Қарғалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 13 наурыздағы № 136 «Қарғалы ауданында бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесін төмендету туралы» шешімінің күшін жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабына, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 13 наурыздағы № 136 «Қарғалы ауданында бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолданған кезде салық мөлшерлемесін төмендету туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8528-04 болып тіркелген) күшiн жойды деп танылсын.
2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қарғалы аудандық мәслихатының төрағасы
С. Аманжолов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.