОРИНГІ 34

    8. КҮТІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМ.......................................................................36

    1-қосымша. Байғанин ауданындағы коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару ауқымын кеңейту мақсатында контейнерлер мен контейнерлік алаңдардың қажетті санын алдын-ала есептеу ..38

    2-қосымша. Байғанин ауданының 2026-2030 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары ...........................................................38

    ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ АНЫҚТАМАЛАР

    Биоыдырайтын қалдықтар - анаэробты немесе аэробты ыдырауға қабілетті қалдықтар, соның ішінде бау-бақша және саябақ қалдықтары, сондай-ақ тамақ өнеркәсібінің қалдықтарымен салыстырылатын тамақ қалдықтары, макулатура.

    Қалдықтарды көму – қалдықтарды алу ниетінсіз, шектеусіз мерзім аралығында қауіпсіз сақтау үшін арнайы бекітілген орындарда жинау.

    Коммуналдық қалдықтар – тұтыну қалдықтары, құрамына кіретіндер:

    1) аралас қалдықтар және қағаз және картон, шыны, металл, пластмасса, органикалық қалдықтар, ағаш, тоқыма, қораптар, пайдаланылған электрлік және электрондық жабдықтар, батареялар мен аккумляторлар секілді үй шаруашылығында бөлек жиналған қалдықтар;

    2) аралас қалдықтар және өзінің сипаты мен құрамы бойынша үй шаруашылығындағы қалдықтарға ұқсас болып келетін басқа көздерден бөлек жиналған қалдықтар.

    Контейнерлік алаңдар – коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған арнайы алаңдар, мұнда коммуналдық қалдықтарды тасымалдауды жүзеге асыратын мамандандырылған көлікке арналған жүру жолдары бар коммуналдық қалдықтарды жинауға арналған контейнерлер орнатылады;

    Ірі көлемді қалдықтар – шаруашылық әрекет барысында (тұрмыстық техника, жиһаз және басқалары) өзінің тұтынушылық қасиетін жойған және өзінің көлемі бойынша тек мамандандырылған көлік құралдарымен ғана тасымалдау мүмкіндігі бар тұтыну қалдықтары.

    Тұтыну қалдықтары – адамның тіршілігі барысында түзілген қалдықтар, толық немесе ішінара өзінің тұтынушылық қасиетін жойған өнімдер және (немесе) бұйымдар, олардың қораптары және басқа заттар немесе олардың қалдықтары, агрегатты күйіне қарамастан, пайдалану мерзімі немесе жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, сонымен қатар, меншік иесі өз бетінше немесе құжат арқылы тұтыну қалдығы разрядына өткен қалдықтар.

    Электрондық және электрлік жабдық қалдықтары – Жарамсыз немесе қолданыстан шыққан, қалдық қатарына жатқызылатын электрондық және электрлік жабдықтар, сонымен қатар, оның тораптары, бөліктері, бөлшектері.

    Тамақ қалдықтары - тамақ өнімдерін өндіру және тұтыну нәтижесінде пайда болатын, тамақ өнеркәсібінде түзілетін қалдықтармен салыстырылатын қалдықтар.

    Қалдықтарды көму полигондары -. қалдықтарды алу ниетінсіз, арнайы жабдықталған, экологиялық, құрылыс және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келетін орынға тұрақты орналастыру.

    Қалдықтарды бөлек жинау - ары қарай мамандандырылған басқаруды жеңілдету мақсатында түрлері немесе топтары бойынша бөлек жиналған қалдықтар.

    Қалдықтарды жинау – жеке және заңды тұлғалардан мамандандырылған ұйымдарға ары қарай қайта қалпына келтіруге немесе жоюға бағыттау мақсатында қалдықтарды қабылдауды ұйымдастыру бойынша іс-әрекеттер.

    Мамандандырылған ұйымдар – коммуналдық қалдықтарды жинау, сұрыптау, тасымалдау, қалпына келтіру және (немесе) жою бойынша іс-әрекеттерді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар;

    Құрылыс қалдықтары - ғимараттарды, құрылыстарды, өнеркәсіптік нысандарды, жолдарды, инженерлік және басқа коммунакциялардың құрылысы немесе оларды бұзу, сұрыптау, қайта жабдықтау, жөндеу (соның ішінде капиталдық) барысында түзілетін қалдықтар.

    Тұрмыстық қатты қалдықтар - қатты күйдегі коммуналдық қалдықтар.

    Қалдықтарды тасымалдау – жинау, сұрыптау, қайта өңдеу, қалпына келтіру және (немесе) жою барысында түзілген, жинақталған қалдықтарды мамандандырылған көлік құралдары көмегі арқылы тасымалдаумен байланысты іс-әрекеттер.

    Қалдықтар жою – термиялық, химиялық немесе биологиялық үдерістер нәтижесінде көлемі маңызды түрде төмендейтін және (немесе) қалдықтардың физикалық жай-күйі мен химиялық құрамы өзгеретін, бірақ өнім өндіру немесе энергия алу мақсатында қолданылмайтын қалдықтарды жою тәсілі.

    Қалдықтарды басқару - қалдықтар түзілгеннен бастап, соңғы жойғанға дейінгі жүзеге асырылатын опеарциялар.

    Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесі – меншік нысаны және іс-әрекет түріне қарамастан, тұрғын үйлерде және (немесе) жеке тұрған ғимараттарда (құрылыстарда) тұратын немесе өзінің іс-әрекетін жүзеге асыратын, сонымен қатар, меншік иелігінде контейнерлік алаңдары мен контейнерлері жоқ, немесе жалпы пайдаланылатын жерде тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметін жүзеге асыру үшін контейнерлік алаңдары мен контейнерлері бар жеке және заңды тұлғаларды қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органмен ұйымдастырылатын жүйе.

    Бағдарлама паспорты

    Ата­уы
    Ақ­тө­бе об­лы­сы Бай­ға­нин ауда­ны­ның ком­му­нал­дық қал­дық­та­рын бас­қа­ру бағ­дар­ла­ма­сы
    Әзір­леу үшін негіз­де­ме
    2021 жы­л­ғы 2 қаң­тар­да­ғы № 400-VI ҚРЗ Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Эко­ло­ги­я­лық Ко­дек­сі.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Эко­ло­гия және та­би­ғи ре­сур­стар ми­ни­стр­лі­гі­нің 2023 жы­л­ғы 18 ма­мыр­да­ғы №154п бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген ком­му­нал­дық қал­дық­тар­ды бас­қа­ру бағ­дар­ла­ма­сын әзір­леу бой­ын­ша жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар­ға ар­нал­ған әді­сте­ме­лік ұсы­ным­дар.
    Бағ­дар­ла­ма­ны әзір­ле­у­ге жа­у­ап­ты мем­ле­кет­тік ор­ган
    Бай­ға­нин аудан­дық тұр­ғын үй-ком­му­нал­дық ша­ру­а­шы­лы­ғы, жо­ла­у­шы­лар кө­лі­гі және ав­то­мо­биль жол­да­ры бө­лі­мі» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
    Бағ­дар­ла­ма мақ­са­ты
    Бай­ға­нин ауда­ны ау­ма­ғын­да эко­ло­ги­я­лық заң­на­ма та­лап­та­ры­на сәй­кес, ком­му­нал­дық қал­дық­тар­ды бас­қа­ру­дың ти­ім­ді жүй­е­сін құ­ру.
    Бағ­дар­ла­ма мін­дет­те­рі
    1. Ком­му­нал­дық қал­дық­тар­ды тұ­рақ­ты шы­ға­ру жұ­мыста­рын ұй­ым­да­сты­ру.
    2. Ком­му­нал­дық қал­дық­тар­ды қа­уіп­сіз кө­му­ін қам­та­ма­сыз ету.
    3. Ком­му­нал­дық қал­дық­тар­ды бө­лек жи­на­уды көз­дей­тін қа­жет­ті инр­фра­құ­ры­лым­ды құ­ру және оның жұ­мыс іс­те­уін қам­та­ма­сыз ету.
    4. Қат­ты тұр­мыстық қал­дық­тар­ды қай­та өң­деу және кә­де­ге жа­ра­ту жүй­е­сін да­мы­ту.
    5. Ком­му­нал­дық қал­дық­тар­ды, со­ның ішін­де бө­лек жи­нау са­ла­сын­да ұтым­ды жи­нау, кә­де­ге жа­ра­ту және қай­та өң­деу жүй­е­сіне ха­лық­тың мә­де­ни­е­ті мен қызығ­у­шы­лы­ғын арт­ты­ру.
    Қар­жы­лан­ды­ру кө­ле­мі
    Қар­жы­лан­ды­ру кө­ле­мі 2026-2030 жыл­дар­ға ар­нал­ған Бай­ға­нин ауда­нын­да­ғы ком­му­нал­дық қал­дық­тар­мен жұ­мыс іс­теу са­ла­сын­да­ғы іс-ша­ра­лар­ды қар­жы­лан­ды­ру үшін жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар­ға бө­лін­ген бюд­жет қа­ра­жа­ты­ның мөл­ше­ріне бай­ла­ны­сты есеп­те­ле­ді.
    Бағ­дар­ла­ма­ны орын­да­у­шы­лар
    Жа­ңа­жол ауыл­дық окру­гі әкі­мі­нің ап­па­ра­ты, Ми­я­лы ауыл­дық окру­гі әкі­мі­нің ап­па­ра­ты, Қы­зыл­бұ­лақ ауыл­дық окру­гі әкі­мі­нің ап­па­ра­ты, Сарт­ө­бе ауыл­дық окру­гі әкі­мі­нің ап­па­ра­ты, Көп ауыл­дық окру­гі әкі­мі­нің ап­па­ра­ты, Күл­та­бан ауыл­дық окру­гі әкі­мі­нің ап­па­ра­ты, Ащы ауыл­дық окру­гі әкі­мі­нің ап­па­ра­ты, Қа­ра­уыл­кел­ді ауыл­дық окру­гі әкі­мі­нің ап­па­ра­ты, ком­му­нал­дық қал­дық­тар­ды жи­нау, шы­ға­ру, қай­та өң­деу және кө­му са­ла­сын­да­ғы субъ­ек­ті­лер, мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер, әле­умет­тік ны­сан­дар, заң­ды тұ­лға­лар, же­ке кә­сіп­кер­лер, үкі­мет­тік емес ұй­ым­дар, тұр­ғын­дар және бас­қа да мүд­де­лі та­рап­тар.
    Ке­зең
    5 жыл: 2026 – 2030 жж.

    КІРІСПЕ

    Коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарлама коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы ағымдық жай-күйді талдау және қалдықтарды басқару жүйесін жақсарту бойынша қойылған мақсаттар мен міндеттерді жетілдіруге бағытталған іс-шаралар тізбегін қарастыратын стратегиялық құжат болып табылады.

    Осы коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 365-бабына (бұдан әрі – ҚР ЭК), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің 2023 жылғы 18 мамырдағы № 154-б бұйрығымен бекітілген коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу бойынша жергілікті атқарушы органдарға арналған әдістемелік ұсынымдарға сәйкес әзірленді. Бағдарлама ұлттық стратегиялық, бағдарламалық және тұжырымдамалық құжаттардың басымдықтарын, сондай-ақ халықаралық тәжірибені ескере отырып жасалған.

    Бағдарламаны әзірлеу барысында Байғанин ауданында коммуналдық қалдықтарды басқарудың ағымдағы жағдайы талданып, мәселелер анықталды және аудан аумағында коммуналдық қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құруға бағытталған кешенді шаралар әзірленді, бұл экология заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

    Бағдарламаның негізгі бағыттарын іске асыру Байғанин ауданындағы коммуналдық қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіруге ықпал етеді: тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта өңдеу және жою жүйесін жетілдіру, қалдықтарды басқару инфрақұрылымын жаңғырту, қалдықтарды сұрыптап жинауды ұйымдастыру, көмуге жіберілетін қалдықтардың мөлшерін азайту, сондай-ақ тұрғындардың қалдықтарды басқару және сұрыптап жинау мәселелеріне қатысты хабардарлығын және қызығушылығын арттыру.

    Бағдарламаны іске асырудың негізгі мақсаты Байғанин ауданында және жалпы Ақтөбе облысында коммуналдық қалдықтардың қоршаған ортаға тигізетін теріс әсерін азайту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы стратегиялық көрсеткіштеріне қол жеткізу болып табылады.

    1. БАЙҒАНИН АУДАНЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР ЖӘНЕ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖОСПАРЛАРЫ

    Байғанин ауданы – Ақтөбе облысының оңтүстік- батысындағы әкімшілік-аумақтық бірлік. 1928 жылдың 28-тамызында құрылған. Аумағы – 61,04 мың кв.м.

    Байғанин ауданының аумағы солтүстігінде Темір ауданымен, солтүстік-шығысында Мұғалжар ауданымен, шығысында Шалқар ауданымен, солтүстік-батысында Ойыл, Қызылқоға, Жылой аудандарымен шектеседі. Оңтүстігінде Маңғыстау облысының Бенеу ауданымен және Қарақалпақстан Республикасымен шекаралас.

    Байғанин ауданы Ақтөбе облысы аумағындағы ең үлкен аудан. Елдімекендер бір-бірінен алшақ орналасқан. Аудан облыс орталығы – Ақтөбе қаласынан 250 шақырым қашықтықта орналасқан.

    Әкімшілік орталығы – Қарауылкелді ауылы.

    Халқы – 21 497 адам – (Байғанин аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметі бойынша).

    Аудан экономикасының негізгі бағыты – ауыл шаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығы және мал өнімдерін өндіру. Байғанин ауданы – облыс бойынша мал саны жағынан ірі аудандардың бірі. Мұнда 50 мыңнан астам ірі қара мал бар. Өнеркәсіп саласы нашар дамыған. Алайда аудан аумағында мұнай мен газдың мол қоры болғандықтан, жер қойнауын игеру өндірісі қарқынды дамып келеді.

    Әкімшілік-аумақтық бөлінісіне сәйкес, аудан 9 ауылдық округке және 24 елді мекенге бөлінеді (1-кесте).

    1-кесте - Байғанин ауданының әкімшілік-аумақтық бөлінісі

    Ауыл­дық округ
    Ел­ді ме­кен­дер
    Хал­қы (адам)
    Қарауылкелді
    Қа­ра­уыл­кел­ді
    9808
    Қо­са­рал
    250
    Көк­бұ­лақ
    241
    Кен­ж­ә­лі
    61
    Көлтабан
    Жар­лы
    1822
    Қо­ра­ши
    360
    Жың­ғыл­ды­то­ғай
    22
    Ащы
    Но­ғай­ты
    1334
    Қопа
    Ебей­ті
    721
    Қо­па
    227
    Ай­рық
    66
    Көпто­ғай
    34
    Сарытоғай
    Ал­тай ба­тыр
    750
    Бар­ша­құм
    243
    Шұқыр­ши
    55
    Жарқамыс
    Жар­қа­мыс
    1747
    Ақ­там
    11
    Ка­ра­жар
    594
    Қызылбұлақ
    Ке­мер­ши
    866
    Бұ­лақ­ты­көл
    388
    Жа­ңа­таң
    415
    Жа­ңа­жол
    Ой­мауыт
    751
    Миялы
    Ми­я­лы
    442
    Ди­яр
    289
    Бар­лы­ғы
    24
    21497
    Аудан дамуының негізгі құжаттары мыналар болып табылады:
    Ақтөбе облысының 2024-2026 жылдарға арналған экологиялық мәселелерін кешенді шешу жөніндегі жол картасы.
    Ақтөбе облысының 2025-2027 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары. Бұл жоспар 125 іс-шараны қамтиды, соның ішінде Байғанин ауданындағы иесіз қоқыс орындарын жою және тұрмыстық қатты қалдықтарды (ТҚҚ) шығару жұмыстары жоспарланған.
    Байғанин ауданының 2021-2025 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасы (аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 14 қаңтардағы № 8 шешімімен бекітілген).
    2. БАЙҒАНИН АУДАНЫНДАҒЫ КОММУНАЛДЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

    2.1 Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен қайта өңделуінің сандық көрсеткіштері

    ҚР экология және табиғи ресурстар министрлігінің (ары қарай – ҚР ЭТРМ) мәліметтері бойынша, Қазақстан Республикасында жыл сайын 5 млн тонна тұрмыстық қатты қалдықтар (ары қарай - ТҚҚ) түзіледі.

    Ақтөбе облысында жыл сайын 303 мың тоннадан астам ұрмыстық қатты қалдықтар пайда болады, оның тек 18,7% -ы ғана қайта өңделеді (облыс әкімдігінің мәліметі бойынша).

    Байғанин ауданында 7-11 мың тонна көлемінде коммуналдық қалдықтар түзіледі («Байғанин ауданық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ деректері бойынша).

