Павлодар қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 22 қыркүйектегі «Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттарын айқындау туралы» № 1425/2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 25 желтоқсан 2025 ж.

    Павлодар қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 22 қыркүйектегі «Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттарын айқындау туралы» № 1425/2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Павлодар қаласы әкімдігінің «Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттарын айқындау туралы» 2025 жылғы 22 қыркүйектегі № 1425/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 214496 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:

    қала әкімдігі қаулысының қосымшасында:

    10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «10. Қала бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақыларды төлеу үшін жиынтық қажеттілік Павлодар қалалық мәслихатының шешімі бойынша белгіленеді.»;

    12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «12. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ынталандырушы үстемеақыларды төлеу бойынша есептерді ұсынумен қосымша бюджет қаражатына қажеттілікті қалыптастырады және бюджеттік өтінімді бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жолдайды.».

    2. «Павлодар қаласы экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

    Павлодар қаласының әкімі

    Х. Хабылбеков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.