Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 22 желтоқсан 2025 ж.
Атырау ауылдық округі аумағында шектеу шараларын тоқтату туралы
«Қазақстан Республикасындағы «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының, 8-тармағы негізінде және Атырау облысы Атырау қалалық аумақтық инспекциясы басшысының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 08-5/673-И ұсынысы бойынша, Атырау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атырау ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 19 қарашадағы № 481 шешімімен белгіленген шектеу шаралары ветеринариялық іс-шаралар кешені толықтай жүргізілуіне байланысты тоқтатылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енгізілсін.
Атырау ауылдық округінің әкімі
Н. Халмурзин
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.