    2-кестеде 2021-2024 жылдар аралығындағы Байғанин ауданында ТҚҚ түзілуі мен қайта өңделуі бойынша мәліметтер берілген.

    2-кесте. 2021-2024 жылдар аралығындағы ТҚҚ түзілуі мен қайта өңделуі (ҚР, Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы бойынша)

    Атауы
    Өлшем бірлігі
    Жылдар
    2021
    2022
    2023
    2024
    1
    ТҚҚ түзілу көлемі
    1.1
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы*
    тон­на
    4 214 056
    4 340 630
    4 100 000
    4 600 000
    1.2
    Ақ­тө­бе об­лы­сы**
    тон­на
    299 764
    300 886
    303 741
    303 000
    1.3
    Бай­ға­нин ауда­ны ***
    тон­на
    7200
    8645
    9475
    10797
    2
    Түзілген ТҚҚ жалпы көлеміндегі қайта өңдеу үлесі
    2.1
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы*
    %
    21,1
    25,4
    24,0
    26,0
    2.2
    Ақ­тө­бе об­лы­сы**
    %
    10,7
    15,0
    18,7
    22,0
    2.3
    Бай­ға­нин ауда­ны ***
    %
    0
    0
    0
    0
    *ҚР ЭТРМ мәліметтері
    ** Ақтөбе облысы әкімдігінің мәліметтері
    *** «Байғанин ауданық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ деерктері.
    2-кесте негізінде Байғанин ауданында жыл сайын орташа есеппен 9 029 тонна тұрмыстық қатты қалдықтар түзіледі, бұл Ақтөбе облысы бойынша ТҚҚ-ның жалпы көлемінің 2,98% құрайды.
    Байғанин ауданында ТҚҚ қайта өңдеу жүзеге асырылмайды.

    2.2 Қатты тұрмыстық қалдықтардың сапалық құрамы

    Қалдықтардың сапалық құрамы олардың морфологиялық құрамына сәйкес анықталады, себебі, морфологиялық құрам ТҚҚ-ны жинау, шығар жүйесіне қойылатын талаптарды, сондай-ақ олармен жұмыс істеудің тиімді шараларын айқындайды.

    Қалдықтардың морфологиялық құрамы- бұл өндіріс пен тұтыну қалдықтарының әртүрлі қасиеттері, шығу тегі мен химиялық құрамы бойынша ерекшеленетін жекелеген компоненттерінің өзара қатынасы, олардың жалпы массадағы үлесі пайызбен көрсетіледі. Мұндай құрам ТҚҚ-ны талдау кезінде қолданылады және шығарылатын немесе қайта өңдеуге жататын қалдықтардың нақты көлемін бағалау үшін маңызды.

    ТҚҚ морфологиялық құрамы бойынша тағам қалдықтары; қағаз және картон; полимерлер (пластик, пластмасса), шыны; қара металл; түсті металл; мата; ағаш; қауіпті қалдықтар (батарейкалар, құрғақ және электролитті аккумляторлар, еріткіш, бояу ыдыстары; сынапты шамдар; телевизиялық кинескоп және т.б.) сүйек, тері, компоненттері алынғаннан кейінгі коммуналық қалдықтардың қоқыстары, құрылыс қоқыстары, тас, көше қалдықтары және т.б. секілді компоненттерден тұратын күрделі қоспа (Тұрмыстық қатты қалдықтардың морфологиялық құрамын анықтау әдістемесі, Құрылыс және тұрғын-коммуналдық шаруашылығы істері бойынша ҚР агенттігінің төрағасының 2012 жылғы 10 ақпандағы №4 бұйрығы).

    Қазақстанда ТҚҚ морфологиялық құрамының орташа көрсеткіштері келесідей: тағам қалдықтары (37,2), пластик (16,2%), макулатура (11,1%). Қалдықтардың (11%) компоненттері және басқалары алынғаннан кейінгі бөліктері коммуналдық қалдықтарға жатқызылады («Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы» КЕАҚ 2020 жылы Қазақстан қалаларында жүргізген зерттеу мәліметтері бойынша анықталды).

    Ауылдық жерлердегі қалдықтардың морфологиялық құрамы қаладағы қалдық құрамынан өзгешеленеді. Мұнда органикалық қалдықтар басым және пластмассаның, қораптық материалдардың, қағаз және картонның аз бөлігі кездеседі. Қалдықтардың органикалық бөлігі шындығында үйінділерге немесе полигондарға тасталынбайды, жануарларға жем-қор ретінде беріледі немесе үй жағдайында қордаланады. Ағаш, қағаз және картондар үй пештерінде жағылады. Полигонға келіп түсетін қалдықтардың басым бөлігі қождар, құрылыс материалдары және сынған шынылар.

    Байғанин ауданында ТҚҚ морфологиялық құрамына зерттеулер жүргізілмеген. Орташа жылдық кезеңде қалдық полигонындағы ТҚҚ морфологиялық құрамын зерттеу ұсынылады.

    Қалдықтардың морфологиялық құрамы туралы ақпараттар қалдықтармен жұмыс жасауды тиімді жоспарлау мен басқаруды қамтамасыз етеді: қауіпсіз жинау мен тасымалдау жүйесін ұйымдастыру; пайдалануға немесе зарарсыздандыруға осы немесе басқа технологияларды қолдану негіздемесі; екінші реттік қайта өңдеуге жарамды пайдалы компоненттердің нақты құрамы; кәдеге жаратудың тиімді технологиясын таңдау.

    2.3 Коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жиналу нормалары мен тарифтері

    Коммуналдық қалдықтарды тиімді басқару және олардың болашақта түзілу көлемін жоспарлау мақсатында, аудан бойынша бір есепті бірлікке шаққандағы жинақталатын коммуналдық қалдықтар көлемі туралы ақпарат қажет.

    Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу үшін негізгі нормативтік-құқықтық құжаттар Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексі, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 01 қыркүйектегі № 347 Бұйрығымен бекітілген коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталу нормаларын есептеу ережелері, Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 бұйрығымен бекітілген Халыққа тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдауғ сұрыптау және көму тарифтерін есептеу әдістемесі болып табылады.

    Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 58 шешімімен коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары бекітілді (3-кесте). Аудан тұрғындары үшін (абаттандырылған және абаттандырылмаған секторлар) бір адамға шаққандағы коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормасы – 0,95 м3 немесе 190 кг құрайды.

    3-кесте – Байғанин ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

    Ком­му­нал­дық қал­дық­тар­дың жи­нақ­та­лу ны­сан­да­ры
    Есеп­тік бір­лік
    1 есеп­тік бір­лік­ке шақ­қан­да­ғы жи­нақ­та­лу­дың жыл­дық нор­ма­сы, м3
    1
    Абат­тан­ды­ры­л­ған және абат­тан­ды­рыл­ма­ған тұр­ғын үй­лер
    1 тұр­ғын­ға
    0,95
    2.
    Жа­тақ­ха­на­лар, ин­тер­нат­тар, ала­лар үйі, қарт­тар үйі жне бас­қа да ұқсас ны­сан­дар
    1 орын­ға
    0,45
    3.
    Қо­нақ үй­лер, са­на­то­рий­лер, де­ма­лыс үй­ле­рі
    1 орын­ға
    1,13
    4.
    Ба­ла­бақ­ша­лар, бө­бек­жай­лар және бас­қа мек­теп­ке дей­ін­гі ме­ке­ме­лер
    1 орын­ға
    0,4
    5.
    Ме­ке­ме­лер, ұй­ым­дар, кең­се­лер, банк­тер, по­шта бө­лім­де­рі
    1 со­труд­ник
    0,22
    6.
    Ем­ха­на­лар, ме­ди­ци­на­лық ор­та­лық­тар
    1 қа­был­да­у­ға
    0,02
    7.
    Ау­ру­ха­на­лар, өзге де ем­леу-про­фи­лак­ти­ка­лық ме­ке­ме­лер
    1 тө­сек-орын­ға
    0,81
    8.
    Мек­теп­тер және өзге де оқу орын­да­ры
    1 оқу­шы­ға
    0,11
    9.
    Мей­рам­ха­на­лар, ка­фе­лер, өзге де кө­ңіл кө­те­ру орын­да­ры мен қо­ғам­дық та­мақ­та­ну ме­ке­ме­ле­рі
    1 отыр­ғы­зу ор­ны­на
    0,64
    10.
    Те­атр­лар, ки­но­те­атр­лар, кон­церт зал­да­ры, түн­гі клуб­тар, ка­зи­но, ой­ын ав­то­мат­та­ры зал­да­ры, ин­тер­нет-ка­фе­лер, ком­пью­тер­лік кл­бу­тар
    1 отыр­ғы­зу ор­ны­на
    0,2
    11.
    Му­зей­лер, көр­ме­лер
    1 м2 жал­пы алаң­ға
    0,13
    12.
    Ста­ди­он­дар, спорт алаң­да­ры
    Жо­ба­лық 1 орын­ға
    0,13
    13.
    Спорт, би және ой­ын зал­да­ры
    1 м2 жал­пы аалң­ға
    0,21
    14.
    Азық-тү­лік және аг­ро­өнер­к­ә­сіп­тік та­у­ар­лар дү­кен­де­рі, ара­лас дү­кен­дер
    1 м2 са­уда ор­ны­на
    0,8
    15.
    Ма­ши­на­мен са­уда жа­сау орын­да­ры
    1 м2 са­уда ор­ны­на
    0
    16.
    Ба­зар­лар, са­уда па­ви­льон­да­ры, ки­ос­кі­лер, на­у­а­лар
    1 м2 са­уда ор­ны­на
    0,82
    17.
    Өнер­к­ә­сіп­тік және азық-тү­лік та­у­ар­ла­ры­ның кө­тер­ме ба­за­ла­ры мен қой­ма­ла­ры
    1 м2 жал­пы алаң­ға
    0
    18.
    Тұр­мыстық қыз­мет көр­се­ту үй­ле­рі
    1 м2 жал­пы алаң­ға
    0
    19.
    Вок­зал­дар, ав­то­вок­зал­дар, әу­е­жай­лар
    1 м2 жал­пы алаң­ға
    0,5
    20.
    Жа­ға­жай­лар, жол бой­ын­да­ғы кө­ше­де­гі қо­қы­стар
    1 м2 жал­пы алаң­ға
    0,04
    21.
    Дә­рі­ха­на­лар
    1 м2 са­уда ор­ны­на
    0,44
    22.
    Ав­то­тұ­рақ­тар, кө­лік жуу орын­да­ры, жа­нар­май құю стан­ци­я­ла­ры (ЖҚС)
    1 кө­лік ор­ны­на
    0,11
    23.
    Кө­лік жөн­деу ше­бер­ха­на­ла­ры
    1 қыз­мет­кер­ге
    2,3
    24.
    Га­раж ко­опе­ра­тив­те­рі, га­раж­дар, пар­кинг­тер
    1 га­раж­ға
    0
    25.
    Ша­шта­раз­дар, кос­ме­то­ло­ги­я­лық са­лон­дар
    1 жұ­мыс ор­ны­на
    0,8
    26.
    Кір жу­а­тын орын­дар, хи­ми­я­лық та­за­лау, тұр­мыстық тех­ни­ка­ны жөн­деу, тігін ате­лье­ле­рі
    1 м2 жал­пы алаң­ға
    0,13
    27.
    Зер­гер­лік, аяқ ки­ім, са­ғат жөн­деу ше­бер­ха­на­ла­ры
    1 м2 жал­пы алаң­ға
    0,13
    28.
    Ұсақ жөн­деу және қыз­мет көр­се­ту (кі­лт дай­ын­дау және т.б.)
    1 жұ­мыс ор­ны­на
    0,13
    29
    Мон­ша­лар, сау­на­лар
    1 м2 жал­пы алаң­ға
    0,26
    30
    Қа­ла­лық аумақ­та бұ­қа­ра­лық іс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ра­тын заң­ды тұ­лға­лар, са­ябақ қал­дық­та­ры
    Әр 1000 қа­ты­су­шы­ға
    0,8
    31
    Бау-бақ­ша ко­опе­ра­тив­те­рі
    1 жер те­лі­міне
    0
    Халық жариялық келісім-шарт негізінде ТҚҚ жинаудың орталықтандырылған жүйесін пайдалануға міндетті және мәслихатпен бекітілген тариф негізінде (ҚР ЭК 367, бабы, 3 тармағы) қалдықтарды тасымалдау қызметтеріне ақы төлеуі тиіс.
    Байғанин ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтері Байғанин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі №58 шешіміндегі 2-қосымша арқылы бекітілген (4-кесте).
    4-кесте – Байғанин ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтері
    Ата­уы
    Есеп­тік бі­лік
    Тең­ге (қо­сы­л­ған құн са­лы­ғын­сыз)
    Абат­тан­ды­ры­л­ған және абат­тан­ды­рыл­ма­ған үй ие­лік­те­рі
    Ай­ы­на 1 тұр­ғын­ға
    230,77
    Бір­лік­те­гі жыл­дық та­риф (кө­лем)
    1 м3
    2914, 8

    2.4 Коммуналдық қалдықтарды басқарудың қолданыстағы жүйесін бағалау

    Қалдықтарды жинау, жинақтау және бөліп жинау

    Байғанин ауданы негізінен жеке тұрғын үйлерден тұратын ауылдық елді мекен ретінде ұсынылады. Абаттандырылған сектор тек аудан орталығы – Қарауылкелді ауылында ғана бар.

    Мұнда аудан халқының басым бөлігі – 9808 адам тұрады, 1926 аулалық шаруашылық тіркелген, коммуналдық қалдықтарды орталықтандырылған жинау және шығару жүйесі жұмыс істейді, аралас қалдықтарды жинауға арналған 22 контейнер орнатылған.

    Алайда, контейнер саны Қарауылкелді ауылының халқы үшін жеткіліксіз, себебі елді мекенде 48 көше бар (көшелерге бір контейнерден де келмейді). Көптеген контейнерлердің техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз деңгейде, ескі, майысқан, көлемі аз. Контейнерлік алаңдар бекітілген санитарлық және экологиялық таалптарға жауап бермейді. ТҚҚ бөлек жинауға арналған контейнерлер жоқ.

    Қарауылкелді ауылында қалдықтарды жинау және шығару жұмыстарымен «Ернұр» ЖК айналысады, қалдықтар ГАЗ – 51 жүк көлігімен тасымалданады. Қарауылкелді ауылында тұратын 21 497тұрғынның 6538 тұрғыны қалдықтарды жинау жүйесімен қамтылған.

    Миялы ауылында 7 көшеге қалдықтарды араластырып жинауға арналған 7 контейнер, ал Дияр ауылына – 2 контейнер орнатылған.

    Байғанин ауданының қалған елді мекендерінде қалдықтарды орталықтандырылған қалдық жинау жүйесі жоқ. Ауылдық жерлерде жеке тұрғын үй секторы басым. Әр үй шаруашылығы өз аумағындағы қалдықтарды өз бетінше шығарады немесе қалдық шығару қызметіне тапсырыс береді. Тұрмыстық қалдықтарды тұрғындар өздері пайдаланады, тағам қалдықтарымен үй жануарларын қоректендіреді, қағаз, картон, ағаш қалдықтарын пеште жағады. Әрбір үйдің аулаларында апатты үйінділер бар. Қалдықтарды әрбір елді мекенде орналасқан жергілікті үйінділерге тұрғындар өз бетінше шығарады. Жергілікті үйінділер қоршалмаған, экологиялық және санитарлық талаптарға жауап бермейді, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп төндіреді.

    ТҚҚ жинаужағдайын талдау нәтижесінде анықталды:

    - коммуналды қалдықтарды орталықтандырылған жүйе арқылы жинау тек аудан орталығы – Қарауылкелді ауылында ғана ұйымдастырылған;

    -орнатылған контейнерлер қалдықтарды араластырып жинауға арналған;

    - контейнерлер саны қалдықтарды жинауға жетпейді;

    - контейнерлер сыйымдылығы жағынан кішкентай, басым көпшілігі тозған, қанағаттанарлықсыз жағдайда;

    - контейнерлік алаңдар бекітілген санитарлық және экологиялық талаптарға жауап бермейді;

    - қалдықтарды орталықтан жинау жүйесімен тек тұрғындардың 30,4 пайызы ғана қамтылған.

    Қалдықтарды бөлек жинау

    Қалдықтарды бөлек жинау ұйымдастырылмаған. Қалдықтарды бөлекж инауға арналған контейнерлер орнатылмаған.

    Қалдықтарды тасымалдау

    ТҚҚ шығару тек Қаруылкелді ауылында ғана ұйымдастырылған. Қалдықтарды шығару қызметімен «Ернұр» ЖК айналысады.

    Қалған ауылдық жерлерде қалдықтарды шығаруың орталықтандырылған жүйесі жоқ. Жергілікті тұрғындар ТҚҚ-ны жергілікті әкімдік балансындағы ТҚҚ орналастыру алаңдарына немесе апатты үйінділерге өз беттерінше шығарады.

