Байғанин ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2026 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10 - тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін 2026 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелері болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітілсін.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Байғанин аудандық мәслихатының төрағасы
М. Сержан
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.