Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 желтоқсан 2025 ж.

    Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 117-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына осы бұйрықтың көшірмесін жолдауды

    2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Министр

    А. Шаққалиев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ауыл шаруашылығы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Денсаулық сақтау министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық экономика министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Стратегиялық жоспарлау және стратегиялық реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы

    бұйрығына қосымша

    Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі

    Р/с №
    Та­у­ар­дың ата­уы
    1
    2
    1
    Бі­рін­ші сорт­ты би­дай ұны
    2
    Бі­рін­ші сорт­ты би­дай ұны­нан жа­сал­ған нан (пі­шін­ді)
    3
    Рож­ки
    4
    Қа­ра­құ­мық жар­ма­сы (дән)
    5
    Та­зар­ты­л­ған кү­ріш (до­ма­лақ дән­ді)
    6
    Кар­топ
    7
    Ас­ха­на­лық сә­біз
    8
    Ба­сты пи­яз
    9
    Ақ қа­удан­ды қы­рық­қа­бат
    10
    Қы­за­нақ («шие», «жү­зім» сорт­та­ры­нан бас­қа)
    11
    Қи­яр («кор­ни­шон­дар»сор­ты­нан бас­қа)
    12
    Ал­ма
    13
    Ақ қант – құм­ше­кер
    14
    Күн­ба­ғыс майы
    15
    Сүй­е­гі бар сиыр еті
    16
    Сүй­ек­сіз сиыр еті
    17
    Тар­ты­л­ған ет
    18
    Қой еті, оның ішін­де сүй­ек­сіз
    19
    Жыл­қы еті, оның ішін­де сүй­ек­сіз
    20
    Жа­ңа аулан­ған, сал­қын­да­ты­л­ған және мұз­да­ты­л­ған ба­лық (та­бан, мөң­ке, көк­сер­ке, тұқы, са­зан)
    21
    Та­уық еті (та­уық жам­ба­сы, си­ра­ғы, сан еті)
    22
    Та­уық (ұша­сы)
    23
    Май­лы­лы­ғы 2,2-6% па­стер­лен­ген, уль­т­ра па­стер­лен­ген, за­рар­сыздан­ды­ры­л­ған сүт дәм­дік қо­с­па­ла­ры жоқ (лак­то­за­сызды қо­с­па­ған­да)
    24
    Май­лы­лы­ғы 2-3 % ай­ран (лак­то­за­сызды қо­с­па­ған­да)
    25
    Қай­мақ (лак­то­за­сызды қо­с­па­ған­да)
    26
    Май­лы­лы­ғы 5-9% сүз­бе (лак­то­за­сызды қо­с­па­ған­да)
    27
    Май­лы­лы­ғы 40-50% қат­ты, жар­лы­тай қат­ты ірім­шік
    28
    Са­ры май (тұз­дал­ма­ған, май­лы­лы­ғы 72,5%-дан 80%-ға дей­ін, то­лық­тыр­ғы­штар және өсім­дік май­ла­ры жоқ)
    29
    Та­уық жұ­мырт­қа­сы (I са­нат­ты)
    30
    Қа­ра шай (дәм­дік қо­с­па­ла­ры жоқ, па­кет­тел­ген­дер­ден бас­қа)
    31
    Ac тұ­зы («Экс­т­ра»-дан бас­қа)

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.