    ҚР Экологиялық Кодексіне сәйкес (ҚР Экологиялық Кодексі) (337 бап) қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау бойынша, қауіпсіз қалдықтарды қалпына келтіру және жою бойынша іс-әрекеттерді жоспарлайтын немесе жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері ҚР ЭТРМ іс-әрекеттің басталғандығы туралы хабарлау керек.

    Байғанин ауданында мұндай іс-әрекетті екі компания жүзеге асырады. Байғанин ауданындағы іс-әрекетті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің тізімі 5 кестеде көрсетілген.

    5-кесте – Байғанин ауданындағы қызметтерді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің тізімі

    Ата­уы
    Ме­кен-жайы
    1
    "ЕРА­СЫЛ" ШҚ
    Ақ­тө­бе об­лы­сы, Бай­ға­нин ауда­ны, Қа­ра­уыл­кел­ді ауы­лы, Еш­ба­ев кө­ше­сі, 1 үй
    2
    "MARKservice" ЖШС
    Ақ­тө­бе об­лы­сы, Бай­ға­нин ауда­ны, Қы­зыл­бұ­лақ ауыл­дық окру­гі, Жа­ңа­тан ел­ді ме­ке­нін 15 км қа­шық­тық­та.
    ҚР Экологиялық кодексінің 367-бабына сәйкес, ТҚҚ орталықтандырылған жинау жүйесі жергілікті атқарушы органдармен ұйымдастырылады және ТҚҚ нарығы субъектілерін айқындау бойынша конкурс (тендер) өткізу арқылы жүзеге асырылады.
    Байғанин ауданында ТҚҚ жинауды және шығаруды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерін анықтау конкурсы жүргізілмеген.
    Қалдықтарды жинау, қайта өңдеу
    Қоқыс сұрыптайтын желілер, екінші шикізатты қабылдау пункттері (пластик, шыны, қағаз және картон қалдықтары) және т.б. ауданда жоқ.
    Қалдықтарды көму
    2020 жылы Қарауылкелді ауылында ТҚҚ полигонының құрылысы басталды. 155 млн теңгеге тендер жүргізілді. Конкурсты DEN-Group Plus фирмасы жеңіп алды. Полигон аумағы – 50 га. ТҚҚ полигонынан басқа мұнда сұйық қалдықтарды төгуге арналған сүзгілік алаңда орнатылған. Аталған нысандар электрондық сауда алаңы арқылы мемлекеттік мүлікті кейіннен сатып алу құқығынсыз конкурс негізінде 3 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға берілді. Сарапшылардың пікірінше, полигон құрылысы экологиялық нормалардың бұзылуымен, жобалық-сметалық құжаттама талаптарына сәйкес емес талаптарда орындалған, аудан тұрғындарына сапасыз қызмет көрстеумен сипатталады.
    Қарауылкелді, Ащы, Қызылбұлақ, Сарытоғай, Жарқамыс, Миялы елді мекендерінде ТҚҚ алаңдарын орналастыру және пайдалану актілері бар. ТҚҚ ең ірі полигоны Қарауылкелді ауылынан 3 км қашықтықта орналасқан алаң болып табылады. Полигон санитарлық, экологиялық және құрылыстық нормаларға жауап бермейді. Қалдықтар желмен бірге үлкен қашықтықтарға ұшады. Мал көметін орын бар болғанымен, ірі қара малдың денелері сол полигон аумағында жатыр. Полигонға заңдық талаптарға сәйкес келмейтін қауіпті қалдықтар да тасталынады.
    Бірақ коммуналдық қалдықтар көрсетілген алаңдарға ғана емес, ауданның әрбір елді мекенінде түзілген, санитарлық және экологиялық таалптарына сәйкес келмейтін қоқыс үйінділеріне тасталынады.
    Апатты үйінділер
    Ауданда әрбір тұрғын пункттерде апатты үйінділер түзілген, оның басты себебі, қалдықтарды жинаумен шығарудың орталықтандырылған жүйесінің және қажетті инфрақұрылымның болмауымен сипатталады.

    2.5 Қалдықтарды жекелеген түрлерін басқару жүйесіне талдау

    Құрамында сынабы бар қалдықтар

    Құрамында сынабы бар қалдықтарға (ары қарай ҚСБҚ) тұтынушылық қасиетін жойған құрамында сынабы бар шамдар мен приборлар жатады. ҚР ЭК 351 бабына сәйкес, құрамында сынабы бар шамдар мен приборлар қалдық ретінде танылады және полигондарға көмуге жарамсыз, сондықтан олар қалдықтарды кәдеге жарататын мамандандырылған ұйымдарға берілуі керек. Осыған байланысты ҚСБҚ жинау ұйымдастырылған.

    Республикалық мәндегі қала, астана және аудандық жергілікті атқарушы органдар (облыстық маңызы бар қалалар) тұрғындарда бұрын қолданылған құрамында сынабы бар энергияны үнемдейтін шамдарды кәдеге жаратуды ұйымдастыруға жауапты (ҚР «Энергия үнемдеу және энерготиімділікті арттыру туралы» 13.01.2012 жылдың №541-IV Заңы).

    Байғанин ауданында ҚСБҚ тұрғындардан жинайтын контейнерлер жоқ. Тұрғындардан түзілетін қоректік көздер мен ҚСБҚ, ТҚҚ араласып контейнерлерге жинақталады және жалпы ағынмен бірге қоршаған ортаға зиян келтіре отырып, үйінділерге тасталынады.

    Электрлік және электрондық жабдық қалдықтары (ЭЭЖҚ)

    Электрондық және электрлік жабдық қалдықтарға барлық пайдаланылған батареялар немесе электрлік желі арқылы жұмыс істеген заттар (теледидар, компьютер, тоңазытқыш, радиоқабылдағыш, электрлік балалар ойыншықтары, компакт-диск және т.б.) және олардың элементтері (мысалы, батарея) жатады.

    ЭЭЖҚ полигондарға көму үшін қабылдауға тиым салынады. Жеке тұлғалардан электрлік және электрондық жабдық қалдықтарын жинауды, қайта өңдеуді және кәдеге жаратуды мердігерлік ұйымдар жүзеге асырады (ҚР ЭК 351 б).

    Байғанин ауданының тұрғындарынан ЭЭЖҚ бөлек жинау ұйымдастырылмаған, сондықтан олар жалпы ағынмен бірге үйінділерге түседі.

    Ауданда ЭЭЖҚ кәдеге жарату мен қайта өңдеудің жүйесі жоқ.

    ҚР Экологиялық Кодексінің (365 б) талаптарына сәйкес, ЭЭЖ қалдықтарының қауіпті құрамдары бөлек жиналып, мамандандырылған кәсіпорындарға қайта қалпына келтіру үшін өткізілмейді.

    Ірі көлемді және құрылыс қалдықтары

    Экологиялық заңнамаға сәйкес, жеке тұлғалар өз бетінше ірі көлемді және құрылыс қалдықтарын шығаруға мүмкіндігі бар арнайы ұйымдастырылған алаңдарға жинақталуы керек. Мұндай алаңдар Қобда ауданында жоқ. Ірі көлемді және құрылыс қалдықтары басқа қалдықтармен бірге полигондарға шығарылады.

    Жергілікті әкімдіктің маңызды міндеті ірі көлемді және құрылыс қалдықтарына арналған арнайы ұйымдастырылған алаңдарды құру және оларды тасымалдау бойынша мамандандырылған компанияларды анықтау болып табылады.

    Тағам қалдықтары

    Ауданда тағам қалдықтарын бөлек жинау ұйымдастырылмаған. Аудан негізінен жеке үй құрылысы бар ауылдық тұрғын пункттерден тұрады, мұнда тағам қалдықтары үй жануарлары мен төрт түлікке жем-қор ретінде пайдаланылады. Қарауылкелді ауылында контейнерлік алаңдардағы тағам қалдықтары басқа қалдықтармен бірге контейнерлерге төгіледі, кейіннен полигонға жіберіледі.

    2.6 Қалдықтарды басқару іс-шараларына бөлінген қаражатқа талдау

    Қоршаған ортаны қорғау іс-шараларына бөлінген қаржы көлемі -кестеде көрсетілген (Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша).

    6-кесте – 2020-2024 жылдар аралығындағы Байғанин ауданы бойынша қоршаған ортаны қорғауға арналған ағымдағы шығындар көлемі

    Жыл­дар
    2020
    2021
    2022
    2023
    2024
    Шы­ғын кө­ле­мі (мың тең­ге)
    1 438 003
    1 533 855
    2 134 156
    3 078 746
    3 449 318
    2021 жылы 560 000 теңге 5 контейнер сатып алынды, ал 2022 жылы 520 000 теңгеге 10 контейнер сатып алынды.
    Байғанин ауданында контейнерлік алаңдарды жөндеу, апатты үйінділерді жою, қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлерді сатып алу және жөндеу және басқа да шығындар бойынша мәліметтер жоқ.
    Ауданның барлық өңірінде қалдықтарды басқарудың орталықтандырылған жүйесін құру үшін жаңа контейнерлерді, қоқыс таситын көліктерді сатып алу, контейнерлік алаңдарды құру, ірі көлемді және құрылыс қалдықтарын жинауға арналған арнайы орындарды құру, экологиялық, құрылыс және санитарлық талаптарға сәйкес келетін полигондарды құру, қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру, ауылдық округтерден қалдықтарды жинау және шығару бойынша компанияларды анықтау, құрамында қауіпті заттары бар коммуналдық қалдықтарды қабылдау пункттерін ашу және т.б. керек.
    Мұның барлығы да қосымша шығындарды талап етеді, сол себепті, жергілікті бюджетте қарастырылуы керек.

    2.7 2026-2030 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтардың түзілу көлемінің болжамы

    Ақтөбе облысының даму жоспарына сәйкес, Байғанин ауданында тұрғындар санының артуы, жаңа кәсіпорындардың ашылуы, экономикалық көрсеткіштердің өсуі, өмір сапасының жақсаруы, халық табысының артуы, коммуналдық қалдықтарды орталықтан жинау және шығару жүйесімен қамтылатын тұрғындар санының артуы байқалады деп жоспарлануда. Нәтижесінде кәсіпорындар мен тұрғындардан ТҚҚ түзілген және жиналған санының артуы болжамдануда.

    ЭТРМ ақпараты бойынша, Қазақстан Республикасында коммуналдық қалдықтардың жыл сайынғы өсімі 5% құрайды. 7-кестеде Байғанин ауданының 2030 жылға дейінгі қалдықтардың түзілу болжамы келтірілген.

    7-кесте – Байғанин ауданындағы коммуналдық қалдықтардың 2030 дейін түзілу болжамы

    ата­уы
    Түзілген қалдықтардың нақты саны
    ТҚҚ түзілуінің жоспарланған саны
    Жыл
    2022
    2023
    2024
    2025
    2026
    2027
    2028
    2029
    2030
    ТҚҚ тү­зі­луі, тон­на­мен
    8645
    9475
    10797
    10851
    10905
    10959
    11014
    11069
    11125
    Есептеулер 2024 жылдан кейін әр 2 жыл сайын қалдықтар санын 5%-ға арттырылып көрсетілген.
    Түзілген қалдықтар санының өсуі болжамданып жатқандықтан, «жасыл экономиканың» мақсаттық индикаторларына қол жеткізу мақсатымен Қобда ауданындағы коммуналдық қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру қажет (Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» өтуі жөніндегі тұжырымдама туралы» ҚР Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 10 маусымдағы № 568 Жарлығы (8-кесте).
    8-кесте - Қалдықтарды басқару жөніндегі «жасыл экономиканың» нысаналы көрсеткіштері
    2022 ж.
    2030 ж.
    2040 ж.
    2050 ж.
    Ком­му­нал­дық қал­дық­тар­ды жи­нау және шы­ға­ру қыз­мет­те­рі­мен тұр­ғын­дар­ды қам­та­ма­сыз ету (%)
    82
    90
    100
    100
    Ком­му­нал­дық қал­дық­тар­ды тү­зі­л­ген жал­пы са­ны­нан қай­та өң­деу және кә­де­ге жа­ра­ту үле­сі (%)
    25,4
    40
    50
    60
    Стратегиялық міндеттерге сәйкес, 2030 жылға қарай коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару қызметтерімен тұрғындарды қамтамасыз етуді 90%-ға жеткізу, коммуналдық қалдықтарды түзілген жалпы санынан қайта өңдеу мен кәдеге жарату үлесін 40% арттыру қарастырылған.

    2.8 Коммуналдық қалдықтарды басқарудың ағымдағы жағдайын талдау бойынша қорытындылар

    Байғанин ауданындға коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі ағымдық жағдайды талдау көрсеткендей, қалдықтарды жинау мен шығарудың орталықтандырылған жүйесімен тек Қарауылкелді елдімекені ғана қамтылған. Ауданның барлық ауылдық елдімекендері ТҚҚ өз бетінше ауылдық үйінділерге немесе полигондарға шығарумен айналысады.

    Байғанин ауданында экологиялық заңнама талаптарына сәйкес, коммуналдық қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құру және келесі мәселелік сұрақтарды шешу қажет:

    • ауылдық округтерде қалдықтарды орталықтан жинау мен шығарумен айналысатын мамандандырылған кәсіпорындардың болмауы;

    - ауылдық округтерде контейнерлер және контейнерлік алаңдардың болмауы,

    - Қарауылкелді елдімекенінде орнатылған контейнерлердің тозуы;

    - Қарауылкелді елдімекеніндегі контейнерлік алаңдардың санитарлық және экологиялық заңнама талаптарына сәйкес келмеуі;

    - барлық елді мекендерде бөлек жинауға арналған контейнерлердің болмауы;

    •Тұрғындардан құрамында қауіпті заттары бар қалдықтарды (ҚҚЗҚ, ЭЭЖҚ, медициналық) жинаудың ұйымдастырылмауы;

    •Апатты үйінділердің үлкен саны;

    •ТҚҚ бөлек жинауға арналған қоқыс сұрыптайтын желінің болмауы;

    •ТҚҚ жинауға және тасымалдауға арналған (қоқыс таситын машина) инфрақұрылымның ауылдық тұрғын пункттерде болмауы;

    •Қалдықтарды бөлек жинау және қалдықтарды басқару мәселесі бойынша тұрғындардың экологиялық мәдениетінің төменгі деңгейі.

    2.9 Коммуналдық қалдықтарды басқару секторының күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін талдау

    Байғанин ауданындағы коммуналдық қалдықтарды басқару жүйесін бағалау үшін SWOT- талдау жүргізілді, оның күшті және әлсіз тұстарын, қолданыстағы мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін анықтап, жүйенің жағдайы талданды (9-кесте).

    9-кесте - Күшті және әлсіз тұстарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін талдау

    Кү­ш­ті тұ­ста­ры
    Әл­сіз тұ­ста­ры
    1. аудан ор­та­лы­ғын­да ком­му­нал­дық қал­дық­тар­ды жи­на­у­ға ар­нал­ған кон­тей­нер­лер қой­ы­л­ған.
    2. Ком­му­нал­дық қал­дық­тар­ды бас­қа­ру ин­фра­құ­ры­лы­мын жақ­сар­ту бой­ын­ша іс-ша­ра­лар жос­пар­лан­ған.
    3. Қо­қыс үй­ін­ді­ле­рін жою бой­ын­ша ша­ра­лар жос­пар­лан­ған.
    4. ТҚҚ по­ли­го­ны­ның ин­фра­құ­ры­лы­мын жақ­сар­ту бой­ын­ша ша­ра­лар жос­пар­лан­ған.
    1. Ауыл­дық округ­тер­де ком­му­нал­дық қал­дық­тар­ды жи­нау және шы­ға­ру­дың ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған жүй­е­сі­нің бол­мауы.
    2. Қал­дық­тар­ды бө­лек жи­нау жүй­е­сі­нің бол­мауы.
    3. Аудан­да­ғы қал­дық­тар­ды қай­та өң­деу және кә­де­ге жа­ра­ту жүй­е­сі­нің бол­мауы.
    4. Қал­дық­тар­ды бас­қа­ру мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша тұр­ғын­дар­дың эко­ло­ги­я­лық мә­де­ни­е­ті­нің тө­мен­гі дең­гейі.
    Мүм­кін­дік­те­рі
    Қа­уіп-қа­тер­ле­рі
    1. Ком­му­нал­дық қал­дық­тар­ды бас­қа­ру­дың ти­ім­ді жүй­е­сін құ­ру. 2. Қал­дық­тар­ды қай­та өң­де­уді және кә­де­ге жа­ра­ту­ды ұй­ым­да­сты­ру.
    3. Қал­дық­тар­ды бө­лек жи­нау және қал­дық­тар­ды бас­қа­ру мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша тұр­ғын­дар­дың эко­ло­ги­я­лық мә­де­ни­е­тін арт­ты­ру.
    4. Қал­дық­тар­ды бас­қа­ру бой­ын­ша ин­фра­құ­ры­лы­мын да­мы­ту үшін ин­ве­стор­лар­ды тар­ту.
    5. Қай­та­ла­ма ши­кі­заттың әр­түр­лі түр­ле­рі­мен жұ­мыс жа­са­уда за­ма­на­уи озық қол же­тім­ді тех­но­ло­ги­я­лар­дың бар бо­луы.
    1. Тү­зі­л­ген қал­дық­тар кө­ле­мі­нің ар­туы.
    2. Жи­нал­ған қал­дық­тар зо­на­сын­да­ғы сы­ни эко­ло­ги­я­лық жағ­дай­лар­дың пай­да бо­луы. 3. Үй­ін­ді ор­на­лас­қан зо­на­лар­да­ғы ат­мо­сфе­ра, то­пы­рақ, су ре­сур­ста­ры­ның ла­ста­нуы.
    4. Ұй­ым­да­сты­ры­л­ған үй­ін­ді­лер са­ны­ның ар­туы.
    Қалдықтарды басқару жүйесінің жай-күйінің күшті және әлсіз жақтарын талдау көрсеткендей, Байғанин ауданында күшті жақтарына қарағанда әлсіз тұстары басымдау, сол себепті, жақын арада коммуналдық қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құру үшін міндеттердің толық кешенін ше
    3. ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ НЫСАНАЛЫ КӨРСЕТКІШТЕРІ

    3.1 Мақсаты және міндеттері

    Бағдарлама мақсаты: Экологиялық заңнама талаптарына сәйкес Ақтөбе облысы Байғанин ауданы аумағындағы коммуналдық қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құру.

