Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 25 желтоқсан 2025 ж.
«Республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1210 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1210 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің тізбесінде:
реттік нөмірлері 11, 12 және 13-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
11
|
Энергетика қызметі
|
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі
|
|
12
|
Радиациялық қорғау қызметі
|
Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі
|
|
13
|
Жанар-жағармай материалдары қызметі
|
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі
»;
реттік нөмірі 17-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
|
17
|
Байланыс қызметі
|
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
О. Бектенов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.