«Қызылорда облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 23 қазандағы № 334 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 12 желтоқсан 2025 ж.

    «Қызылорда облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 23 қазандағы № 334 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Қызылорда облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 23 қазандағы № 334 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4539 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қызылорда облысы әкімінің міндетін атқарушы

    Д. Жаналинов

    Қызылорда облысы әкімдігінің

    2025 жылғы «12» желтоқсандағы

    № 231 қаулысына қосымша

    Қызылорда облысы әкімдігінің

    2013 жылғы «23» қазандағы

    № 334 қаулысына қосымша

    Қызылорда облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып белгіленген карантиндік аймақ

    Әкімшілік-аумақтық бірлік атаулары
    Барлық залалданған аумақ, гектар
    Оның ішінде карантиндік объектілердің түрлері бойынша, гектар
    жатаған (қызғылт) кекіре
    арам сояулар
    калифорниялық қалқаншалы сымыр
    қауын шыбыны
    1.
    Арал ауданы
    85,5
    7,5
    0
    5
    73
    2.
    Қазалы ауданы
    266,505
    4
    34,005
    8,5
    220
    3.
    Қармақшы ауданы
    416,76
    15
    273,26
    8,5
    120
    4.
    Жалағаш ауданы
    1189,02
    40
    958,02
    9
    182
    5.
    Сырдария ауданы
    497
    20
    304
    5
    168
    6.
    Шиелі ауданы
    838
    75
    95
    8
    660
    7.
    Жаңақорған ауданы
    1243
    35
    843
    10
    355
    8.
    Қызылорда қаласы
    99,9
    0
    71,9
    11
    17
    Барлығы
    4635,685
    196,5
    2579,185
    65
    1795

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.