    Бағдарлама міндеттері:

    1. Коммуналдық қалдықтарды үнемі шығаруды ұйымдастыру.

    2. Коммуналдық қалдықтарды қауіпсіз көмуді қамтамасыз ету.

    3. Коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды алдын-ала қарастыратын қажетті инфрақұрылымды құру және қалыптастыру.

    4. ТҚҚ қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесін дамыту.

    5. Қалдықтарды бөлек жинау саласындағы, сонымен қатар, қалдықтарды жинау, кәдеге жарату және қайта өңдеудің ұтымды жүйесі туралы тұрғындардың мәдениеті мен қызығушылықтарын жоғарылату.

    3.2 Нысаналы көрсеткіштері

    Бағдарламаның нысаналы көрсеткіштері Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасының (ҚР-ның стратегиялық құжаты), сондай-ақ 2025-2027 жылдарға арналған Ақтөбе облысының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының талаптарына сәйкес айқындалған.

    Нысаналы көрсеткіштер Байғанин ауданындағы коммуналдық қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған (10-кесте).

    10-кесте – 2026-2030 жж Байғанин ауданындағы қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіруге арналған нысаналы көрсеткіштер

    п/п
    Нысаналы көрсеткіштер атауы
    Нысаналы көрсеткіштер мәндері
    Ағым­дық жағ­дай (2022-2024)
    2026
    2028
    2030
    1.
    ТҚҚ жи­нау және шы­ға­ру­дың ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған жүй­е­сі­мен тұр­ғын­дар­дың қам­ты­луы %
    30,4
    50
    70
    90
    2.
    Ком­му­нал­дық қал­дық­тар­ды бө­лек жи­на­уды ен­ді­ру:
    - фрак­ци­я­лар бой­ын­ша, %
    - қал­дық­тар­дың же­ке қа­уіп­ті түр­ле­рі бой­ын­ша (ме­ди­ци­на­лық және сы­на­бы бар, элек­трон­дық және тұр­мыстық) %
    0
    25
    50
    75
    3.
    ТҚҚ кә­де­ге жа­ра­ту және қай­та өң­деу үле­сі (тү­зі­лу кө­ле­мі­нен),
    0
    20
    30
    40
    4.
    Эко­ло­ги­я­лық және са­ни­тар­лық нор­ма­лар­ға сәй­кес ке­ле­тін жа­ңа по­ли­гон құ­ры­лы­сы, бір­лік­пен
    1
    1
    1
    1
    5.
    Тұр­мыстық қат­ты қал­дық­тар­ды жи­нау, кә­де­ге жа­ра­ту және қай­та өң­де­удің, со­ның ішін­де бө­лек жи­на­уды қо­са ал­ған­да ұтым­ды жүй­е­сі ту­ра­лы тұр­ғын­дар­дың ха­бар­дар­лы­ғын жо­ға­ры­ла­ту %
    40
    80
    100
    100
    Орталықтандырылған жүйе шеңберінде тұрғындарды ТҚҚ жинау және шығарумен қамту бойынша мақсаттық көрсеткіштер Қазақстан Республикасының стратегиялық құжаттарына сәйкес бекітілген.
    4. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ, ҚОЙЫЛҒАН МАҚСАТТАРҒА ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТИІСТІ ШАРАЛАР

    4.1 Елді мекенедерден коммуналдық қалдықтарды тұрақты түрде шығару ісін ұйымдастыру

    Барлық тұрғын пункттерден коммуналдық қалдықтар үнемі шығарып отыруды ұйымдастыру үшін қажет:

    - ТҚҚ жинау және тасымалдауды жүзеге асыратын тұрмыстық қатты қалдықтар нарығына қатысушыларды анықтау;

    - қалдықтарды тасымалдау бойынша қызметтерге төлем жинау және заңды тұлғалармен жариялық ұсыныс келісіміне отыру;

    - ТҚҚ жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге тарифтерді уақытылы және экономикалық негізделген түрде қайта қарастыру.

    ТҚҚ жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын тұрмыстық қатты қалдықтар нарығына қатысушыларды анықтау

    ТҚҚ жинау және тасымалдаумен айналысатын компанияны жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) конкурс (тендер) жүргізу арқылы анықтайды. ЖАО осы компаниялармен біріге отырып, ТҚҚ жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге бекітілген тарифтерге сәйкес, қалдықтарды тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерге төлем жинауды ендіру қажет. Тарифті уақытылы қайта қарастырып отыру ұсынылады.

    Экологиялық заңнама талаптарына сәйкес (367 б) ТҚҚ жинаудың орталықтандырылған жүйесі жергілікті атқарушы органмен ТҚҚ нарығына қатысушыларды анықтау мақсатында конкурс (тендер) жүргізу арқылы ұйымдастырылады. Конкурс тәсілі арқылы мемлекеттік сатып алулар «Мемлекеттік сатып алулар» туралы ҚР Заңының 4 бөліміне сәйкес жүзеге асырылады, мұнда ТҚҚ жинау және тасымалдау конкурсына қатысушыларға төменгі талаптар бекітілген:

    - қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінде тіркеуде бар болуы (ҚР ЭК 337 бабының талаптарына сәйкес);

    - жеке меншігінде спутниктік навигация жүйелерімен жабдықталған көлік құралдарының бар болуы және /немесе жалға алынуы;

    - жеке меншігінде көліктерді қоюға, сақтауға, оларға техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған жылытылатын өндірістік орындарының бар болуы және немесе жалға алынуы;

    - коммуналдық қалдықтарды шығару бойынша қызмет көрсететін білікті басқарушы және техникалық мамандардың бар болуы;

    - ТҚҚ жинау және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері сұрыптау кешеніне сұрыпталған қалдықтарды жеткізуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерімен келісім-шартқа отыруы керек немесе өз бетінше сұрыптауды жүзеге асыру керек;

    - ТҚҚ жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің қауіпті емес қалдықтарды қалпына келтіру және жоюды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерімен келісім-шарты болуы керек; сонымен қатар, құрамында қауіпті заттары бар коммуналдық қалдықтарды сұрыптау кешеніне жеткізу де келісім-шарт негізінде жүзеге асырылуы керек;

    - ТҚҚ жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері көмуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне қалдықтарды жеткізу кезінде полигон операторымен «қалдықтарды қабылдауға» арналған шарты болуы тиіс.

    Байғанин ауданы әкімдігі ТҚҚ жинау және тасымалдау жұмыстарын жүзеег асыратын компанияларды конкурстық (тендерлік) негізде айқындайтын болады. Осы компаниялармен ауылдық округтер мен аудан елді мекендерінен коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару қызметтерін көрсету тәртібі, шартары мен кестесі белгіленетін шарт жасалады.

    Коммуналдық қалдықтарды басқару бойынша келісім-шарттар ұзақ мерзімді (кемінде 5-10 жылға) болады, бұл ТҚҚ жинау және тасымалдау субъектілеріне өз қаражатын компанияларды дамытуға бағыттауға мүмкіндік береді. Компаниялардың қызмет нтижелеріне мониторинг жүргізу атқарылған жұмыстардың тиімділігі мен нәтижесін көруге және бағалауға мүмкіндік береді.

    Конкурстық (тендерлік) негізде іріктелген ТҚҚ жинау және тасымалдау компаниялары қалдықтарды елді мекендерден полигонға дейін жеткізу үшін оңтайлы тасымалдау бағыттарын әзірлеуі тиіс.

    Заңды тұлғалармен жариялық ұсыныс келісіміне отыру және қалдықтарды тасымалдау қызметтеріне төлем жинау

    ҚР ЭК 367 бабына сәйкес, тұрғын үйлерде тұратын жеке тұлғалар жариялық ұсыныс келісім негізінде орталықтандырылған жүйені пайдалануға және жергілікті атқарушы органмен бекітілген тарифке сәйкес қалдықтарды тасымалдау қызметтеріне төлем төлеуге міндетті.

    Коммуналдық қалдықтарды жинау және шығарудың орталықтандырылған жүйесін дұрыс ұйымдастыру (орнатылған контейнерлердің қажетті санының бар болуы, тендерді ұтып алған мамандандырылған компаниялармен қалдықтарды уақытылы шығару) қалдықтарды тасымалдау қызметіне төлем жинау жүйесін жақсартуға мүмкіндік береді. Аудан тұрғындары қалдықтарды жинау және шығарумен айналысатын мамандандырылған компаниялардың қызметіне уақытылы ақы төлеу қажеттілігі туралы ақпараттануы қажет.

    Байғанин ауданында ТҚҚ жинау және тасымалдау бойынша мердігер анықталғаннан кейін жеке тұлғалармен жариялық оферта шартын жасасу тәжірибесі енгізілетін болады. Жариялық оферта нысанындағы келісім арнайы компаниялардың веб-сайттарында, аудан әкімдігінің ресми сайтында және бұқаралық ақпарат құралдарында жария түрде қолжетімді болады. Жариялық шарттарды қолдаун ТҚҚ шығару қызметтері үшін төлем мен жинау көлемін арттырып, тұрғындар үшін ыңғайлы болуын қамтамасыз етеді. Осы шарттар негізінде төлемдер жиналатын болады.

    Жеке және заңды тұлғаларға мамандандырылған компаниялар қызмет көрсету үшін абоненттік бөліммен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, коммуналдық қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша қызмет көрсетудегі жедел сұрақтармен тұтынушыларға қызмет көрсету үшін диспетчерлік қызмет жұмысымен қамтамасыз етіледі.

    ТҚҚ жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтерін экономикалық тұрғыдан жүйелі қайта қарау

    Тарифтерді есептеуге негіз болатын «Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» құжаты. (Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 бұйрығы).

    Әдістемеге сәйкес тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге тарифтерді есептеу өзіндік құн арқылы жүргізіледі, мұнда, калькуляция баптары бойынша топтастырылған ТҚҚ жинауды, тасымалдауды, сұрыптауды және көмуді жүзеге асыратын нарық қатысушыларының нақты және/немесе нормативті шығындары көрсетіледі.

    Қызметтердің толық өзіндік құны ТҚҚ жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму бойынша жұмыстарды орындау шығындарының қосындысы, сонымен қатар, жалпы пайдалану және пайдаланудан тыс шығындардың қосындысы ретінде анықталады.

    Калькуляциялық бірліктің өзіндік құны ТҚҚ жинау және тасымалдау бойынша толық өзіндік құнды жиналған және шығарылған ТҚҚ көлеміне бөлу арқылы, ТҚҚ сұрыптау бойынша толық өзіндік құнды сұрыпталған ТҚҚ көлеміне бөлу арқылы, ТҚҚ көму бойынша толық өзіндік құнды көмілген ТҚҚ көлеміне бөлу арқылы анықталады.

    Калькуляция баптарынан көріп отырғанымыздай, тариф шамасы жылдан жылға өзгеріп отырады, себебі, жиналған, шығарылған, сұрыпталған, көмілген қалдықтардың көлемдік шамасы да өзгеріп отырады. Сол себепті, уақытылы индексация жүргізіп, тарифтерді қайта есептеу тұру қажет, бұл мамандандырылған компаниялардың экономикалық жай-күйінің төмендеп кетуінің алдын-алады.

    ҚР Экологиялық Кодексінде тарифтерді қайта қарастырудың нақты мерзімі көрсетілмеген, бірақ 2023 жылдың маусым айында ҚР бәсекені қорғау және дамыту Агенттігі мен ҚР ЭГТРМ бірлесе отырып, ТҚҚ басқару саласындағы бәсекені дамыту жөніндегі жол картасын қабылдады. Жол картасында 2 жылда 1 рет ТҚҚ жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтерін қайта қарау қажеттілігі көрсетілген.

    4.2 Коммуналдық қалдықтарды қауіпсіз көмуді қамтамасыз ету

    Жақын жылдары шешілуі тиіс басты міндет – Қарауылкелді ауылындағы ТҚҚ полигонын құрылыс, санитарлық және экологиялық нормаларға сәйкестендіру: Қарауылкелді ауылындағы ескі полигонды рекультивациялау; ауылдық елді мекендерге арналған жеңілдетілген рәсім бойынша жер учаскелеріне актілері бар ауылдық округтердегі ТҚҚ орналастыруға арналған алаңдарды полигон ретінде рәсімдеу, сондай-ақ бейберекет түзілген қалыптасатын ауылдық қоқыс тастайтын жерлерді жабу және рекультивациялау. Аудандағы қоқыс үйінділерінің көп болуы халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіреді.

    ТҚҚ полигонына арналған талаптар келесі құжаттарда көрсетілген: ҚР ЭК (25 бөлім), "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығы), ҚР СТ 3696-2020. Тұрмыстық-қатты қалдықтарға арналған аз қуатты полигондар. Талаптар. ҚР СН 1.04-15-2013 Тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған полигондар.

    ТҚҚ орналастыруға арналған жер учаскелеріне құқық белгілейтін құжаттары (жер актілері) бар орындар Қарауылкелді, Ащы, Қызылбұлақ, Сарытөбе, Жарқамыс және Миялы ауылдық округтерінде бар. Елді мекендер арасындағы қашықтықтың үлкен болуына байланысты аталған ТҚҚ орналастыру орындарының барлығын пайдалану қажет, алайда оларды ауылдық мекендерге арналған жеңілдетілген рәсім бойынша шағын полигондар ретінде рәсімдеу ұсынылады.

    Қажетті іс-шаралар:

    Қарауылкелді, Қосарал, Көкбұлақ, Кенжәлі, Жарлы, Қораши, Жыңғылдытоғай ауылдарынан қалдықтарды Қарауылкелді ауылындағы полигонға шығару.

    Ноғайты, Ебейті, Қопа, Айрық, Көптоғай ауылдарынан қалдықтарды Ащы ауылдық округтеріндегі (Ноғайты ауылы) полигонға шығару.

    Алтай батыр, Баршақұм, Шұқырши ауылдарынан қалдықтарды Сарытөбе ауылдық округіндегі (Алтай батыр ауылы) полигонға шығару.

    Жарқамыс, Ақтам, Қаражар ауылдарынан қалдықтарды Жарқамыс ауылдық округіндегі (Жарқамыс ауылы) полигонға шығару.

    Кемерши, Бұлақтыкөл, Жаңатаң ауылдарынан қалдықтарды Қызылбұлақ ауылдық округіндегі (Кемерши ауылы) полигонға шығару.

    Оймауыт, Миялы, Дияр ауылдарынан қалдықтарды Миялы ауылдық округіндегі (Миялы ауылы) полигонға шығару.

    Ұсынылған шығару кестесі – 2-қосымшада көрсетілген.

    Рекультивациялау, кезең-кезеңмен рекультивациялау және ауылдық қоқыс үйінділерінің жерлерін қалпына келтіру жоспарын әзірлеу

    Жер телімдері рәсімделмеген ауылдық үйінділердің аумақтарын кезең-кезеңмен рекультивациялау керек.

    Рұқсатсыз қоқыс төгілген полигондарды рекультивациялау бойынша техникалық шешімдер рекультивациялаудан кейін жер учаскесінің функционалдық мақсаты мен пайдалану түріне байланысты қабылданады.

