Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 23 желтоқсан 2025 ж.
Бородулиха аудандық мәслихатының шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Бородулиха аудандық мәслихатының «Бородулиха ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» 2024 жылғы 24 қазандағы № 23-3-VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 359-18 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Бородулиха аудандық мәслихат төрағасы
С. Урашева
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.