«Ақтөбе қаласында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Ақтөбе қалалық мәслихатының 2024 жылғы 8 ақпандағы № 145 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Ақтөбе қаласында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Ақтөбе қалалық мәслихатының 2024 жылғы 8 ақпандағы № 145 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8501 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. «Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе қалалық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Ақтөбе қалалық мәслихатының төрағасы
А. Даржанова
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.