    Апатты үйінділерді жою

    «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» геопорталы – космостық мониторинг бойынша Ақтөбе облысында 250 рұқсат етілмеген қалдық үйінділері анықталған. Олардың бір бөлігі жойылды, бірақ облыста, соның ішінде Байғанин ауданында апатты үйінділер қайтадан пайда болуда.

    Апатты үйінділердің түзілуі, оларды жою және болдырмау мәселелерін шешуге жергілікті мемлекеттік органдарды қоса алғанда, барлық мүдделі тараптарды тарту арқылы түбегейлі және шешуші әрекеттерді талап етеді. Байғанин ауданының әкімдігі экобелсенділермен және қоғамдық ұйымдармен апатты үйінділерді жедел айқындау және сауатты шешімдер қабылдау үшін тығыз өзара байланысты орнататын болады.

    Үйінділерді зарарсыздандырудың қолданыстағы жалпы қабылданған әдістемесі келесі кезеңдерді іске қосады: үйінділердің қауіптілік деңгейін анықтау; баламалы нұсқаларды таңдау; зарарсыздандыру және рекультивациялау технологияларын әзірлеу.

    Жаңа үйінділердің түзілуінің алдын-алу бойынша негізгі шаралар Байғанин ауданының тұрғындарын қалдықтарды жинау мен тасымалдау бойынша қызметтермен қамту және қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу бойынша шағын және орта бизнес субъектілерімен сауықтыру жұмыстарын жүргізу болып табылады.

    4.3 Қалдықтарды бөлек жинауды көздейтін қажетті инфрақұрылымды құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету

    Коммуналдық қалдықтарды жинау және ұнемі шығарып отыру қызметіне ауылдық тұрғындардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету керек:

    -Коммуналдық қалдықтарды жинау және үнемі шығарып отыру үшін мамандандырылған көлікті сатып алу;

    -ТҚҚ бөлек жинауды (құрғақ және ылғалды фракциялар үшін) ендіру үшін контейнерлер сатып алу;

    -ТҚҚ санитарлық-эпидемологиялық талаптарға сәйкес жинау үшін контейнерлік алаңдардың орнын анықтау және сәйкестендіру;

    -Ірікөлемді және құрылыс қалдықтарын жинауға арналған алаңдарды ұйымдастыру үшін орындарды анықтау;

    -Қауіпті құрамдас коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау.

    Коммуналдық қалдықтарды шығару үшін мамандандырылған көліктерді сатып алу

    -Коммуналдық қалдықтарды шығаруға арналған мамандандырылған көліктерді сатып алу қалдықтарды басқару жүйесін табысты қалыптастыруға бағытталған негіз болып табылады.

    -365 бапқа сәйкес (5т) ЖАО коммуналдық қалдықтарды үнемі шығаруды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. ТҚҚ уақытылы шығаруды ұйымдастыру үшін ТҚҚ тасымалдауға арналған арнайы жабдықталған көлік құралдары – қоқыс таситын көліктерді сатып алу қажет.

    Ауданда бір тәулікте шамамен 29,6 тонна немесе 133 м3 тұрмыстық қалдық жиналады, ал бір аптада – 207,6 тонна. Бір қоқыс таситын көліктің сыйымдылығы – 20-22 м3. Қалдықтарды күнделікті шығару үшін 6 қоқыс көлігін, ал аптасына бір рет кесте бойынша әр күні екі полигоннан шығару үшін кемінде 2 көлік сатып алу қажет.

    Қажетті мөлшердегі қоқыс көліктерінің болмауы қалдықтарды шығару кестесінің бұзылуына және тұрғындарға қолайсыздықтар туындауына әкелуі мүмкін. Сатып алынған көлік құралдары тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және тасымалдаумен айналысатын, конкурс (тендер) арқылы анықталған компанияның сенімгерлік басқаруына беріледі.

    Байғанин ауданыдағы коммуналдық қалдықтарды шығару бойынша ұсынылатын кесте:

    Қарауылкелді, Қосарал, Көкбұлақ, Кенжәлі, Жарлы, Қораши, Жыңғылдытоғай ауылдарынан қалдықтарды Қарауылкелді ауылындағы полигонға күн сайын шығару:

    Ноғайты, Ебейті, Қопа, Шұқырши ауылдарынан Сарытөбе ауылдық округінің (Алтай батыр ауылы) полигонына; Жарқамыс, Ақтам, Қаражар ауылдарынан Жарқамыс ауылдық округінің (Жарқамыс ауылы) полигонына; Кемерши, Бұлақтыкөл, Жаңатаң ауылдарынан Қызылбұлақ ауылдық округінің (Кемерши ауылы) полигонына; Оймауыт, Миялы, Дияр ауылдарынан Миялы ауылдық округінің (Миялы ауылы) полигонынан апта сайын шығару.

    Коммуналдық қалдықтарды тасымалдау шығындарын төмендету үшін бекітілген санитарлық және табиғатты қорғау талаптарына сәйкес қалдықтарды шығарудың төменгі жиілігі қабылданады.

    Бастапқы кезеңдерде ауылдық округтердегі коммуналдық қалдықтарды бекітілген кесте бойынша үйлерді, көшелерді аралау жолымен шығарылатын болады. Контейнерлік алаңдар мен контейнерлерді орнатқаннан кейін шығару контейнерлік алаңдардан жүзеге асырылады.

    Коммуналдық қалдықтарды тасымалдау барысында ыдыссыз әдісті қолдану: мамандандырылған көлік келгенге дейін, жергілікті әкімдікпен бекітілген кестеге сәйкес қоқыстарды жинайтын және тасымалдайтын (шығаратын) күндері ғана көше бойына санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес коммуналдық қалдықтарды шығару.

    Қоқыстарды шығару кестесі тұрғындардың көзқарастарын ескере отырып, жергілікті атқарушы органмен бекітілген коммуналдық қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша мамандандырылған ұйымдарды анықтағаннан кейін ғана құрылатын болады.

    Жылына жинақталатын қалдық санын анықтау үшін жиналған және шығарылған қалдық санына (күнсайын) есеп жүргізу керек.

    ТҚҚ бөлек жинауға (құрғақ және ылғалды фракциялар үшін) арналған контейнерлерді сатып алу

    Қалдықтарды бөлек жинау халықаралық тәжірибеде қалдықтарды басқару жүйесін табысты қалыптастырудың негізі және Қазақстанның экологиялық заңнамасының міндетті талабы болып табылады.

    Қалдықтарды бөлек жинау үдерісі «Қалдықтарды бөлек жинауға, оның ішінде техникалық, экономикалық және экологиялық орындылығы ескеріле отырып, міндетті бөлек жинауға жататын қалдықтардың түрлеріне немесе топтарына (түрлерінің жиынтығына) қойылатын талаптарды» бекіту туралы құжатында (техникалық, экономикалық және экологиялық орындылығын ескере отырып, міндетті бөлек жинауға жатқызылатын қалдықтардың топтарына (түрлер жиынтығы) немесе түрлерін, қалдықтарды бөлек жинауға талаптар. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 482 бұйрығы) нақтыланған.

    СТ 3780-2022 Қалдықтар. Алаңдарда қалдықтарды бөлек жинау үшін контейнер құрамын және коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру үшін контейнерлерді орнату алаңдарына жалпы талаптар бойынша:

    - Электрондық қалдықтарға арналған контейнерлер;

    - ҚСБ қалдықтарды жинауға арналған контейнерлер;

    - Қағаз және картон қалдықтарына арналған контейнерлер;

    - Батарея қалдықтарына арналған контейнерлер;

    - Тағам қалдықтарына арналған контейнерлер;

    - Шыныға арналған контейнерлер;

    - Пластик қалдықтарына арналған контейнерлер.

    Дегенмен, барлық түрлер үшін контейнерлерді орнату мүмкіндігінің болмауынан ҚСБҚ қоса алғанда қауіпті қалдықтарға арналған контейнерлерді қоспағанда «құрғақ» және «ылғалды» фракциялар үшін контейнерлерді орнатуға рұқсат етіледі.

    Байғанин ауданында қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру үшін әрбір қоқыс контейнері алаңына кемінде 2 контейнер (құрғақ және ылғал фракциялар үшін) сатып алып, орнату керек.

    «Ылғалды» фракция құрамы мен сипаты бойынша үй шаруашылығы қалдықтарына ұқсас араласқан, органикалық, тағамдық қалдықтардан тұрады.

    «Құрғақ» фракция қағаз, картон, металл, пластика және шыныдан тұрады.

    Контейнерлер саны тұрғындар санына, қалдықтардың жинақталу нормасына, сақтау мерзіміне және басқа да қажетті факторларға сәйкес анықталады.

    Қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлер заңнама талаптарына сәйкес қазақ және орыс тілінде таңбалануы (жазба) керек, онда мыналар көрсетілуі керек:

    -Жиналатын қалдық түрі (фракциясы) туралы ақпараттық жапсырма/жазба;

    -Контейнердің меншік иесі туралы мәліметтер (атауы, телефоны);

    -Контейнер қызмет көрсететін ұйым атауы.

    Егер де таңбалау түрлі-түсті контейнерге жапсырылатын болса, онда контрасты түспен орындалуы керек.

    Қажетті конейнерлер санын есептеу тұрғын үй түріне (абаттандырылған және абаттандырылмаған) қарамастан, бір адамға қалдықтардың жылдық түзілу нормасына (0,95м3) және Байғанин ауданының (әрбір елді мекен бойынша) тұрғындар санына сүйене отырып, бір контейнердің көлемі 1,1 м3 деп есептегенде жүргізілді – 1 қосымша.

    Болашақта (2027-2030 жж) 394 контейнерді, оның ішінде қалдықтарды күн сайын жинау үшін 68 контейнерді және апта сайын жинау үшін 326 контейнер орнату қажет. Қарауылкелді, Миялы және Дияр ауылдарында 31 контейнер орнатылған, енді 363 контейнер (182 – «құрғақ» фракциялар үшін, 181 – «ылғалды» фракциялар үшін) сатып алу қажет.

    Алдағы уақытта (2026ж) Қарауылкелді ауылында контейнерлік алаңдар мен контейнерлерді орнату қажет. Контейнерлердің есептік саны – 48. Орнатылды – 22. 26 контейнер сатып алу қажет (13 – «құрғақ» фракцияға және 13-«ылғалды» фракцияға арналған).

    ТҚҚ жинауға арналған контейнерлік алаңдардың орнын анықтау және олардың санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету қажет.

    Есептік контейнерлік алаңдар саны – 197 бірлік. Жақын арада Қарауылкелді ауылында 24 контейнерлік алаң орнату қажет.

    Контейнерлерді орнатқаннан кейін және қалдықтарды шығару кестесін бекіткеннен соң қоқыс шығаратын компания контейнерлердің толуы бойынша бақылау жүргізеді, қажет жағдайда контейнер санын толықтырып немесе шығару санын арттырып отыру керек. Қобда ауданының контейнерлік алаңдарын «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық талабына (ары қарай -ережелер) сәйкестендіру керек:

    - тұрғын пункттерде контейнерлік алаңдарды тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, балалар нысандарынан, спорттық алаңдардан және уақытша орналасуды қоспағанда (вахталық кенттер, тұрақты емес нысандар мен құрылыстар) тұрғындардың демалатын орындарынан 25 м кем емес қашықтыққа орналастырады;

    - алаң аумағы алаңға еркін кіретін жағына қарай қалыңдығы 100 м кем емес температуралық өзгеріске тұрақты қатты асфальтталған немесе бетондалған жабыны болуы керек;

    - периметр бойынша алаң үш жағынан жедел климаттық өзгерістерге және коррозияға тұрақты тұтас материалмен қоршалуы керек;

    - алаңның төртінші жағы басқарушы, қызмет көрсетуші ұйымдар мен тұрғындардың контейнерлермен жұмыс істеуге, қалдықтарды жинауға еркін енуіне мүмкіндік береді;

    - шатыр жедел климаттық өзгерістер мен коррозияға тұрақты тұтас материалдан дайындалады.

    Контейнерлердің меншік иесі ары қарай пайдалануға жарамсыз контейнерлерді жөндеп, алмастыруды ұйымдастырады, қоқыс қабылдайтын камераны, алаңдарды және қоқысқа арналған қоймаларды (контейнерлерді), сонымен қатар қалдықтарды жинауыштарды үнемі жуып, залалсыздандырып және дезинсекциялап (шыбын және басқаларға қарсы) отыруды қамтамасыз ететін шараларды қабылдайды.

    Ірі көлемді және құрылыс қалдықтарын жинауға арналған алаңдарды ұйымдастыру үшін орындарды анықтау

    Экологиялық заңнама талаптарына сәйкес ірі көлемді және құрылыс қалдықтарын шығаруды ҚР заңдылығына сәйкес мамандандырылған ұйымдар тұтынушының тапсырысы бойынша немесе тұтынушымен ірі көлемді қалдықтарды жинау алаңдарына өз бетінше жеткізуін қамтамасыз етеді.

    Қалдықтарды бөлек жинау талаптарында (ЭТРМ м.а. 2021 жылғы 2 желтоқсандағы №480 Бұйрығы, 19 тармағы), жергілікті атқарушы органдар жеке тұлғалардан (тұрғындардан) түзілетін құрылыс және ірі көлемді қалдықтар үшін 12м2 кем емес аумақта арнайы жабындысымен қоршауы бар орынды ұйымдастыруы керек деп айтылған.

    3780-2022 – «Қалдықтар. Контейнерлерді орнату алаңдарына жалпы талаптар» СТ сәйкес, коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру үшін жергілікті атқарушы органдар тұрғын пункттерде (үй жайларының, мекемелердің, мәдени-жалпы мекемелердің, демалыс орындарының және т.б. аумақтарында) жеке тұлғалардан (тұрғындардан) түзілген құрылыс және ірікөлемді қалдықтарды жинайтын 12 м2 кем емес аумақ орындарып анықтап, қоршауды ұйымдастыруы керек.

    Жылжымайтын нысандардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарын жүзеге асыратын заңды тұлғалар құрылыс және ірікөлемді қалдықтарды арнайы орындарға өз бетінше шығаруы керек немесе қоқыс шығаратын ұйымдармен келісім-шартқа отыруы керек.

    Ірікөлемді және құрылыс қалдықтарын қалдық түзушілермен келісім-шарты бар мамандандырылған компаниялар оларды орналастыру кезеңінен бастап, үш күннен артық емес мерзімде шығаруды жүзеге асырады.

    Заңнамаға сәйкес ірі көлемді қалдықтарды жинауға арналған арнайы алаңдарда коммуналдық қалдықтардың құрамына кіретін, өзінің тұтынушылық қасиетін жойған, пайдаланылған тұтынушылық тауарлар мен қораптардың қалдықтарын жинау орындарын ұйымдастыруға тиым салынады.

    Байғанин ауданының жергілікті атқарушы органдары мұндай қалдықтардың полигонға түсуінің алдын-алу мақсатында тұрғындардан ірі көлемді және құрылыс қалдықтарын жинауға арналған арнайы орындарды ұйымдастыруы керек.

    Қауіпті құрамдас коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау және кәдеге жарату

    Қауіпті құрамдас коммуналдық қалдықтар (электрондық және электрлік жабдықтар, құрамында сынабы бар қалдықтар, батарейкалар, аккумляторлар және басқа да қауіпті компоненттер) бөлек жинақталып, қайта қалпына келтірілуі үшін мамандандырылған кәсіпорындарға берілуі керек (ҚР ЭК 365 бабы).

    ҚР ЭК талаптарына сәйкес жергілікті атқарушы органдар қауіпті қалдықтардың басқа категорияларымен қауіпті қалдықтардың немесе басқа қалдықтармен, заттармен, материалдармен араласуының алдын-алу үшін қажетті шараларды қабылдауы керек және коммуналдық қалдықтармен жұмыс жасау бойынша инфрақұрылымды дамытуға жауапты болады.

    Құрамында сынабы бар қалдықтар (ҚСБҚ)

    Жергілікті атқарушы билік органдары аудан тұрғындардан ҚСБҚ жинау жүйесін ұйымдастыруы және мыналарды қамтамасыз етуі қажет:

    –тұрғындарда пайда болатын құрамында сынабы бар қалдықтарды жинау үшін орнатылатын арнайы әмбебап контейнерлерді орнатуды және оларға қызмет көрсетуді бақылау;

    – –кондоминиум нысандарын басқару органдарының қызметін бақылау және ұйымдастыру, олар арнайы әмбебап контейнерлерді сақтау жөніндегі шараларды қамтамасыз етуге, контейнерге қызмет көрсететін мамандандырылған кәсіпорынмен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға, оларға еркін қол жеткізуді қамтамасыз етуге, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, контейнерге бөгде заттарды сақтауға, контейнерге бөгде жарнамаларды, хабарландыруларды және т. б. жапсыруға жол бермеуге міндетті;

    – тұрғындар үшін үшін демеркуризациялау жөніндегі шаралар кешенін іске асыруға және ҚСБҚ-ға арналған контейнерлерді жөндеуге (ауыстыруға) мамандандырылған кәсіпорындардың жұмыстарын сатып алу үшін қаражат бөлу жолымен халық арасында пайдалануда болған құрамында сынабы бар энергия үнемдейтін шамдарды қайта өңдеуді ұйымдастыру.

    ҚСБҚ үшін контейнерлерді жөндеу (алмастыру) және тұрғындар үшін демеркуризация бойынша шаралар кешенін жүзеге асыруға мамандандырылған кәсіпорындардың жұмыстарын (қызметтерін) тарту үшін жергілікті атқарушы органдар конкурс (тендер) жүргізу керек (ҚР ЭК, «Мемлекеттік сатып алудар» туралы ҚР Заңы (4 бөлім), (коммуналдық қалдықтарды басқару ережелері. ҚР ЭГТРМ м.к. 2021 жылғы 28 желтоқсандағы №508 Бұйрығы)).

    Қазіргі уақытта Байғанин ауданында ҚСБҚ жинауға арналған арнайы әмбебап контейнерлер жоқ. Әрбір контейнерлік алаңға ҚСБҚ жинауға арналған контейнерлер орнату қажет. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар халықпен қалдықтарды бөлек жинаудың маңыздылығы мен артықшылықтары, сондай-ақ осы мақсатта орнатылған контейнерлердің тікелей белгіленуі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады.

    Электрондық және электрлік жабдық қалдықтары (ЭЭЖҚ)

    ЭЭЖҚ қауіпті қалдықтарға жатқызылады. Олардың құрамында кадмий, қорғасын, сурьма, сынап секілді уытты заттармен қосылыстар бар, олар адам денсаулығы мен қоршаған ортаға теріс ықпал етеді.

    Тұрғындардан ЭЭЖҚ жинау жүйесін ұйымдастыру келесідей шараларды қамтиды:

    - Батареялар, электронды және электр жабдықтары сияқты қауіпті тұрмыстық қалдықтарды жинайтын стационарлық немесе жылжымалы пункттер/пункттер құру. Қабылдау пункті көрсетілген тауарларды таратуды жүзеге асыратын сауда нүктелерінде құрылуы мүмкін..Қалдық ретінде қабылданатындар: тұрмыстық техника (теледидар, магнитофоны, электрлік ойыншықтар, үтіктер, батарейкалар, фен, тоңазытқышты қоса алғанда, асүй жабдықтары); офистік техника (компьютерлер және жабдықтауыштар, ұялы телефон, планшет, көшірме аппараттары, сканер, тонер).

    - Қалдықтарды қабылдаудың ұйымдастырылған пункттері туралы халықты хабардар етуді және олармен қауіпсіз жұмыс істеуді насихаттауды қамтамасыз ету.

    - Қалдықтарды жинауға және кәдеге жаратуға арналған шығыстардың бір бөлігін жабу мақсатында, өндірушінің кеңейтілген жауапкершілік операторының функцияларын жүзеге асыратын "Жасыл Даму" АҚ-мен ынтымақтастықты нығайту.

    Жергілікті атқарушы органдар электрондық қалдықтардың әсерінің қауіптілігі туралы және қалдықтарды жинау мен қайта өңдеудің қолданыстағы жүйесі туралы тұрғындармен ақпараттық жұмыстарды жүргізу қажет. ТҚҚ жалпы ағынымен полигондарға түскен электрондық және электрлік жабдық қалдықтарының маңызды салдарын тұрғындар әлі толық түсінбейді. Тұрғындарға пайдаланылған электрондық және электрлік жабдықтарды жинаудың қолданыстағы пункттері туралы ақпараттарды жеткізу керек.

    Заңды тұлғалардан қауіпті құрамдас коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау және қайта қалпына келтіру

    Қызметтің түріне қарамастан, заңды тұлғаларда пайда болатын қауіпті коммуналдық қалдықтарды бөлек жинап, мамандандырылған ұйымдарға (кәсіпорындарға) қалпына келтіруге беруі тиіс (ҚР ЭК 365 б).

    Жергілікті атқарушы билік органдары қауіпті қалдықтарды басқару жөніндегі қызметтерді көрсететін мамандандырылған кәсіпорындармен келісім-шартқа отыру қажеттілігі туралы аудандық заңды тұлғалармен (мемлекеттік мекеме, бюджеттік ұйымдар) түсіндірме жұмыс жүргізуі және осы үдерісті бақылауы қажет.

    Органикалық коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру және оларды қордаландыру арқылы қайта қалпына келтіру

    Органикалық қалдықтар – өсімдік және жануарлардың биоыдырайтын қалдықтары.

    ҚР ЭК 365 бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдар органикалық қалдықтарды бөлек жинауды тұрақтандыру және пайдалану арқылы коммуналдық қалдықтармен жұмыс жасаудағы экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуі керек.

    Органикалық қалдықтардан компост – энергия ретінде пайдалануға болатын органикалық тыңайтқыш алуға болады. Ол қоршаған ортаны ластамайды және табиғи циклдің құрамдас бөлігі болып табылады.

    Коммуналдық қалдықтарды басқару ережелерінде (19т) аудандық, кенттік, ауылдық, ауылдық округтің жергілікті атқарушы органдары тұрғындарға жеке тұрғын құрылысында (жеке сектор) органикалық қалдықтарды қордаландыру жөніндегі ақпараттық кампанияларды (хабарламаларды) жүргізуі қажет.

    Компосты алу технологиясының негізі компостау – қалдықтардың жедел бақыланып ыдырауы, нәтижесінлде биоорганикалық тыңайтқыш алынады. Сырт жағынан қарағанда, компост кәдімгі топыраққа ұқсас және әртүрлі салаларда пайдаланылуы мүмкін.

    Органикалық қалдықтарды қордаландыру үй жағдайында да, орталықтандырылған жүйеде де жүзеге асады. Үй шаруашылығында қордаландыруда қарапайым қордалау шұңқырын немесе арнайы қордаландырғыш аппараттарды пайдалануға болады. Түзілген компостты ауыл шаруашылық қажеттіліктеріне және егіс алаңдары үшін тыңайтқыш ретінде үй маңындағы учаскелерге және қалдықтарды уақытша көму орындарын рекультивациялауға пайдалануға болады.

    Мектептерде, асханаларда, ресторанда биоыдырайтын қалдықтардың үлкен бөлігі жинақталады және жанында қосалқы шаруашылығы бар болғандықтан, жекелей өз беттерінше қордаландыруды жүргізуге болады.

    Жергілікті атқарушы органдардың міндеттері заңды тұлғалар мен тұрғындар арасында компосты қолдану және органикалық тыңайтқыштарды пайдалану тәжірибесін насихаттау бойынша ақпараттық -түсіндірмелі жұмыстарды жүргізу болып табылады.

    4.4 Коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесін құру

    Байғанин ауданында коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесі жоқ. Оған қоса, ТҚҚ қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесі Ақтөбе облысында дамымаған.

    Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратумен Ақтөбе қаласында мынадай компаниялар айналысады: Комби ЖШС, КазВторКонтракт, ХХІ экологиялық технологиялар, Элит Холдинг, ЭкоВторТехРесурс, Таза Каргала, Актобе Таза Кала ЖШС, Қайталама қағазды қайта өңдеу зауыты, Eko Sin company, "Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу бойынша Ақтөбе зауыты» және т.б.

    Байғанин ауданының жергілікті атқарушы органдарының міндеті осындай облыстық қалдықтарды қайта өңдеу кәсіпорындарымен өзара іс-қимыл жасау, олармен қалдықтарды шығару, кәдеге жарату немесе қайта өңдеу бойынша келісімдер жасау болып табылады.

    Жергілікті атқарушы органдар коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және ұйымдастыру мүмкіндіктерін айқындау мақсатында аудан аумағында іс-әрекеттерін жүзеге асыратын барлық кәсіпорындармен және жергілікті бизнес-қауымдастық өкілдерімен өзара байланысуы керек.

    4.5 Коммуналдық қалдықтарды жинау, кәдеге жарату және қайта өңдеу, оның ішінде қалдықтарды бөлек жинау саласында тұрғындардың мәдениет деңгейін және қызығушылығын арттыру

    Қалдықтарды басқару үдерісі, соның ішінде қалдықтарды бөлек жинауға деген қызығушылық тұрғындардың экологиялық ағартушылық деңгейіне байланысты.

    Мұны экологиялық заңнама да талап етеді. Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрі м.а., «Коммуналдық қалдықтарды басқару ережелерін бекіту туралы» (ары қарай – Ереже) 2021 жылғы 28 желтоқсанындағы №508 Бұйрығына сәйкес ауданның, облыстық және аудандық мәндегі қалалар, республикалық мәндегі қалалар, астана, ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдары жеке тұрғын құрылыстардағы (жеке сектор) органикалық қалдықтарды қордаландыруды ендіру және коммуналдық қалдық компоненттерін (қағаз, пластика, органикалық қалдықтар және басқалары) рұқсатсыз жағудың алдын-алу, қайталама ресурстарды (шикізатты) бөлек жинауды қоса алғанда коммуналдық қалдықтарды жинау, кәдеге жарату және қайта өңдеудің ұтымды жүйесі туралы тұрғындарға ақпараттық кампанияларды жүргізеді.

    Жергілікті атқарушы органдардың жұмыстары БАҚ, теледидар тарапынан ақпараттық компанияларды, яғни, қалдықтардың теріс әсерінен қоршаған ортаны қорғау мәәселелеріне тұрғындардың қызығушылығын қалыптастыратын, қалдықтарды басқарудың экономикалық және экологиялық аспектілері туралы айтатын видеороликтерді құру, буклеттерді және басқа да ақпараттық материалдарды шығару және таратуды ұйымдастыру болып табылады. Оқу орындары арасында макулатураны жаппай жинау, конкурстарды, акцияларды жүргізу, мамандандырылған ұйымдармен тұрғындардан киімдерді, заттарды, тұрмыстық техниканы, батареяларды қабылдау тиімді болып табылады.

    Одан басқа, Байғанин ауданының әкімдігі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» (ары қарай Заң) Заң шеңберінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, соның бір бөлігі қоршаған ортаны қорғауды жүзеге асыру бойынша ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстарды жүргізуі қажет (5 бап).

    Осы Заңға сәйкес, үкіметтік емес ұйымдардың мәліметтер базасына (6-1б) енгізілген үкіметтік емес ұйымдар (ары қарай – ҮЕҰ) конкурстық таңдау арқылы коммуналдық қалдықтармен жұмыс жасау бойынша тұрғындармен ақпараттық жұмыстарды жүргізуге мемлекеттік гранттарды ұсынады.

    Грант алған ҮЕҰ тұрғындардың коммуналдық қалдықтармен жұмыс жасауы бойынша ақпараттық жұмыс жоспарын әзірлейді, оған келесідей қоғам топтары жатқызылады:

    - білім беру мекемелері: педагогикалық құрам, техникалық мамандар, оқушылар;

    - балабақша: тәрбиешілер мен балалар;

    - заңды тұлға: медициналық мекеме, мәдениет үйі, сауда орталықтары, дүкендер;

    - еріктілер, белсенділер тобы және ҮЕҰ;

    - жергілікті атқарушы орган қызметкерлері;

    - жұмыс істейтіндер.

    Ақпараттық жұмыс жоспары мыналардан тұрады:

    - бекітілген тарифке сәйкес ТҚҚ жинау және тасымалдау бойынша қызметтерге ақы төлеу, жариялық келісімдерге отыру туралы тұрғындарды ақпараттандыру;

    - Қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу тәсілдері туралы жергілікті БАҚ жариялау; Жергілікті газеттер мен журналдарға қалдықтармен дұрыс жұмыс істеу талаптарымен қалдықтарды басқарумен байланысты мәселелермен жұртшылықты таныстыруға бағытталған мақалаларды жариялау ұсынылады;

    - үйлерде тағамдық қалдықтарды қордаландыру туралы брошюроларды тарату;

    - жеке тұлғаларда (тұрғындар) түзілетін ҚСБҚ, ЭЭЖҚ, медициналық, құрылыстық және ірі көлемді қалдықтарды жинау үшін құрылған арнайы орындар туралы хабарлау;

    - пластик, шыны және макулатура үшін, бөлек жинау және үйдегі қалдықтарды сұрыптау тәртібін түсіндіретін мектептегі экологиялық акциялар;

    - коммуналдық қалдықтарды рұқсатсыз жағудың алдын-алу бойынша ақпараттандыру;

    - тұрғындардың экологиялық сапалы өмір сүруін қанағаттандыру деңгейін жоғарылату мақсатында жыл сайынғы әлеуметтік сауалнаманы жүргізу;

    -мектеп оқушыларын ТҚҚ полигонымен таныстыру;

    - қалдықтарды басқару бойынша іс-әрекеттерді қоғамдық бақылау және насихаттау мақсатында еріктілер клубын құру.

    Жергілікті атқарушы билік органдары аудан тұрғындарымен ақпараттық-ағартушылық жұмыстарды үйлестіріп, қоғамдық мекемелермен, ҮЕҰ тығыз байланыста жұмыс жасауы керек.

    5 . ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР

    Байғанин ауданының қалдықтарын басқару жөніндегі бағдарламасын қаржыландыру көздері мыналар болуы мүмкін:

    - мемлекеттік және жергілікті бюджет құралдары;

    - тікелей шетелдік және отандық инвестициялар;

    - ӨКЖ операторымен қалдықтарды жинау және тасымалдау жүйесін субсидиялау;

    - халықаралық қаржылық экономикалық ұйымдар мен донор мемлекеттердің гранттары;

    - екінші деңгейлі банк несиелері және Қазақстан Республикасының заңдылығында тиым салынбаған басқа да көздер.

    ҚР ЭК 29 бабына сәйкес ұсынылған бағдарламаны жүзеге асыруға және болжамды табиғатты қорғау шараларын орындауға кеткен қаржылық шығындар бюджеттік құрал есебінен жүзеге асыру жоспарлануда. Мұндай механизм Бағдарламаны әзірлеу және бекіту жылдарында үш жыл ішінде жергілікті бюджетке түскен қоршаған ортаға теріс әсер ету төлемдерінен пайдалануға мүмкіндік береді.

    Осы Бағдарламаны жүзеге асыру үшін алдын-ала есептелген қаржылық шығындар 159 млн теңгені құрайды (11-кесте).

    11-кесте – Байғанин ауданындағы қалдықтарды басқару бағдарламасын жүзеге асыруға қажетті алдын-ала есептелген қаржылық шығындар

    № р/н
    Іс-ша­ра­лар ата­уы
    Қа­жет­ті шы­ғын­дар, тең­ге
    1
    Қал­дық­тар­дың тү­зі­лу және жи­нақ­та­лу нор­ма­ла­рын қай­та қа­рас­ты­ру
    1 500 000
    2
    ТҚҚ жи­на­у­ға, та­сы­мал­да­у­ға, сұ­рып­та­у­ға және кө­му­ге та­риф­тер­ді эко­но­ми­ка­лық негіз­дел­ген және уа­қы­ты­лы қай­та қа­рау
    1 500 000
    3
    2 бір­лік кө­ле­мін­де ком­му­нал­дық қал­дық­тар­ды жи­на­у­ға және шы­ға­ру­ға ар­нал­ған ма­ман­дан­ды­ры­л­ған кө­лік­ті са­тып алу
    80 000 000
    4
    ТҚҚ «құр­ғақ» және «ылғал­ды» фрак­ци­я­ла­рын бө­лек жи­на­у­ға ар­нал­ған кон­тей­нер­лер­ді са­тып алу және ор­на­ту ( 363 бірл)
    32 670 000
    5
    Кон­тей­нер­лік алаң­дар­ды ор­на­ту (197 КА)
    39 400 000
    6
    Тұр­ғын­дар­дың ком­му­нал­дық қал­дық­тар­мен эко­ло­ги­я­лық қа­уіп­сіз жұ­мыс жа­сау ха­бар­дар­лы­ғын жо­ға­ры­ла­ту бой­ын­ша ҮЕҰ ара­сын­да әле­умет­тік тап­сы­рыс алу­ға кон­кур­стар жүр­гі­зу
    4 000 000
    БАР­ЛЫ­ҒЫ:
    159 070 000
    Ескерту: В расчетах приняты усредненные цены. Например, стоимость одного контейнера в данных расчетах принята за 90 000 тенге, одной контейнерной площадки – 200 000 тенге. Затраты могут отличаться от расчетных в зависимости от цен реализации контейнеров того или иного продавца. Согласно прайс листов компаний цены на контейнеры составляют от 40 000 тенге до 240 000 тенге.
    Есептеулерде орташа бағалар негізге алынды. Мысалы, осы есептеулердң бір контейнердің құны 90 000 теңге, бір контейнерлік алаңның құны – 200 000 теңге деп алынды. Шығындар нақты сатушылар ұсынған контейнерлердің бағасына байланысты есептік мәндерден ауытқуы мүмкін. Компаниялардың прайс-парақтарына сәйкес, контейнерлердің бағасы 40 000 теңгеден 240 000 теңгеге дейінгі аралықта.
    Байғанин ауданында қалдықтарды басқару бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шараларға облыстық әкімдікпен үшжылдық жобада қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралардың типтік тізбегін негізге ала отырып, заңнама талаптарына сай әзірленетін Ақтөбе облысының қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар жоспарын қосу керек (ҚР ЭК – 4-қосымша).
    Қалдықтармен жұмыс жасау бойынша іс-шараларға жататындар:
    - кез-келген қалдықтардың, соның ішінде иесіз қалдықтарды жинау, тасымалдау, зарарсыздандыру және қайта өңдеу бойынша технологияларды ендіру;
    - зауыттар, цехтар, өндірістердің құрылысы, қайта жөндеу, қондырғыларды алу және пайдалану;
    - қалдықтардың кез-келген түрлерін жинауға арналған полигондар;
    - қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта өңдеу, сұрыптау, кәдеге жарату және көму;
    - Екінші материалдық ресурстарын жинау және қайта өңдеу;
    қалдықтардан пайдалы компоненттерді алумен байланысты шикізатты немесе дайын өнімді алу бойынша;
    - қалдықтарды орналастыру және түзілу көлемін төмендетуге бағытталған технологиялық үдерістерді және жабдықтарды қайта жөндеу, жаңғырту.
    6. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
    Осы бағдарламаның мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру үшін Байғанин ауданының қалдықтарын басқарудың тиімді жүйесін құру жөніндегі іс-шаралар жоспары құрылды (2-қосымша).
    Жоспарда қажетті іс-шаралар, оны жүзеге асыру және аяқтауға қажетті уақытша шектеулер, іс-шараны орындауға жауаптылар және талап етілетін ресурстар анықталған. Іс-шаралар міндеттері бойынша топтастырылған және қалдықтарды басқарудың ең тиімді үлгісін құруға бағытталған. Іс-шаралар жоспарында күтілетін нәтижелерге қол жеткізу мақсатымен Бағдарламадағы барлық жауапты орындаушылардың жұмыстарын үйлестіру және қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта өңдеу мәселелері кешенді әдіспен қамтамасыз етілген.
    Мониторинг нәтижесінде қойылған мақсаттарға, мақсаттық көрсеткіштер мен міндеттерге қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда, іс-шаралар жоспарына түзетулер енгізілуі мүмкін. Осы жағдайда, басқа іс-шаралар анықталады және мәселелік сұрақтарды шешу бойынша іс-шараларды қабылдайды.
    Жоспарды жүзеге асыруға бағдарламаға тапсырыс беруші - «Байғанин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ жауап береді және олар келесі қызметтерді жүзеге асырады:
    1) Бағдарламаның барлық орындаушыларын үйлестіре отырып, Байғанин ауданы аумағындағы коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы міндеттерді шешуге бірыңғай орталықтандырылған кешенді әдісті қалыптастырып, қамтамасыз етеді;
    2) Бағдарламаны жүзеге асыруға облыстық бюджеттен субсидияны ұсыну бойынша СҚО атқарушы органдарымен өзара байланысады;
    3) Бағдарламаның іс-шараларын жүзеге асыру мәселелері бойынша ауданның ауылдық округтері әкімдіктерімен, жеке тұлғалармен, жеке кәсіпкерлермен өзара байланысады;
    4) Бағдарламаның іс-шараларын жүзеге асыруға мониторинг жүргізеді, қоғамдық кеңес мәжілісінде талқылау үшін мониторинг нәтижелерін шығарады;
    5) Бағдарламаға сәйкес өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы негізделген ұсыныстар арқылы бағдарламаның іс-шараларын жүзеге асыруға қажетті қаржылық құралдарына, мақсаттық көрсеткіштеріне, іс-шараларынаа түзетулерді жүзеге асырады;
    6) Бағдарламаны жүзеге асыру шараларын тексеру барысына қатысады;
    7) Байғанин ауданы әкімдігінің ресми сайтына негізгі Бағдарламаны және бағдарламаның іс-шараларын жүзеге асыру туралы ақпараттарды тіркейді.
    7. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ МОНИТОРИНГІ
    Мониторинг коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаның (ҚББ) жүзеге асырылуын бақылау мақсатында жүзеге асырылады.
    ҚББ жүзеге асуын бақылау коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға жауапты ЖАО бірінші басшысының орынбасарымен тұрақты түрде жүзеге асырылады.
    Мониторинг (бағдарламаның жүзеге асырылуын бақылау) ағымдық жағдайды жоспармен салыстыру үшін үздіксіз жүзеге асырылады. Мониторинг барысында жоспарланған іс-әрекетті және нақты мәліметтердің нәтижелері салыстырылады. Іс-шаралар мониторингі ресурстармен қаржыларды пайдалануды сонымен қатар аралық нәтижелерді қамтамасыз ету мен әрекетті жүзеге асыру қадағаланып отырады. Мониторинг нәтижелері бойынша өзгерістер енгізілуі мүмкін.
    Мониторинг нәтижелері бағдарламаны жүзеге асыру есебінде көрінеді. Есепте жүзеге асырылған шаралардың сипаттамасы, қол жеткізілген нәтижелер, жүзеге асыруға бағытталған қаржы құралдарының нақты көлемі, сонымен қатар, есепті кезеңдерде жоспарланған нәтижелердің болмауы және шаралардың орындалмау себептері көрінеді.
    Бағдарламаны жүзеге асыру мониторингі бойынша есептер барлық қызығушылық танытқан мүдделі тараптарға ұсынылады және Байғанин ауданы әкімдігінің интернет ресурстарында жарияланады. Аралық есеп- жарты жылда бір рет, яғни ағымдық жылдың 15- маусымына дейін, жылдық есеп келесі жылдың 30-қаңтарына дейін. Жылдық есеп алдыңғы жылдың қорытындысы бойынша жасалынады.
    8. КҮТІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМ
    ҚББ көрсетілген іс-шаралар Байғанин ауданы тұрғындарының денсаулығына және қоршаған ортасына қалдықтардың теріс әсерін төмендетуге жағдайлар жасауға бағытталған.
    Бағдарламада алдын-ала қарастырылған іс-шараларды жүзеге асыру аудандағы коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мақсаттық көрсеткіштердің орындалуына мүмкіндік береді.
    Бағдарламаны жүзеге асыру үдерісінде келесі міндеттер орындалатын болады:
    - қалдықтарды басқару саласындағы қажетті инфрақұрылым құрылады: ТҚҚ жинау және шығару үшін арнайы көлік сатып алынады, контейнерлер сатып алынады және орнатылды, контейнерлік алаңдар салынады.
    - Қалдықтарды бөлек жинау енгізіледі: бөлек жинауға арналған контейнер орнатылады, қауіпті құрамдас қалдықтарды (ҚСБҚ, ЭЭЖҚ, медициналық) жинау үшін нүктелер анықталады.
    - ТҚҚ жинау және тасымалдау бойынша компаниялар анықталады.
    - коммуналдық қалдықтарды 100% жинау және шығаруға қол жеткізеді.
    - коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесі құрылады.
    - көмуге бағытталған қалдықтар көлемі азайтылады.
    - санитарлық, құрылыстық және экологиялық талаптарға жауап беретін ТҚҚ полигондары құрылады;
    - қалдықтарды уақытша сақтауға арналған алаңдар құрылады;
    - апатты үйінділер жойылады;
    - тұрғындардың қалдықтарды бөлек жинауға қызығушылықтары артады және қалдықтарды басқару мәселелері бойынша хабардарлығы жоғарылайды.
    Бағдарламаның негізгі экономикалық тиімі тұтыну қалдықтарының қоршаған ортаға әсерін төмендету мүмкіндігі және экологиялық қауіпті жағдайлардың алдын-алумен қорытындылады.
    Бағдарламаның әлеуметтік тиімі Байғанин ауданы тұрғындарының экологиялық жағдайын сақтау және жақсарту болып табылады, бұл денсаулықты сақтауға, қоршаған ортаның ластағыш факторларының әсерінен туындайтын ауру қатерлерін төмендетуге мүмкіндік береді.
    1-қосымша
    Байғанин ауданындағы коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару ауқымын кеңейту мақсатында контейнерлер мен контейнерлік алаңдардың қажетті санын алдын-ала есептеу
    Байғанин ауданы үшін бір адамға қалдықтардың түзілуінің бекітілген нормасы – 0,95 м3 .
    Контейнер көлемі - 1.1 м3
    Қалдықтарды шығарудың ұсынылатын кестесі келесідей:
    Қарауылкелді, Қосарал, Көкбұлақ, Кенжәлі, Жарлы, Қораши, Жыңғылдытоғай ауылдарынан қалдықтарды Қарауылкелді ауылындағы полигонға күн сайын шығару:
    Ноғайты, Ебейті, Қопа, Шұқырши ауылдарынан Сарытөбе ауылдық округінің (Алтай батыр ауылы) полигонына; Жарқамыс, Ақтам, Қаражар ауылдарынан Жарқамыс ауылдық округінің (Жарқамыс ауылы) полигонына; Кемерши, Бұлақтыкөл, Жаңатаң ауылдарынан Қызылбұлақ ауылдық округінің (Кемерши ауылы) полигонына; Оймауыт, Миялы, Дияр ауылдарынан Миялы ауылдық округінің (Миялы ауылы) полигонынан апта сайын шығару.
    Ауыл/қа­ла ата­уы
    тұр­ғын­дар
    Қа­ла/ауыл­да­ғы тү­зі­лу, м3/жы­лы­на
    Қа­ла/ауыл­да­ғы тү­зі­лу, м3/кү­ніне
    Қа­ла/ауыл­да­ғы тү­зі­лу, м3/ап­та­сы­на
    Ап­та сай­ын шы­ғар­ған­да­ғы кон­тей­нер­лер са­ны
    Кон­тей­нер­лік алаң­дар са­ны
    Күн сай­ын­ғы шы­ғар­ған­да­ғы кон­тей­нер­лер са­ны
    Кон­тей­нер­лік алаң­дар са­ны
    Шы­ға­ру­ға ар­нал­ған по­ли­гон
    Күн сайын
    Қа­ра­уыл­кел­ді
    9808
    9317,6
    25,53
    178,7
    324
    162
    48
    24
    Қа­ра­уыл­кел­ді
    Қо­са­рал
    250
    237,5
    0,65
    4,55
    8
    4
    2
    1
    Қа­ра­уыл­кел­ді
    Көк­бұ­лақ
    241
    228,95
    0,63
    4,4
    8
    4
    2
    1
    Қа­ра­уыл­кел­ді
    Кен­ж­ә­лі
    61
    57,95
    0,16
    1,11
    2
    1
    2
    1
    Қа­ра­уыл­кел­ді
    Жар­лы
    1822
    1730,9
    4,74
    33,2
    60
    30
    10
    5
    Қа­ра­уыл­кел­ді
    Қо­ра­ши
    360
    342,0
    0,94
    6,56
    12
    6
    2
    1
    Қа­ра­уыл­кел­ді
    Жың­ғыл­ды­то­ғай
    22
    20,9
    0,06
    0,4
    2
    1
    2
    1
    Қа­ра­уыл­кел­ді
    БАР­ЛЫ­ҒЫ:
    68
    34
    Апта сайын
    Но­ғай­ты
    1334
    1267,3
    3,47
    24,3
    44
    22
    6
    3
    Но­ғай­ты
    Ебей­ті
    721
    684,95
    1,88
    13,1
    24
    12
    4
    2
    Но­ғай­ты
    Қо­па
    227
    215,65
    0,59
    4,14
    8
    4
    2
    1
    Но­ғай­ты
    Ай­рық
    66
    627,95
    1,72
    12,04
    22
    11
    4
    2
    Но­ғай­ты
    Көпто­ғай
    34
    32,3
    0,09
    0,62
    2
    1
    2
    1
    Но­ғай­ты
    Ал­тай ба­тыр
    750
    712,5
    1,95
    13,67
    26
    13
    4
    2
    Ал­тай ба­тыр
    Бар­ша­құм
    243
    230,85
    0,63
    4,43
    8
    4
    2
    1
    Ал­тай ба­тыр
    Шұқыр­ши
    55
    52,25
    0,14
    1,0
    2
    1
    2
    1
    Ал­тай ба­тыр
    Жар­қа­мыс
    1747
    1659,65
    4,55
    31,83
    58
    29
    10
    5
    Жар­қа­мыс
    Ақ­там
    11
    10,45
    0,03
    0,2
    2
    1
    2
    1
    Жар­қа­мыс
    Қа­ра­жар
    594
    564,3
    1,55
    10,82
    20
    10
    4
    2
    Жар­қа­мыс
    Ке­мер­ши
    866
    822,7
    2,25
    15,78
    30
    15
    4
    2
    Ке­мер­ши
    Бұ­лақ­ты­көл
    388
    368,6
    1,0
    7,0
    14
    7
    2
    1
    Ке­мер­ши
    Жа­ңа­таң
    415
    394,25
    1,08
    7,56
    14
    7
    2
    1
    Ке­мер­ши
    Ми­я­лы
    442
    419,9
    1,15
    8,05
    16
    8
    2
    1
    Ми­я­лы
    Ой­мауыт
    751
    713,45
    1,95
    13,68
    26
    13
    4
    2
    Ми­я­лы
    Ди­яр
    289
    274,55
    0,75
    5,27
    10
    5
    2
    1
    Ми­я­лы
    БАР­ЛЫ­ҒЫ:
    326
    163
    2-қосымша

    Байғанин ауданының 2026-2030 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын іске асыру бойынша іс- шаралар жоспары

    № р\н
    Іс-ша­ра­лар ата­уы
    Аяқ­та­лу ны­са­ны
    Орын­да­лу мер­зі­мі
    Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­лар
    Қа­жет­ті шы­ғын­дар, тг
    Қар­жы­лан­ды­ру көз­де­рі
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    Мақсаты - Экологиялық заңнама талаптарына сәйкес, Байғанин ауданының аумағындағы коммуналдық қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құру
    1-міндет. Барлық елді мекендерден коммуналдық қалдықтарды үнемі шығаруды ұйымдастыру
    1.1
    Кон­курс (тен­дер) жүр­гі­зу ар­қы­лы бар­лық тұр­ғын пункт­тер­де ком­му­нал­дық қал­дық­тар­ды жи­нау және шы­ға­ру бой­ын­ша қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі, шар­ты және кесте­сі көр­се­ті­л­ген ке­лі­сім-шар­тқа оты­ру ар­қы­лы ТҚҚ жи­нау және та­сы­мал­дау бой­ын­ша ком­па­ни­я­лар­ды анық­тау
    Ке­лі­сім-шарт
    2026-2027
    Аудан әкім­ді­гі
    -
    Та­лап етіл­мей­ді
    1.2
    Қал­дық­тар­дың тү­зі­лу және жи­нақ­та­лу нор­ма­ла­рын қай­та қа­рас­ты­ру
    Аудан­дық мәс­ли­хат ше­ші­мі
    2027, 2029
    Аудан әкім­ді­гі
    1 500 000
    Жер­гі­лік­ті бюд­жет
    1.3
    Тұр­ғын­дар­дың көз­қа­рас­та­рын ес­ке­ре оты­рып, ел­ді­ме­кен­дер­ден ком­му­нал­дық қал­дық­тар­ды шы­ға­ру кесте­сін әзір­леу және ке­лі­су
    Кесте
    2026-2027
    Аудан әкім­ді­гі, ел­ді­ме­кен­дер әкім­ді­гі, ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ком­па­ни­я­лар
    -
    Та­лап етіл­мей­ді
    1.4
    ТҚҚ жи­нау және та­сы­мал­дау қыз­мет­те­ріне бе­кі­ті­л­ген та­риф­тер бой­ын­ша ТҚҚ жи­на­удың ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған жүй­е­сін пай­да­ла­на­тын же­ке тұ­лға­лар­дан тө­лем жи­нау жүй­е­сін ұй­ым­да­сты­ру
    Аудан әкім­ді­гі­нің ақ­па­ра­ты
    2026-2030
    ТҚҚ та­сы­мал­да­уды жү­зе­ге асы­ра­тын ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ком­па­ния
    -
    Та­лап етіл­мей­ді
    1.5
    ТҚҚ жи­на­у­ға, та­сы­мал­да­у­ға, сұ­рып­та­у­ға және кө­му­ге та­риф­тер­ді эко­но­ми­ка­лық негіз­дел­ген және уа­қы­ты­лы қай­та қа­рау
    Аудан­дық мәс­ли­хат ше­ші­мі
    2027, 2029
    Аудан әкім­ді­гі
    1 500 000
    жер­гі­лік­ті бюд­жет
    1.6
    Аудан әкім­ді­гі­нің сай­ты­на, ин­тер­нет-ре­сур­стар­ға бек­ті­іл­ген бағ­дар­ла­ма­ны жүк­теу
    Сайт­та ҚББ жүк­теу
    2026
    Аудан әкім­ді­гі
    -
    Та­лап етіл­мей­ді
    1.7
    ҚББ жү­зе­ге асы­ру мо­ни­то­рин­гі
    Мо­ни­то­ринг нәти­же­ле­рі бой­ын­ша есеп­ті­лік
    Жы­лы­на 2 рет
    Аудан әкім­ді­гі
    -
    Та­лап етіл­мей­ді
    2-міндет. Коммуналдық қалдықтарды қауіпсіз көмуді қамтамасыз ету
    2.1
    ТҚҚ/қал­дық­тар­ды кө­му орын­да­ры­ның қол­да­ны­с­та­ғы по­ли­гон­да­ры­на та­лап­тар­ды бір­рет­тік/уа­қыт­ша же­ңіл­де­ту та­лап­та­ры бой­ын­ша қал­дық­тар­ды кө­му орын­да­рын рә­сім­деу
    Жер учас­ке­сін бө­лу
    2026-2027
    Ел­ді­ме­кен­дер әкім­ді­гі
    -
    жер­гі­лік­ті бюд­жет
    2.2
    Ауыл­дық үй­ін­ді­лер­дің жер­ле­рін ке­зең­дік ре­куль­ти­ва­ци­я­лау және қай­та қал­пы­на кел­ті­ру.
    Қа­был­дау ко­мис­си­я­сы­ның ак­ті­сі
    2027-2030
    Ел­ді­ме­кен­дер әкім­ді­гі
    Ре­куль­ти­ва­ция жос­па­ры әзір­лен­ген­ненн кей­ін со­ма­сы есеп­те­ле­тін бо­ла­ды.
    жер­гі­лік­ті бюд­жет
    3-міндет. Қалдықтарды бөлек жинауды алдын-ала қарастыратын қажетті инфрақұрылымды құру және оның жұмыс істеуі
    3.1
    2 да­на ком­му­нал­дық қал­дық­тар­ды жи­нау және шы­ға­ру­ға ар­нал­ған ма­ман­дан­ды­ры­л­ған кө­лік­ті са­тып алу
    Қа­был­дау-өт­кі­зу ак­ті­сі
    2026-2028
    Аудан әкім­ді­гі
    80 000 000
    Жер­гі­лік­ті бюд­жет, об­лы­стық бюд­жет
    ӨКІМ опе­ра­то­ры
    3.2
    ТҚҚ «құр­ғақ» және «ылғал­ды» фрак­ци­я­ла­рын бө­лек жи­на­у­ға ар­нал­ған кон­тей­нер­лер­ді са­тып алу және ор­на­ту (24 бірл.)
    Қа­был­дау-өт­кі­зу ак­ті­сі
    2026-2028
    Аудан әкім­ді­гі, Қа­ра­уыл­кел­ді ауыл­дық әкім­ді­гі
    32 670 000
    Жер­гі­лік­ті бюд­жет
    3.3
    Кон­тей­нер­лік алаң­дар­ды та­лап­тар­ға сәй­кестен­ді­ру (197 КА)
    Қа­был­дау-өт­кі­зу ак­ті­сі
    2026-2028
    Қа­ра­уыл­кел­ді ауыл­дық әкім­ді­гі, ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ком­па­ни­я­лар
    39 400 000
    Жер­гі­лік­ті бюд­жет
    3.4
    Қа­уіп­ті құ­рам­дас ТҚҚ бө­лек жи­нау және қал­пы­на кел­ті­ру­ді ұй­ым­да­сты­ру
    Ке­лі­сім-шарт
    2026-2030
    Аудан әкім­ді­гі, ел­ді­ме­кен­дер әкім­дік­те­рі
    -
    Част­ные ин­ве­сти­ции
    3.5
    Ор­га­ни­ка­лық ком­му­нал­дық қал­дық­тар­ды бө­лек жи­на­уды, со­ның ішін­де қор­да­лан­ды­ру ар­қы­лы қал­пы­на кел­ті­ру­ді ұй­ым­да­сты­ру
    Есеп­ті­лік
    2026-2027
    Аудан әкім­ді­гі, ел­ді­ме­кен­дер әкім­дік­те­рі, ҮЕҰ
    -
    Биз­нес
    3.6
    Құ­ры­лы­стық және ірі кө­лем­ді қал­дық­тар­ды жи­нақ­та­у­ға ар­нал­ған алаң­дар­ды анық­тау
    Әкім­дік ақ­па­ра­ты
    2026-2027
    Аудан әкім­ді­гі
    -
    Жер­гі­лік­ті бюд­жет
    4-міндет. Коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесін дамыту
    4.1
    Аудан­да ком­му­нал­дық қал­дық­тар­ды қай­та өң­деу ны­сан­да­рын құ­ру­ға мүм­кін­дік­тер мен қызығ­у­шы­лық­тар­ды ай­қын­дау бой­ын­ша жер­гі­лік­ті биз­нес-қа­уым­да­стық өкіл­де­рі­мен ЖАО өза­ра бай­ла­ны­суы
    Аудан әкім­ді­гіне ақ­па­рат
    2026-2027
    Аудан әкім­ді­гі, ел­ді­ме­кен­дер әкім­дік­те­рі
    -
    Та­лап етіл­мей­ді
    4.2
    Ақ­тө­бе об­лы­сын­да ор­на­лас­қан қал­дық­тар­ды қай­та қал­пы­на кел­ті­ру­мен ай­на­лы­са­тын ма­ман­дан­ды­ры­л­ған кә­сі­по­рын­дар­мен өза­ра бай­ла­ны­су, қал­дық­тар­ды шы­ға­ру, кә­де­ге жа­ра­ту және қай­та өң­деу бой­ын­ша ке­лі­сім­ге оты­ру
    Аудан әкім­ді­гіне ақ­па­рат
    2026-2027
    Аудан әкім­ді­гі, ел­ді­ме­кен­дер әкім­дік­те­рі
    -
    Та­лап етіл­мей­ді
    5-міндет. Коммуналдық қалдықтарды жинау, кәдеге жарату және қайта өңдеу, соның ішінде қалдықтарды бөлек жинаудың ұтымды жүйесіне халықтың қызығушылықтарын және мәдени деңгейін жоғарылату
    5.1
    Ком­му­нал­дық қал­дық­тар­мен эко­ло­ги­я­лық қа­уіп­сіз жұ­мыс іс­те­уде тұр­ғын­дар­дың ха­бар­дар­лы­ғын жо­ға­ры­ла­ту бой­ын­ша ҮЕҰ ара­сы­нан мем­ле­кет­тік әле­умет­тік тап­сы­рыс алу­ға кон­курс жүр­гі­зу
    ҮЕҰ мем­ле­кет­тік әле­умет­тік тап­сы­рыс ту­ра­лы ке­лі­сім-шарт
    2026
    2028
    Аудан әкім­ді­гі
    2 000 000
    2 000 000
    Мест­ный бюд­жет
    5.2
    ТҚҚ бас­қа­ру бой­ын­ша тұр­ғын­дар­дың ха­бар­дар­лы­ғын және эко­ло­ги­я­лық мә­де­ни­е­тін жо­ға­ры­ла­ту: ақ­па­рат­тық кам­па­ни­я­лар, ақ­па­рат­тық ма­те­ри­ал­дар мен ви­део­ро­лик­тер әзір­леу, тұр­ғын­дар­мен кез­де­су жүр­гі­зу, сен­бі­лік­тер, мек­теп оқу­шы­ла­ры ара­сын­да­ғы ерік­ті­лік клуб­тар­ды құ­ру, жер­гі­лік­ті БАҚ жа­ри­я­ла­ным­дар және т.б.
    Орын­дал­ған жұ­мыстар­дың ак­ті­сі
    2026-2030
    Аудан әкім­ді­гі, ел­ді­ме­кен­дер әкім­дік­те­рі, ҮЕҰ
    мем­ле­кет­тік әле­умет­тік тап­сы­рыс шең­бе­рін­де ҮЕҰ-мен бө­лін­ген бюд­жет
    5.3
    Тұр­ғын­дар­да­ғы ки­ім, зат, тұр­мыстық тех­ни­ка, ба­та­ре­я­ны ма­ман­дан­ды­ры­л­ған кә­сі­по­рын­дар­дың қа­был­да­уы, оқу бі­лім­де­рі ара­сын­да ма­ку­ла­ту­ра­ны жап­пай жи­нау үшін кон­кур­стар, ак­ци­я­лар жүр­гі­зу
    Есеп­ті­лік
    Үш ай­да бір рет
    Аудан әкім­ді­гі, ел­ді­ме­кен­дер әкім­дік­те­рі
    мем­ле­кет­тік әле­умет­тік тап­сы­рыс шең­бе­рін­де ҮЕҰ-мен бө­лін­ген бюд­жет
    * Қажетті шығындар мен қаржыландыру көздері бойынша шығыстардың мөлшерлемелері тиісті қаржы жылына арналған, қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес, республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту мен нақтылауды ескере отырып түзетілетін болады.
    3-қосымша
    Байғанин ауданындағы қалдықтарға арналған ТҚҚ үйінділерінің, контейнерлік алаңдарының, контейнерлерінің жай-күйін бағалау
    Қа­ра­уыл­кел­ді ауы­лын­да­ғы кон­тей­нер­лер қор­шал­ма­ған және қай­та­ла­ма ши­кі­за­тқа ар­нал­ған кон­тей­нер/тор­лар жоқ.
    Ұсы­ны­стар:
    Кон­тей­нер алаң­да­ры «Өн­ді­ріс және тұ­ты­ну қал­дық­та­рын жи­на­у­ға, пай­да­ла­ну­ға, қол­да­ну­ға за­рар­сыздан­ды­ру­ға, та­сы­мал­да­у­ға, сақ­та­у­ға және кө­му­ге қой­ы­ла­тын са­ни­тар­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық та­лап­тар­да бел­гі­лен­ген са­ни­тар­лық ере­же­лер­ге сәй­кес ке­луі ти­іс.
    -Алаң пе­ри­мет­рі бой­ын­ша үш жа­ғы­нан күрт кли­мат­тық өзге­рі­стер мен кор­ро­зи­я­ға тө­зім­ді тұ­тас ма­те­ри­ал­мен қор­ша­луы ти­іс;
    - Алаң­ның төр­тін­ші жа­ғы кон­тей­нер­лер­ді қыз­мет көр­се­ту­ге, қал­дық­тар­ды жи­на­у­ға ар­нал­ған және бас­қа­ру­шы, қыз­мет көр­се­ту­ші ұй­ым­дар мен тұр­ғын­дар­дың ер­кін кі­ру­ін қам­та­ма­сыз етуі ке­рек, сон­дай-ақ кө­лік­ке ар­нал­ған кі­ре­бе­ріс жол­да­ры бо­луы қа­жет;
    - Ша­ты­ры күрт кли­мат­тық өзге­рі­стер мен кор­ро­зи­я­ға тө­зім­ді тұ­тас ма­те­ри­ал­дан жа­са­луы ти­іс.
    Қол­да­ны­с­та­ғы кон­тей­нер­лер ескі, тат бас­қан, май­ы­с­қан, тех­ни­ка­лық тұр­ғы­дан жа­рам­сыз және сый­ым­ды­лы­ғы аз. Ұсы­ны­сдар: «Ылғал» және «құр­ғақ» фрак­ци­я­лар үшін кө­ле­мі 1,1 м³ бо­ла­тын жа­ңа кон­тей­нер­лер­ді са­тып алып, ор­на­ту қа­жет.
    СТ 3780–2022 «Қал­дық­тар. Ком­му­нал­дық қал­дық­тар­ды бө­лек жи­на­уды ұй­ым­да­сты­ру­ға ар­нал­ған кон­тей­нер алаң­да­рын ор­на­ла­сты­ру­ға қой­ы­ла­тын жал­пы та­лап­тар» стан­дар­ты­на сәй­кес, қал­дық­тар­ды бө­лек жи­на­у­ға ар­нал­ған алаң­да­ғы кон­тей­нер­лер­дің құ­ра­мы мы­на­дай бо­луы ти­іс:
    кон­тей­нер­лер­дің түр­ле­рі:
    элек­трон­дық қал­дық­тар­ға ар­нал­ған кон­тей­нер;
    қай­та­ла­ма ши­кі­затты (ҚШ) жи­на­у­ға ар­нал­ған кон­тей­нер;
    қа­ғаз және кар­тон қал­дық­та­ры­на ар­нал­ған кон­тей­нер;
    ба­та­ре­я­лар (эле­мент­тер) қал­дық­та­ры­на ар­нал­ған кон­тей­нер;
    та­ғам­дық (ор­га­ни­ка­лық) қал­дық­тар­ға ар­нал­ған кон­тей­нер;
    шы­ны қал­дық­та­ры­на ар­нал­ған кон­тей­нер;
    пла­сти­ка­лық қал­дық­тар­ға ар­нал­ған кон­тей­нер.
    Кон­тей­нер­лер­дің бар­лық тү­рін ор­на­ту мүм­кін­ді­гі бол­ма­ған жағ­дай­да, қа­уіп­ті қал­дық­тар, оның ішін­де қай­та­ла­ма ши­кі­зат (ҚШ) кон­тей­нер­ле­рін қо­с­па­ған­да, «құр­ғақ» және «ылғал­ды» фрак­ци­я­лар­ға ар­нал­ған кон­тей­нер­лер­ді ор­на­ту­ға рұқ­сат еті­ле­ді.
    Бай­ға­нин ауда­нын­да қал­дық­тар­ды бө­лек жи­на­уды ұй­ым­да­сты­ру үшін әр­бір кон­тей­нер ала­ңы­на ке­мін­де 2 кон­тей­нер (құр­ғақ және ылғал­ды фрак­ци­я­лар бой­ын­ша) са­тып алып, ор­на­ту қа­жет.
    Қа­ра­уыл­кел­ді ауы­лы­нан 3 ша­қы­рым жер­де ор­на­лас­қан қа­зір­гі по­ли­го­ны са­ни­тар­лық, құ­ры­лыс және эко­ло­ги­я­лық нор­ма­лар­ға сәй­кес кел­мей­ді.
    Әр түр­лі түр­де­гі, оның ішін­де қа­уіп­ті қал­дық­тар ор­на­ла­сты­ры­л­ған. Қал­дық­тар жел ар­қы­лы үл­кен қа­шық­тық­тар­ға та­ра­лып жа­тыр.
    Ұсы­ны­стар:
    Жа­ңа по­ли­гон са­лын­ған, алай­да ол әлі жұ­мыс іс­те­мей­ді. Жа­ңа по­ли­гон­ның жұ­мысын мүм­кін­ді­гін­ше тез іс­ке қо­су қа­жет, ал ескі по­ли­го­нын тер­ри­то­ри­я­сын ре­куль­ти­ва­ци­я­лау ке­рек.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Эко­ло­ги­я­лық ко­дек­сі­нің та­лап­та­рын орын­дау мін­дет­ті, яғ­ни қа­уіп­ті қал­дық­тар по­ли­гон­дар­ға кө­му­ге жат­пай­ды, олар бө­лек жи­на­лып, қай­та өң­деу және за­лал­сыздан­ды­ру үшін ар­найы кә­сі­по­рын­дар­ға тап­сы­ры­луы ти­іс.
    Аудан­ның бар­лық ел­ді ме­кен­де­рін­де заң­сыз (сти­хи­я­лық) қо­қыс тө­ге­тін орын­дар пай­да бо­лу­да.
    Ұсы­ны­стар:
    Қал­дық­тар­ды тек қат­ты тұр­мыстық қал­дық­тар­ды (ҚТҚ) ор­на­ла­сты­ру­ға бө­лін­ген ар­найы алаң­дар­да ға­на ор­на­ла­сты­ру қа­жет;
    Ауыл­дық округ­тер­де ҚТҚ ор­на­ла­сты­ру алаң­да­рын жер учас­ке­ле­ріне қа­ты­сты заң­ды ак­ті­ле­рі бар жер­лер ре­т­ін­де қа­ра­пай­ым (же­ңіл­де­ті­л­ген) схе­ма бой­ын­ша по­ли­гон­дар ре­т­ін­де рә­сім­деу;
    Заң­сыз қо­қыс тө­ге­тін орын­дар­ды жою және сол жер­лер­ді қай­та қал­пы­на кел­ті­ру (ре­куль­ти­ва­ци­я­лау) қа­жет.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.